
Ұлтарақ Ақтүбітұлы
Бұл ағаш теңене арғы атамыз Ұлтарақ батырдан бізге дейін жеткен тәбәрік. Қызайлар Тоқтабарлықта тұрғанда 1860-1865 жылдары Шәуешек қаласында Цин өкіметіне қарсы Бор батыр мен Қоңыз батыр (Құрбан қажы) басшылығындағы көтеріліске қызайларда қатысқан.Оған бір дәлел ретінде Байеке болыстың мансаптан қалуына себепкер болған мына бір тарихи жағдай да дәлелдеп береді.
Бір де Іле генарал мекемесінің тарбағатайдағы іс басқармасының жауаптысы Чи Лүн Байеке болыспен ренжісіп қалып, оны болыстықтан қалдырудың сылтауын бір реткі съезде:
– Сен үкіметіміздің Шәуешектегі қорғаныс орнына Бай Ян Ху (Бор батыр) мен Қоңыз батырды айдап салып, бүлік тудырмаппа едің Қалық атты қазақтардың ішінде төңкерісшілерді бастап, «Аылайлап, қызайлап» шапқандағы дауысың әлі менің құлағымда жаңғырып тұр. Цин хандығына қарсы бүліккее қатысқансың, сені жазалаймын», – деп жасауылдарына бұйрық беріп, Байекені абақтыға жаптырады. Кейін Құдайменде төре, Сасан, Бұқаш, Шанту, Шыде, Сыламжан қатарлы ел ағалары ұлықпен тілдесіп, пара беріп, Байекені түрмеден шығарып алады. Міне, бұл деректе қызайлардың шәешек көтерілісіне қатысқанын айғақтайды. Ео арсында бұдан өзгеде талай қызық әңгіме бар. Бірақ, оны білетін көнекөздердің көбі бүгін өмірден өтіп кетті.
Сол көтеріліске бабамыз Ұлтарақ батырда қатысып, талай шепті бұзып, ерлігімен танылғаны анық. Сол жорықтарда бабамыз Қаракерейдің Анданас (Андас депте аталады) батырымен үзеңгі соғыстырып, құшақ айқастырған дос болыпты. Кейін Анданас батыр жорықта жүріп, Цин әскерлерімен жалғыз өзі шайқасып жүргенде, абайсызда құйға батып, қапысыз қайтыс болады. Сол достығының құрметіне бір баласының атын Андас деп қоямын деп серт еткен екен. Сол есім маған бұйырыпты. Сол соғыста жүргенде бабамыз бұл ағаш тегененң Шәуешектегі бір ағаш шеберіне жасатқан екен. Бала кезімізде тегененмен қатар шөміші, саптаяғы, тағы да басқа ағаш ыдыстар болушы еді. Мәдени төңкеріс кезінде бір реткі үйді тінту кезінде осы тегене ғана аман сақталып қалды. Оның да себебі бар еді. Жарықтық шешеміз тұрмысқа сәл ұқыпсыздау адам болды. Сол күні тегенге құйған айраны ашып кетіп, оын дер кезінде жуудан ерініп, әкем түскі асқа келіп-кеткенше жасыра тұрмақ болып, тегенені ат қорға апарып, бетін шөппен бастырып қоя салады. Тінтушілер бұны көрмей қалады. Кейін тығып, жасырып, осы күнге жеткіздік. Бір қызығы бұл тегененің бояуы осы күнге дейін әлі сол қалпын бұзған жоқ.
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755
Q-Andas ақпарат












[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]
[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]
[…] Қазақ Qazaq توتە جازۋ Русский English […]