Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

admin
2025/11/28
Қасиетті жерлер
0
Сөк сұлтан Абылайханұлы

Сөк сұлтан АБЫЛАЙХАНОВТЫҢ кесенесі Талдықорған қаласынан 7 шақырым жерде орналасқан.

Бізге жеткен деректерге сәйкес,  хан Абылай бастаған Қазақ елі, атажұрт Жетісуды жоңғардан босатқан соң, ел біртіндеп, осында қайта қоныстана бастады. Абылайхан сол тұста өз балаларын жан-жақтағы елдерге (көбіне сол елдердің игі-жақсыларының сұрауымен) жіберіп отыру саясатын ұстанған. Ханның бұл көрегендігі бар қазақты біріктіруге арналып, сол заманға сәйкес, өте оң нәтижесін көрсетті. Ондай жерлерге барған ұрпақтары елмен тез арада ағайын-туыс, құда-жегжат болып, бар қазақты басқаруға оңтайлы болды.

Жетісу еліне алдымен үлкен ұлдарының бірі, Уәлимен бір анадан, яғни, қарақалпақ бегі Сағындықтың қызы Сайман Ханымнан туған Абылай атынан Цин империясына аманат-елші болып барған, Ташкенттен бастап бар Үйсін, яғни, Ұлы жүз елін басқарған, талай шайқастарға да қатысқан Әділ сұлтанды жіберген. Бұл сұлтанға Цин империясы да оң қарап, өз тарапынан үлкен дәрежелі «Гун» атақ-шенін берген.

Абылай хан қайтқан соң, Қоқан хандығы нығайып, жергілікті қазақтармен бақталастық күшейген, соның арты көтеріліс-соғысқа алып келіп, «тәшкендіктер» Жүніс қожаның бастауымен қазақтарды ығыстырып шығарды. Сол кездердегі қақтығыстарда, Әділ Сұлтан 1815 жылы Ташкент түбінде опат болды деген ойдамын. Тағы бір деректе 1820 жылы Мерке түбінде делінеді, алайда, сол кездегі оқиғаларды саралай келе, бірінші дерек тура деп есептейміз). Міне, сол Әділдің ұлдары (орыс деректерінде он, қытай деректерінде он екі, қазақ шежірелерінде тағы екі-үшеуінің есімі қосылады) Ташкент түбінен ығысып келіп,  Жамбыл, Алматы облыстарының жеріне ие болды. Іле өзенінің сол жағындағы Албан (бір бөлігі), Дулат, Ысты, Ошақты, Шапырашты, Сіргелі т.б. руларды (көбіне Әли Әділұлы Сұлтан, орысша Али (Гали) Адылов) басқарып тұрды. 1846 жылғы Лепсі өзенінің бойындағы орыс билігінің қысымымен өткен съезде, Ұлы жүздің аға сұлтаны және майор шені берілді. Осы қаулыда Сөк Төренің де қолы, мөрі бар (Румянцев, Аткинсон).

Іле өзенінің оң жағынан Талдықорған өңіріне дейінгі аралықтағы Албан (бір бөлігі), Жалайыр, Шапырашты (бір бөлігі), Суан (бір бөлігі), Қарақалпақ, Түрікпен, т.б. руларына Әділ ұлдары Абылай (Құлан), Ералы, Нұралы (Тезек Төренің әкесі), Мамырхан, Төлек, Бегалы, Тінәлі т.б. сұлтандар төрелік етті.

Ел аузындағы деректерге сүйенсек, Жалайыр елінің игі-жақсылары ханнан өздеріне төрелікке осы Сөкті сұрап алған екен, хан оларын мақұл көріп, онымен бірге бір анадан туған, Сығай, Тағай сұлтандарды қоса жіберген. Сығай мен Тағай кәдімгідей ержетіп қалған кездері болса, Сөк өте жас бала болған. 1825 жылғы Зибберштейн және кейінгі архивтік құжаттарға, оған қоса, ауызекі әңгімелерге сүйенсек, Сығай сұлтан да (жатқан жері Лабасы тауының Алмалы мекенінде) ел басқаруға белсенді араласқан, кейінгі ұрпақтарының бірі Ханқожа, ұлы Тәжі сұлтан, болыстықтар құрылғанда «Тау Жалайыр» болысында басшы болып, елді жинастырып, «Мырза-Қарашапан» руларының биі болған кісі. Ал Тағай сұлтанға келсек, көбіне інісі Сөктің қасында өмір сүрген. Жатқан жері Жалғызағаш-Биғаш ауылының маңы деген сөз бар.

Сөк Төре (азан шақырып қойған аты – Сүйік, орысша құжаттарда Сюк Аблайханов) Абылайханұлы, ел айтқандай 52 жыл бойы Жалайыр, Шапырашты (бір бөлігі) руларына төрелік етті. Ел аузында «…Шүйіркелескің келсе Сөкке бар… Тентек көпке көнеді, көпке көнбесе Сөкке көнеді…» деген мәтелдердің кейіпкері болған, елге Сөк атымен танымал болған.

Деректер бойынша Сөк Төре, Абылайханның қайтарының алдында туған кенже ұлы (зерттеушілер 1779-1853…55 жылдар дегенді көрсетеді). Яғни, туған жылы екі-үш жыл бұрынырақ болуы мүмкін десек, ұзақ өмір сүріп, сексен-сексеннен асқан шағында қайтыс болған. Аткинсонның 1850 жылдары салған суретінде де ол кісі қарт адам екені көрініп тұрды, кей зерттеушілер қасындағы үш әйелі және ұлы деседі. Сөк Төре туралы «Алаш» көсемі Әлихан Бөкейханның архивінен табылған, тарихшыларға беймәлім мағлұматтар келтірген арнайы мақаласы бар дегенді бір жерден оқыған едім.

Сөк Төренің заманы Жетісу тарихындағы ең бір драмаға толы ауыр уақыт дер едік. Шығыстан Цин империясы «бұл жерлер біздің жер» деп, жылда әскер шығарып, жергілікті қазақтардан жалдық ақы жинап отырған. Іленің сол жақ қанаты Қоқан хандығына қарап қалған және содан кейін Цин империясының Шығыс Түркістандағы мұсылман көтерілістеріне байланысты әлсірегенін пайдаланып, Іленің оң жағалауын да игермекке ұмтылыды. Солтүстіктен Ресей Аягөзден Ілеге дейінгі жерлерге «Сыртқы округ» салып, өз қарамағына алмақшы ниеті, тағы басқа саяси оқиғалар қабаттасып тұрған кез. Сондай-ақ, Семей-Ыстықкөл-Бұқара-Құлжа бағытындағы керуен жолдары осы жерлерден өтетіндіктен сауда қатынасы жақсы дамып, ел, мал шаруашылығымен қоса, кен игеру, егіншілік, қолөнер, аңшылық т.б. кәсіптерді игерудің жанталас таласы жүріп жатқан тұс. Бұл Әділ ұрпақтары арасындағы бақталастықты тудырды. Соның әсерінен 1818 жылы, Сөк Төре Ұлы жүзді де, Орта жүз сияқты Орыс патшасының қарамағына алуды сұраған. Оны патша Александр қолдап, 1819 жылдары Көксу-Қаратал өзендері бойында бекіністер де салынған. Алайда, Цин империясының ноталық қарсылықтарынан кейін 1825 жылдары ол бекініс құрылыстар бұзылып, алынып тасталған.

…Кенесары Хан опат болған соң, Қазақтың тәуелсіздік арманы да желге ұшты. Орыс Билігі енді ешкіммен де санаспайтынын білдіріп, Сыртқы округтер, уездер ашып, зеңбіректерін сүйреткен қарулы  әскерін қаптатып, қарашекпендерін әкеп, қазақтың ең шұрайлы жерлеріне (өздерін құмға, тақырға қуып) қоныстандыра бастады. Мұнысын «қазақты Қоқанның езгісінен құтқару үшін» деп миымызға құйды.

Сөк Төренің өмір дерегі Аткинсонның жазбаларында жиі ұшырайды. Алайда 1858 жылы Шоқанның Сөк ұлы Жанғазыны көргені туралы  жазғанда, Сөк Төре аталмайды, соған қарағанда Сөк Төре 1853-55 жылдары қайтыс болған. 1863 жылғы Қытай-Қазақ-Орыс соғысына Сөк, әсіресе, Сығай сұлтанның ұрпақтары Тезек төре бастаған қолда белсенділік, ерлік көрсетіп, орыс өкіметі тарапынан марапаттарға ие болғаны анық.

Сөк төре Талдықорған әуежайынан солтүстікке қарай 5-6 шақырымдай жерде, «Дауылбай» тауының етегінде, Сарыбұлақ өзенінің бойында жатыр. Кейінгі кезде ұрпақтары атынан әжептәуір қомақты мәрмар тастан жазуы бар ескерткіш қойылған.

Бұл дерек өлкетанушы-журналист, Тезек төренің ұрпағы Азамат Ақылбековтың жазбасынан реттелді.

Дереккөз: «Өткені ерен, келешегі кенен ЕРКІН» кітабынан алынды.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 73
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

February 2, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

December 1, 2025
Хангелдіұлы Бейсен би
Қасиетті жерлер

Хангелдіұлы Бейсен би

November 20, 2025
Үлпілдек Дарабоз ана
Қасиетті жерлер

Үлпілдек Дарабоз ана

November 17, 2025
«Үйтас» петроглифтері
Қасиетті жерлер

«Үйтас» петроглифтері

November 17, 2025
Кызылжар: истории ценные страницы
Қасиетті жерлер

Кызылжар: истории ценные страницы

November 4, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz