Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар

Артыма ата Мирас, тарих қалсын

admin
2026/01/05
Арнайы жобалар, Бейнефильм, Галерея
0
Артыма ата Мирас, тарих қалсын

Көрнекті жазба ақын Доспер Сауырықұлы 1894 жылы Қытай Халық Республикасының Іле аймағы, Нылқы ауданына қарасты Қарасу ауылының Жалынқол қыстағында дүниеге келген. Әкесі Сауырық, үлкен атасы Есірке өңірге танылған ауқатты адамдар болған. Доспер он бір жасқа толғанда әкесі қайтыс болып, оны анасы Тақия ағалары Досымқан, Садықпен бірге тәрбиелеп өсіреді.

Алғашқы сауатын ауылдағы діни мектепте ашқан Доспер екі жыл оқығаннан кейін өздігінен іздену арқылы араб және парсы тілдерін меңгереді. Жасынан халық өлеңдері мен ел тарихына қызығушылық танытып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жүйелі түрде үйренумен айналысады. Он бес жасында ауыл мешітінде имамдық қызметке тағайындалады. Кейін Әли заңгі мен Нұрсапа ақалақшылардың хатшысы болып, ел басқару ісіне араласып, уақыт өте келе тәйжі және заңгілік мансаптарды атқарады.

1944 жылдан бастап Әкбар-Сейіт бастаған Нылқы өңіріндегі ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысады. Үш аймақ төңкерісшіл өкіметі құрылғаннан кейін Құлжадағы баспасөз орындарында қызмет атқарып, кейін Нылқы аудандық жер-су мекемесінің бастығы болады. Азаттықтан соң аудандық саяси кеңестің мүшелігіне сайланып, өткір сөзімен, елге әсерлі насихатшы ретінде көзге түседі.

Ақынның творчестволық жолы 1940 жылдардан басталады. Ол азаттық кезеңінде де көптеген өлең, толғау, айтыс, мысалдар мен көлемді дастандар жазған. Шығармаларының едәуір бөлігі сол уақыттағы мерзімді басылымдарда жарық көрген. 1947 жылы «Төңкеріс таңы» газетінде тілші қызметін атқарады.

1959 жылдан бастап саяси қысымға ұшыраған Доспер Сауырықұлы өмірінің соңғы кезеңін ауыр жағдайда өткізеді. 1971 жылы туған ауылында науқастанып дүние салады.

 

АҚЫН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖАЙЛЫ АЛҒАШҚЫ ОЙ

Талай ғасырдың табанымен тапталып өткен тозаңды жерден табылған сап алтынның әлі кетпек жарқ-жұрқ етіп көздің жауын алғаны сияқты, арғы ата бабаларымыздың ақылия сөздері мен ақындарымыздың өрнекті өлеңдері өмірмен қоса ажарланып, көркейіп, заманмен бірге жаңаланып келеді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы» деп ойшыл ақын Абай айтқандай:
Жасымнан жазып едім өлең-жырды,
Ел білер өлеңімнен ішкі сырды.
Арғы атам Есенкелді ел бастаған,
Уақтында Орта жүзге болған үлгі.
Хан, төре Абылайдың ақылшысы,
Бір сырлы, адам екен сегіз қырлы.
Жасынан ержеткенше еңбек етіп,
Алланың салғанына мойынсұнды.
Ел үшін жауға қарсы атойлаған,
Ақылды, әйгілі екен әрбір түрлі.
Соғысып Жоңғария хандығымен,
Өткізді неше дәуір айғай-шуды.

Хан Абылай, ер Қабанбай уақытында,
Талай-талай шешенді сөзбен буды.
Әкесі Құдайназар жаудан өлген,
Дұшпанға бергенінше кегі тұрды.
Бесінші сол бабамының немересі —
Түсімде бата берген ақын Шылбы.

Сол түсті көрдім анық он бесімде,
Болмайды осы түске сенбесіме.
«Жазушы болыпсың, балам, өлең жаз!» — деп,
Түсімде айтқан сөзі келді есіме.
Мінекей, содан бері өлең жаздым,

Болжам жоқ сөзден мұқтаж теңдесіме.
Әр іске талаптанса ықыласпен,
Алла жәрдем етеді пендесіне.

Менің дағы сол бабамның ұрығы едім —
Жетінші ұрпағы боп туып едім.
Сом алтын бабалардай болмасам да,
Азырақ шашыраған сынығы едім.
Бабамды ауызға алып жазайын сөз,
Жария болсын көпке жырым менің. –       деп жырлаған ақын Досбер жырлары да солардың бір тармағы.

Досбер Саурықұлы 1894 – жылы Іле аймағы Нылқы ауданының Жалынқұл деген жерінде дүниеге келіп, осы өңірде есейіп ержеткен. Әкесі Саурық, ұлы әкесі Есірке ауқатты адам болған. Досбер 11 жасқа келген жылы әкесі Саурық дүние салады да, шешесі Тақия деген адам ілінері Досымқан, Садық үшеуін молда жалдап алып, үйде көнеше оқытқан. Молдаға мойынсал болмаған Досбер оқуға құнт қоймайды. Сөйте жүріп екі жылға таяу уақытта ептеп сауатын ашады. Бір күні ол молдаға:

Молда емессің, соқырсың,
Зікір айтып зарлаған.
Жаназа оқып өлгенге,
Підия алып жалмаған.
Шариғат жолы мынау деп,
Халықты жалған алдаған.
Кедей өлсе үйіне,

«Бауырымдап» бармаған.
Аттана шауып бай өлсе,
Өтірік жылап зарлаған.
Қирағаттап құранды,
Қарасына оқып зарлаған.
Көз бояушы, жалғаншы,
Көпшілік сені қарғаған.

Қысы-жазы бау салып,
Іледен балық қоймадың.
Қылтанаққа қақалып,
Қарның шығып тоймадың, – деген өлең жазып қалдырады да, «енді мен оқымаймын» деп, Саурықтың інісі Есірдің ауылына кетіп қалады. Ізінше молда да үйіне қайтады. Ол қаршадайынан-ақ араб, парсы тіл-жазуын өздігінен үйрене бастайды. 15 жасында ауыл медресесінің молдасы болады. Балалардың үлкені болғандықтан, үй жұмысы да оны туралата береді. Сөйтсе де, ел қатарынан қалмай, Әлі зәңгі мен Нұрсапа ақалақшыға хатшы болады. Ержете келе тайжы және зәңгілік мансаптарға отырады. Бала жасынан өлең-жырға әуестеніп, ел тарихын, халық аңыз-ертегілерін қазаққа тән шежірешіл қасиетпен жинап, зерттейді. Бірсыпыра әдеби, тарихи кітаптарды оқиды. Ол мұнымен ғана тынбай, басқа ұлттар әдебиетін де беріле зерттеп үйренеді.

1944 жылы басталған Нылқы көтерілісінің алғашқы жетекшілері Ақбар, Сейіттің сенімді серіктерінің бірі болады. Азаттықтан соң Нылқы аудандық жер-су мекемесінің бастығы болған, бірлік сап бөлімінде істеген.

Досбер өз өмірінде көптеген өлең, толғау, дастан жазған ақын. Оның 1940 жылдардың соңғы мезгілінде жазған өлеңдері баспа бетінде жарық көрген. Ол 1947  жылы «Төңкеріс таңы» газетінің тілшісі болған. 1950 жылдардың ішінде оның бір қыдыру өлеңі газет-журнал бетінде жарияланған. 1959 жылы ақынға «оңшыл» қалпағы, екі інісіне «төрт түрлі элемент» қалпағы кигізіледі. «Оңшыл» қалпағы бірер жылдан соң алынған болса да, Әбдікәрім деген баласына тағы қалпақ кигізілді. Ауылдағы туыс-туғаны атаулының бәрінде дерлік «мәселе» болғандықтан, өз билігі өзінде жоқ ақын ой толғап, серпіліп жаза да алмады. Ара-тұра жазған шығармаларын көбіне жасырып ұстады. «Мәдени төңкеріс» тұсына келгенде ұзақ жылдар бойы еңбектеніп жиып-терген, жазған тарихи шежіре, өлең, толғау, айтысы, дастандарын көне ошақтың орнына, там қуысына, құрым киізге орап тығып жүрді. Бірақ, соның өзінде де бірсыпыра қолжазбасы жыртылып бітті, дым тартып жазулары өшкін тартты. Ақын 1971 – жылы қайтыс болды.

Біз оның өлең, толғауларын, «Досбер мен Алтынның айтысы» атты ірі айтысын, «Қызай тарихы», «Есенкелді», «Алдар көсе», «Сақау қыз», «Сәдуақас Жомарт» қатарлы көлемді дастанын, қара сөзбен және өлеңмен жазылған тарихи шежірелерін мүмкіндігінше реттедік. 1982 жылдан бері «Қызай тарихы» («Есенкелді») атты көлемді тарихи дастаны, «Қалам мен балаға» атты толғауы, оннан астам өлеңі баспа бетінде жарияланып, оқырман қауымының құрметіне бөленді.

Ақынның шығармасы жүрек қылын шерткендей ойы терең, тілі жатымды келеді.

Көпшілік, құлағың сал кеңесіме,
Кеңеске пейіл салып келесің бе?
Не істеп ата-бабаң қайдан келді,
Білгенің толық жауап бересің бе?
…
Өзінен көпшіліктің үйренгенді,
Өзіне қайта өңдеп бересің бе?
Кей сөзді көнелерден естіп едім,
Сонда да көрге апармай білгенімді,
Берейін көпшіліктің үлесіне.
Ендеше, тарту етем бір қазына,
Осы елдің қарасы мен төресіне.
Еске алып ата тарих елес берем,
Баға бер оқығанның кеңесіне.
Тоқтаймын зырла, жүйрік, қарт қаламым,
Өзіңді қолыма алсам шаттанамын.
Жасымнан көне жолдан, жан серігім –
Шын сөзді шыннан алып тар қаламын.
Сүйсініп естіген жан тыңдағандай,
Үлгілі жүйелі сөз тап, қаламым.
Азырақ ой тоқтатып толғанайын,
Жетерлік елден естіп жатырғаным.
Артыма ата мирас тарих қалсын,
Көңілге сары алтындай сақтағаным, – деп ағытыла басталатын «Қызай тарихы» дастаны отаншылдық тақырыбын өзек еткен кесек шығарма болып саналады. Ақын «Қызыл қырғын, сар сүргін» жылдардағы сан алуан оқиғаларды іріктеп, жинақтап, Қызайдың 3-ұрпағы Құдайназар мен оның ұлы Есенкелді төңірегінде шебер баяндап көрсеткен.

«Сақау қыз» дастанында қазақ әйелдерінің образын айшықты етіп көрнекілендіріп, олардың ерлігін, көрегендігін, ит жүгіртіп, құс салып, тұлпар баптап алатындығын, тіпті олардың «тұлпар» болар құлынды мүшесінен таныған сұңғыла шыншылдығын философиялық тұжырыммен бейнелеген.

«Қалам мен бала» атты ұзақ толғауында қалам мен бала образын жасау, кейінгі ұрпақтарға өнер-білім үйренуді, талапкер, үміткер болуды, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену зеректік-зерделікпен істеуді, ойламды-толғамды болып, шындықты дос етуді, еріншек болмай, еңбекші болуды, дүниені жаратқан еңбек екендігін, өтірік өсек айтып, біреуге қастық сыйламауды өсиет етеді. Ақылдың анасы – өнер-білім, еңбек, үйрену деп түйеді. Жамандықты, надандықты, еріншек-ездікті, маскүнем-арсықтықты, қулық-сұмдық ойлаушыларды жерден алып, жерге салды. Ақыл тауып, ақ еңбегіңмен адал жүріп, халықтың ардақтап алқайтындығын, қу сумға ілесіп, ардан безсең, халықтан қағыс қаларыңды айта келіп, бақ пен байлыққа, адамдықпен ерінбей еңбек ету керектігін түсіндіреді.

Ақын Досбер Саурықұлы көзі өткір, көкірегі даңғыл сыншы да еді. Ол болмыстағы істерді ой-елегінен өткізіп, адамдардың психологиялық ерекшелігіне ерекше назар аударды. Елге жайлы, әдепті, сабаз, білімді, ізгі ниетті жандармен өсекшіл, күншіл, ел бұзғыш, қара ниеттілерді салыстыра келіп, елге қорған болған ардақты азаматтарды асқар белге, шалқар көлге, сары алтындай буға, шөл қандырған зәмзәм суға, саялы бәйтеректің бүріне, миуалы жеміске, райханның көз сөндірер гүліне балайды. Ел қарғыс атқан қара ниеттермен зәмдәмі ала аяқтарды әзәзілге, бақсының жынына теңеп, олардың елге салып жүрген лаңын, басқаға қастық сыйлап, санап жүрген құмын, қазып жүрген орын өткір тілмен шенейді. Нұрлы болашаққа құмарта көз тігіп, бостандық, теңдік сынды ұлы мақсатты алға ұстаған ақын шығармалары тілге жеңіл, көңілге қонымды, терең мағыналы болып келеді. Досбер өз дәуірінің өрісі биік, озық ойлы ақыны, шежірешісі болумен бірге, араб, парсы тілдерін де біршама қанық білген тілгер еді.

Ақын 1971 жылы Нылқы ауданында дүниеден өтті. Ақынның қыруар еңбектері ойранды жылдарда тозып жоғалды. Ел ағасы ақсақалдарымен перзенттерінің айтуы бойынша үш аймақ төңкерісі туралы жазған көлемді дастаны бар екен. Оның күні бүгінге дейін дерегі табылған жоқ.

«Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді» дегендей, ақын шығармаларының бұдан былай да халықпен бірге ұрпақтан ұрпаққа жалғаса беретіндігіне кәміл сенеміз.

Оралбай АХМЕТҰЛЫ.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 37
Ұлттық киім – ұлт құндылығы
Көрме

Ұлттық киім – ұлт құндылығы

March 19, 2026
35 кітаптың таныстырылымы
Көрме

35 кітаптың таныстырылымы

February 27, 2026
Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?
Көрме

Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?

February 27, 2026
13 жылдық белес
Грант

13 жылдық белес

February 18, 2026
Ректор гранты
Грант

Ректор гранты

February 13, 2026
Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ
Арнайы жобалар

Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ

January 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz