Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Тасқа басылған табан ізі

admin
2026/01/06
Әдебиет
0
Тасқа басылған табан ізі

Балалық шағым Балқаш көліне құятын Іле өзенінің жоғарғы аңғарында өтті. Бұл аймақ тегінде Қазақ мемлекеттігінің ең алғашқы өркені саналатын сақ, ғұн, үйсіндер мекен еткен, патшалық құрып, айналасына ықпалын жүргізген құтты қоныс еді. Бұл өлке ежелден қазақ халқының ертедегі ата-бабаларының өркен жайған жері, ірге жайған иелігі, хан-патшалары мен жақсы-жайсаңдарын өрбіткен өңір, өсіп-өнген мекені болғанын қытайдың, арабтың, парсының ертедегі жазбалары мен осы өлкедегі жартас беттерінде тайға таңба басқандай жазылып тұр.

Іле өзеніне құятын бір өзеннің аты Күнес деп аталады. Аудан да өзеннің атын еншілеген. Күнес ауданының Кеңсу ауылына қарасты Көлденең бұлақ деп аталатын елді мекеннің терістік бөктерінде Сарыкезең деп аталатын жіңішке сай бар. Сол сайдың сағасында «Жансарбайдың қарадомалағы» деген қыстауда бала шағым өтіп еді. Алыстан қарағанда жатаған, жадағай төбенің үстіне шықсаңыз атшаптырым аумақты алып жатады. Осы төбенің басында кезінде тастан қаланған бейіт, ондағы тастарда біз білмейтін неше түрлі тасқа ойылған сурет пен жазулар болатын. Ондағы тастарға біз білмейтін таңбалармен имай-шимай жазу жазылған. Бір қызығы, таңбалар күн сәулесі түскенде ғана айқын аңғарылатын. Күн Шығыстан арқан бойы көтерілгенде тастағы таңбалар алқызыл түске еніп, жазулардың бас жағы ғана анық көрінетін де төменгі тұсы бұлыңғыр тартып тұратын. Ал талтүсте таңбалар қызыл қоңыр түске өзгеріп, бас-аяғы толық әрі айшықты көрінетін. Кешке қарай тастағы жазулардың бас жағы солғын тартып, төмегі тұсы шұбарлана анық білініп тұраты. Осы көріністі тамашалу үшін қаншаша күндерді төбенің басында өткізіп, бағып жүрген қозы-лақ, тайынша-торпақтан айырылып, әке-шешемізден таяқ жегенімізді санап бере алмаймын. Қанша жазалансам да осы тастардың құпиясын білгенше мазам кетіп жүрді.1960 жылдары сол бейітті бұзып, «тастарын қыстаулықтағы қора салуға істетеміз» деп тасып кеткен еді.

Бала күнімізден: «Жан қалса Жансарбайдан қалады» деп дақпыртын жиі естіп өскен Жансарбай емшінің қыстауы осы төбенің түбінде орналасқан. Әулие емші әр күні таңертең, кеш бата осы төбеге шығып қайтады екен. Сол төбеге шыққанда өзін іздеп келе жатқандардың атының демі мұрнына келіп, құлағына дыбыры естіледі екен. Сарыкезеңнің сайын өрлегендегі тау беткейіндегі таста адам басы, бет-бейнесі, бес саусақтың табы ойылған үлкен тас болушы еді. Тасқа адамның сол аяғының ізі тасқа ойылған. Бұл іздің ұзындығы 35 см, жалпақтығы 20-22см, сол маңдағы адамдар бұл ізді «Әулиенің ізі» деп атайтын. Жергілікті тұрғындар қолына, денесіне, қотыр, сүйел, бөрткен шықса сол тасқа сүйкеп, ырымын жасап жататын.

Әкем: «Бұл алып әулиенің солтүстікке беттеп келе жатқанда түскен сол аяғының ізі, ал оң аяғының ізі бір аттағанда Қас өзенінің бойына басылыпты», – деп аңыз қылатын. Айтса айтқандай, содан 20 шақырым жердегі Қас өзенінің басындағы «Бұрылдың арасына» деп аталатын жерде үлкен-кішілігі дәл сондай тасқа басылған адамның оң аяғының ізін Арасанға барған сайын көріп қайтатынбыз. Күнестің шығысындағы Арасан тауының етегінде, Арасан өзенің бойында тағы бір қасиетті орын бар. Мұны жергілікті тұрғындар Әзіретәлі арасаны, бір де Күнес басы арасаны деп атайды. Атам да, әкем де жыл сайын осы арасанға барып апталыап тынығып қайтаты. Кейін есейген тұста біз де отбасымызбен жыл сайын барып тұрдық. Әлемде ондай жұмақ жер қайдан болсын. Тұнып тұрған табиғат, сылдыраған су, сыңсыған орман, жаның бір тояп тауып қайтатын жер.

Жалпы, Арасан табиғаттың ең бір көркем жеріне орналасқан. Екі жағы ну орманды жалданып келетін аумақтың дәл ортасынан Арасан өзенін бұрқырап біразға дейін ағып барып, Күнес өзеніне қосылады. Арасан аса бір аумақты жерге орналаспаса да, бас-аяғы 200 метрге жетпейтін қашықтықта таудан ағып шығатын 12 бұлақ көзі бар. Арасан көздері бірі-бірінен көп болса 2-3 метр, алыстауы 10 метр қашықтықта орналасқан. Бір қызығы, әр көзден ағып шығатын судың түсі, ыстық-суықтығы бір-біріне ұқсамайды. Бірі қызыл, жасыл, күрең, қанқызыл, тағы басқа болып келеді. Олардың біреуі салқын, енді бірі жылымшы, тағы бірі тым ыстық. Аралығы бір метрдей-ақ жерден екі түсті, ыстық-суықтығы да екі түрлі судың ағып шығатынын көріп, алғаш көрген адамның таңғалмайтыны жоқ. Басында бізге де солай сезілген. Жыл сайын бара бергендіктен бойымыз үйреніп, елемейтін болып кеттік.  Адамдар олардың әрбірінің түсіне, сипатына, ыстық-суықтығына қарай «Әзіретәлі арасаны», «Көз арасаны», «Қан арасаны», «Ұшық арасаны», «Сынап арасаны», тағы да басқа деп ат қойып алған. Солардың ішіндегі қалыпты температурадағысы «Әзіретәлі арасаны» деп аталса, ең ыстығы «Қан арасан», ең суығы «Ұшық арасан» болатын.

Арасанды қоршап жатқан Арыстан тауының оңтүстік құзында тасқа басылған екі алақан, он саусақтың, тізе, маңдай және беті-қолды жууға арналған құманның ізі бар. Оның жанындағы алаңқыда үй орнындай ойыста тұщы көл бар. «Жарақат алған аңдардың осы көлге бір түсіп шығып, ауруынан айыққанын көрдік» деген талай адамның әңгімесін естіп едім. Бірақ өзім көрген жоқпын. Ал тасқа басылған алақанға алқанымды қойып, саусақ ізін нәзік саусақтарыммен басып, тізерлеп отырып, тәу еткенім, көл суына беті-қолымды жуынғаным әлі күнге көз алдымда тұрады.

Әкем өскен жерімдегі осындай киелі жерлерге үнемі ертіп барып, оның тарихымен таныстырып жүрді. Бір жолы Сарыкезеңдегі табан ізін көруге барғанда әкем: «Мұндай із қазақ даласының басқа тұсында да болуы мүмкін. Реті келсе іздей жүр», – деп тапсырды. Елге оралғансоң да «Әлде бір өңірде қасиетті жер бар» дегенді құлағым шалса соны барып көргенше тағатым таусылып, қолым жұмсықа жүрмей тыпыршимында қаламын. Бір күні жұмыс бабымен іздеп келген көксулық бір азаматқа тасқа басылған табан ізі туралы әңгімелеп едім. Ол «Шаған тауындағы қасиетті бұлақтың басында да тасқа түскен табан ізі бар екенін, оны көргенін айтып берді. Сонымен тағы да ұйқы қашты.

“Ереуіл атқа ер салмай, Ерлердің ісі бітеме”, – деп Махамбет бабамыз айтқандай, жұрт жеткізген ақпарат “Ойда жүргенше, бойда жүрсін” деп Шаған тауындағы Әулие бұлаққа тартып кеттік. “Мың шақырымдық жорыққа, бір шақырымдық сапарға аттансаң да бес қаруың сай болсын” делінсе  де, бұл жолғы сапарға жұмыстан дайындықсыз шыға салдық. Жеңіл көлік көңілімізді желдей есіп, тау етегіне жеткізгенімен одан ары қарайғы 2551м-ге шыға алмайтыны белгілі болды. Сонымен тауға қарай жаяу тартып кеттік. Бақытымызға бізге жол бастаған Қанат деген азамат жер жағдайына жетік болған соң бұта-бүргенге көп талана қойған жоқпыз. Ал өрлеген сайын ауырлай түскен заттарымызды Ұлан атты өлкетанушы болсам деп армандап жүрген бауырымызға бере саламыз. Күдір-күдір тау жолы басында қиындау сезіліп еді. Бірақ өлкенің жайын жетік білетін Еркін Тоқпановтың әңгімелері шаршағанымызды сездірген жоқ.  Сөйтіп 3 сағатта тау басына шықтық.      Енді тасқа басылған табан ізі мен жұрт мақтаған Әулие бастауды қайдан табамыз деп тұрғанда жолы болғыш жігіттің жеңгесіндей Дәулетхан деген көкеміз жолға кетті.

Әулие бастау өткен ғасырдың 70 жылдары облыс тұрғындары телевидениялық сегнал тарату үшін орнатылған құндырғының сәл төмен жағында екен. Тауға шыққанша қиналғанмен төмен түсу қиындық тудырмады. Тез жеттік. Бұл жердегі Әулие бастаудың үш көзі бар екен. Таудың қалың қыртысты жақпарынан шығып жатқан бұлан суы тым аз болғанымен бізді оның айналасындағы табиғат таңғалдырды. Бір қызығы бұл жердегі аршалар жерге жайылып өспей тік өседі екен. Әлемнің қанша жерін шарлап жүрсемде мұндай таңғажайыпты бірінші рет көруім еді. Бұлақтан сәл төмен бір шаршыметрдей жалпақ тастың үстінде расында адамның сол аяғының тасқа батып түскен суретін көрдік. Оның анықтығы соншалық аяқтың бес саусағының да табы анық көрінеді. Іздің жанында үш таяқпен шұқығандай ойық бар. Бұл ізде менің бала күнімде туған жерімде көрген ізбен бірдей. Недеген ұқсастық. Географ Еркін Тоқпанов осындай іздің енді бірі Найза тапқан арасанының басына түскені, көргенін айтып берді. Бірақ ол жаққа баруға әлі жолым түспей жүр.

Сол маңды ақтарып жүріп, көптің көзіне түспеген жартас суреттері мен белгілерді кездестіріп, мақсатымыз орындалды. Бұлақ суының құрамын тексерту үшін сынама алдық. Реті келсе алдағы уақытта оны да айтармыз. Осы табан ізін көргенде әкемнің тапсырғаны есіме оралды. Тек әкем сол тапсырманы неге айтты? Бұл іздер нені көрсетеді? Деген сансауалға әлі күнге жауап таба алмай келемін.

Тағы бір жолы Үлкен Алматы каналын көріп қайтпақ болып жолға шықтым. Жеткенше көңілім көтеріңкі болатын. Иыр-қиыр тау жолы мен самырсын, бал қарағай бітік үскен, көкорай шалғыны жайқалған аумақ пен таудың саумал ауасы жанымызды жадыратып тастады. Алайда жол бойындағы қалытқы темір тақталар мен каналдың түсе беріс беткейіндегі жартас беттеріне жазылған сан түрлі шимайлар сүлкінімізді түсіріп жіберді.

Расында, біз тарихымызды тасқа жазған халықпыз. Тас бетіндегі жазулардан ғылми жұмысымды да қорғадым. Жоңғар Алатауының терең қойнауындағы осыған дейін ешкім тексермеген, құндылығын ескірмеген біраз жартас жазбаларында оқыдым. Ол бүгінде ғылыми айналымға түспегенімен өзім үшін үлкен еңбек, биік белес.

Алайда Іле Алатауы Ұлттық табиғи паркіне тиесілі аумақтағы (суретте көрсетілген) суреттер мəдениеттіліктің нышаны емес. Білімсіздіктің белгісі, жауапкерсіздіктің нышаны, асқандықтың арыны. Ғасырлар қойнауынан жеткен жартас беттері кім көрінгеннің ойына келгенін сари салатын ойыншығына айналыпты. Əкем: “Алдымен пышақты өз денеңе сұғып көр. Ауырмаса басқаға қада”, – деп бізді туралыққа жетелеуші еді. Сол жартастың бетін шимайға толтырғандар алдымен сол жазуды өз бетіне жазып, денесін тілім көргені жөн еді. Жоқ, өйте алмайды. Өйткені, біз басқалардың азаптанған, қорланған, шарасыз күйге түскен бейнесінен жан рахатын іздейтін қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Аяушылық дегеннен алыстап кеткеніміз ақиқат. Жə, бұл басқа əңгіме.

Ал осы бассыздықты көріп, біліп, байқан жүрген құзырлы мекеме немес ұлттық парк мамандары тежеуі керек қой. Ең өкініштісі, өз тентектеріміз жазса оларды тезге салып алар едік. Осы жерді көруге келген шетелдік туристерде қолтаңбасын емін-еркін  қалдырып жатыр. Бұл жазулар етек-жеңімізді түре алмай жатқанда жазылған шығар дем те ойладық. Бірақ 2018 жылы жазылған жазуларда жүр арасында. Тур фирмалар жетелеп əкелген қыдырмашыларға табиғатты бүлдірмеу керектігі жайлы ескертпей ме? Əлде, кім көрінген ойына келгенін істейтін қазақтың жері жазуға машықтандыратын қара тақта ма? Егер біз солардың еліге барып, қастерлі жеріне осылай жазып көрейік. Барар жерің лагер. Ең бастысы, өзімізде өлкемізді шимайға толтырмайық, өзгелердің де шимайлауына мүмкіндік бермейікші.

 

Қажет АНДАС

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 65
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz