Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Мұрағат Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қайрақ тас

admin
2026/02/16
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Қайрақ тас

Басы:

Күнес өңірінің әр тұсынан сырлы тарихтың ішке бүккен сырын одан ары жасырып, құпиясын ашпай тұрған сымтастарда жиі ұшырайды. Айталық, Күнес өңірінің шығыс солтүстігіндегі Шет Меркі мен Орта меркі өзенінің аралығындағы тау жотасында биіктіі 270 см, әр бетінің жалпақтығы 30-35 см-ден асатын, төрт қырлап жонылып, жерге тік орнатылған сымтас бар. Бұ өңір осы тастың құрметімен Сымтас аталып кеткен. Осындай сымтастар батысқа қарай бір түзудің бойымен 20-30 шақырым аралыққа орнатылып отырған. Мысалы, Бәйгетөбе, Таясу, Қарағайлы судың құйғаны деген жерлерде де бар. Өкінішке орай, коммуналасу кезінде (1958-1959), мәсдени төңкеріс мезгілінде (1966-1976) бұл сымтастарды қопарып немесе орыннан пуысытыып тастаған. Бір қызығы кейінгі кездері Күнес өңірінде өткен дабыралы астарда берілген атбейгесінде аттар Қарағайлысудың құйғанындағы сымтастың жанынан шауып, Байгетөбедегі сымтастың маңына дейін дейін барған. Сымтастың (жер атауы)бойында қонақасы беріліп келген. Бұлда бір қызық жағдай ретінде қабылдауға болатын шығар.

1935 жылы 7 айда Тәңірберді Солтангелді руының болысы Естемес ажы Есенұлының асы Күнес Нараттың Көкөзек өстеңінің көмейінде өткізіледі. Оған 100 үй тігіледі. Әр үйдің иелері  күтуші болып бірге келеді. Асқа екі ай бұрын сауын хат таратылып, Іледегі Қызай елі түгел хабарланады. Бұратала Шахар мұңғұлдары мен Жұлдыз торғауыты қоса шақырлады.  Бәйгеге 500 ат айдалады. Атты Қарағайлы судың құйғаннан қоя беріп, Бәйге төбеден тосып алады. Алдыңғы ат Соқыртәнік қара Керімбектің қара қасқа аты болып 100 жылқы, екінші ат Естеместің аққұла аты болып 80 жылқы сыйлық алады, тағы да 40 атқа бәйге беріледі.

Осының өзін бүгін мен өткеннің арасындағы үлкен байланыстың белгісі демеске шараң жоқ.

Өкінішке орай 1968 жылы мәдени төңкерісі тұсында Бәйгетөбедегі сымтасты тың ашып, егін егу деген мақсатпен орнынан ауыстыру жұмысы қолға алынады. Сол жұмысқа сол жылдары басына қалпақ киім, өзгертуде жүрген әкем Омарақын, Әбдолла балуан, Тұрсынәлі, Әуелхан сияқты біздің ауылдың адамдары да  тартылады.

Әкемнің айтуынша:

–  Басында Сымтасты орнынан алып тастауға жүрегіміз дауаламай, батылымыз жетпеді. Аруақтан қорықтық. Бірақ бұйрық беріліп, төбеңде қызыл қорғаушылар дікеңдеп тұрған соң іштей тәңірге сиындықта жұмысқа кірістік. Бір байқағаным. Сымтас өте берік орналастырылған екен. Алдымен айналасын ауықмды етіп қазып, ең астына осы өңірден кездестірмейтін жарқышақ тастармен бекемдепті. Сосын тасты қойып, оны үш қабат етіп, толтырған. Бірінші қабаты керіш топырақты сары түсті ұсақ шақыл тастар төселген, одан кейін өзен бойындағы көктемгі су тасқынына кйеін қайырлап қалатын таза құмды толтырған, жер бетіне жақындаған жеріне таудың қара топырағы төселген. Тасты қопарып, оны орынынан алыс тастаған соң қайта жауып тастадық. Осы қайрақ тас сол сымтастың ең төменгі қабатына төселген тастардан шағып алып едім, – деп айтып отыратын.

Әкем көзі тірісінде бәкі, пышақ, балта, шоттарын осы қайрақтаспен ғана қайрайтын. Сол кезде күбірлеп, тәңірісіне сыйынып отыратынын да байқан қалушы едік.

 

Жәдігер бұгінде Андас отбасы қорында сақтаулы тұр.

Тарих талғарында [Мәтін] : (Тарихи зерттеулер, эссе, мақалалар) / А. Омарақын- Талдықорған : [б. ж.] , 2022.– 500 дана . – ISBN 978-601-7865-39-9, ISBN 978

https://kazneb.kz/ru/bookView/view?brId=1657755&simple=true#

жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 27
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

March 4, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 27, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

February 24, 2026
Андас Омарақынұлының қамшысы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Андас Омарақынұлының қамшысы

February 23, 2026
Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Тарихи келісімнің куәсі болған білте шам

February 20, 2026
Үрімханның ұршығы
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Үрімханның ұршығы

February 19, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz