Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Ымырт

admin
2026/03/11
Әдебиет
0
Ымырт

Жыланды өзені ауылдың іргесінде ғана. Ол адуын сулы, құлам жартасты, көкорай шалғынды көркемдігімен көз тартпаса да, әр жылы көктем шыға су тасыған мезгілде тудыратын қасіретімен аты-шулы.  Биылғы қыс қарлы болды. Әдетте қара қоңырланып жататын Қоңыр дөң қалың қарға малынып, адамға үлкен ой салады.   Көктем шыға Жыланды өзені әдетінше арнасынан асып асау ағысқа басты. Десе де елдің берекесінен бе, сақтампаздығынан ба, Өлім-жітім болмады. Бұған қарап жұрт көңілі орнықты. Алайда, жетім бастау маңында сыр бере бастаған қасіретті әзірше ешкім сезе қойған жоқ.

Жетім бастау су тасыған кезде ауыл тұрғындарының ауыз су алатын орны. Таң атысымен ұлы тіршілік басталып,

Кешкілік  қана тыныштық орнайтын бастау басына  тек ымырт үйірілген кезде екі жас келетін. Бастапқыда өзара сыпайылық танытып жүрген қыз бен жігіт уақыт өте келе бір-бірінен жөн сұраса бастады:

– Атың кім болады? – деп сұрады Ақжан.

– Сара.

– Менің атым Ақжан. Қайдан көшіп келдіңдер?

– Көрші ауылдан. Әкем қайтыс болып, нағашыларға…- қыздың сүйкімді мінезіне, күлімдеген жанарына қарап Ақжанның жүрегі дір ете қалды.

Осы күннен басталған таныстық оларды сырлас жандарға айналдырып жіберді.

– Бүгінгі кеш неткен тамаша, – деді Ақжан шелектегі суды кемерге шығарып жатып.

– Қалайша?

– Бұлақ суының сыңғыры сенің кінәратсыз күлкің секілді.

– Қызық екенсіз, менің күлгенімді көрген бе едіңіз.

– Сенің әрбір ауыз сөзің сыңғырлы күлкідей естіледі. Жалынды, жанды, жүрек түкпірінің нәзік сырларын шертіп жатқандай.

Сара үнсіз ғана суын көтеріп ауылға беттеді.

– Сара, қалайша ымырт үйірілгенде ғана су алуға келесің?

– Білмеймін.

– Мен ымыртты ұнатамын,- деді Ақжан,- бұл құстар әуені мен өзен сарылының анық тоғысатын кезі. Дала реңіне көзің тоғайып, көңілің көтеріледі. Ақшабақ балықтардың айдындағы емін-еркін асыр салғанын көрсем,  жеңілдеп қаламын.

– Мен даңғаза өмірді ұнатпаймын, Жетім бастау басында әлде бір нәрсені ұмыт қалдырғандай күніне бірнеше мәрте келгім келеді-

ақ, адамдардан қорқамын.

–  Менен де қорқасың ба?- деп күле бұрылды Ақжан.

–  Сізді көрсем қуанып қаламын.

Ауылға таяу жол айырығына келгенде:

– Ертең сені асыға күтетін боламын, – деді Ақжан. Сара үнсіз алға ұзай берді.

Ертесі ымыртта, Сара күндегі әдетінен жаңылып көп кешікті. Бастау басында ұзақ сағына, сарыла тосқан Ақжан жүрек түкпірінен шымырлап шыққан көп сұрақтың дәл жауабын таба алмай ұзақ сандалды. Келмей қалар ма екен? – деген құлазыған көңілмен мәнді-мәнсіз көп қиялдың соңына түскен.

Бірде ол өзен бойына барып шабақ балықтардың қимылын қызықтады. Сондай бір жым-жырт ағысты аумақтан шеткері аласапыраны аз, тыныш айдында өз әрекетінің қамымен бұлтың қаға, асыр сала жүзіп жүрген қамсыз, қәперсіз қимылдарға күйіне қапаланды. Жағалаудағы тас-топырақпен су бетінің әлем-тапырығын шығарды. Бұл қыстықтырған ойдан сергудің амалы еді. Осы ішқұсалық кешкі қою қараңғылыққа шомған шақта бұлақ бойында жағымды күй есті.

…. Соңғы сол бір беймаза күндердің, ел жүрегіндегі тұрлаусыз тұңғиық ойдың, қызғанышпен қиысқан қиялдың, жалғыздыққа құмар жан отының жаршысы болған сол кеш екі жастың білегін бұлақ бойында айқастырды. Алайда сондай тәтті, тамаша кешкі арай  жан азығын бергенімен олардың балғын махаббатын, адамзат өміріндегі тек қана бір рет адал сеніммен қол жеткізетін бақытын, жан рақатын сұрқия, сұм ой ұялаған жанардан жасырып қала алмады. Кешкіре жол тартқан бұйығы, сұлу қыздың соңынан баспалай ерген ауылдың ақымақ жігіті осы бір қуанышты қылмыс тұрғысынан ауыл адамдарының ертеңгілік әңгімесінің өзегіне айналдырып жіберген.

Өсек таба алмай бастары ауырып жүрген ауыл әйелдеріне бұл табылмайтын тақырып болды.

– Жетім бастау басынан жын көріпті біреулер, – деп әңгімесін бастады су алуға шыққан саркідір әйел.

– Құдай-ау, жылына бір қырсықтан арылмайтын болдық-ау, – деп күңіренді қаймақ ерін қара әйел.

– Оны кім көріп жүр екен,- деп сұрады тағы бірі.

–  Серікбай деседі ғой, естігендер.

– Ол көреді,- деп қостады қараторы жеңеше, – Серікбай сексен айлалы қу емес пе?

Жын туралы әңгіме қыза түскен еді. Алтын тісті апай тағы бір тың жаңалықты паш еткендей болды.

– Сол жын жаңа көршінің қызын айналдырып жүрген көрінеді, – деп сыбырмен жалғастырды сөзін.

– Сол бұйығы қыз перінің қызы бекторы болып жүрмесін,- деген әлдекімнің сөзіне жабыла күлісті отырғандар.

Мұндай әңгімелер кейде шынайы қалпымен, кейде жамалып-жасқалып Сараның шешесіне де жетіп жатты.Әдейі келіп бір шәугім шәйін іше отырып айтып кететіндер де, Сараға сөз салатындар да шығып жүрді. Басында бұған аса мән бермеген ғазиз ана, уақыт өте келе, елден ажырай бастағанын сезгенде Сараға ашу шақырып қалып жүрді. Кірбеңсіздіктің дұрыс шешімін таба алмай қиналды. Осындай қиналыс әлжуаз ананы өз еркіне бағындырды. Әлпештеп өсірген, көзінің қарашығын  жамағайын туысының қатігез ұлына атастырумен өз мұңынан айыққандай болды. Мұның  қызына ауыр тиетінін ойласа да, басқа амалы жоқ еді.

Сара көңіліндегі құлазу көптен бері ой-қиялын қыспалап жүргенімен дәл тойы болып жатқан күндегідей ауыр тиген жоқ. Сол күні ауылдың думаншыл жастары бұл үйге тұтасымен жиналған. Көп шаттығы қаншама тебіреністі болғанымен, Сараның көңілін желпіндіре алған жоқ, басына желек жабылғанымен махаббаттан жетімдік тартқанын, мұң мен қайғының өзегін өртеп жатқанын іштей сезіп, біліп отырды.

Би биленіп, ән де айтылды. Делебесі қозған көпшілік тартынғанына қоймай Сараны да ән айтуға көндірген еді. Ауыр ойдың арасында отырған ол  бір сәт бәрін ұмытқандай болды. “Сондағы Сара айтқан ән еді” деп ауыл жастары тамсана айтатын ән сөзі былай еді:

 

Өткен күннің болар дерсің несі ұмыт,

Кетпейікші кездесуден кешігіп.

Мақпал түндер төсегімде шалқалап,

Жаттым үнсіз тұңғиыққа тосылып.

 

Күз де мынау, күллі дүние сарғайған,

Бұл суретке таңданбасын қандай жан.

Мен де бүгін жапырақша сарғайдым,

Саған жетсем деген жалғыз арманнан.

Оның орындау шеберлігі ме? Дауысының әдемілігі ме? Кім білсін, отырғандар жақсы қарсы алған болатын.  Бірақ, бұл қуаныш Сара қүйзелісін көбейте түскен.

Сараға берген уәдесі бойынша Ақжан сол күні келуге тиісті еді, ол келмеді. Мұның себебін отау болып бөлініп шығып, күйеуімен ортасындағы енжарлық ең соңғы шегіне жеткен кезде бір-ақ білген. Мынау алдында тұрған сұрқия жан- өз ері. Сара мен Ақжан ортасындағы ыстық сүйіспеншіліктен хабары бар еді. Сол қызғаныш Ақжан атынан жіберілген қалың арыз болып, арты қастандыққа айналып оны абақтыға жауып тынған.

Сараның өміріндегі бұл енжарлық оның тіршілікке көзқарасын өзгертіп жіберген, беймазалыққа салған тағы бір жайт- бала қасіреті. Сара кейде өз ерінің қатігез кеспірін бала мұңынан, бала сағынышынан іздейтін де кешіретін. Алайда, Ақжаның өміріне салған зардабын білгеннен кейін оған өшіге, кектене қарайтын болды. Осыдан бастап жансебіл үмітпен іргесі бүтінделіп келе жатқан отбасының берекесі кете бастады. Күнде ұрыс , жанжал, жайлай берді.

Бүгін олар тағы да ұрыс-керісті ушықтыра түсті. Жан ашуы дегенде әбден ширыққан Сара орнынан атып тұрып ерінің жағасына жармаса кетті:

– Бұлай сорлы болып жүргеннен, сенің қолыңнан өліп, тыныш табайын, – деді ол ашудан жарыла.

– Өлтіремін.

– Өлтір, ал,.. бұл қу тірліктен ертерек жоғалған да жақсы.

Кейінгі күндерде не күтіп тұрғанын біле алмай қиналып жүрген ері оқыс қимыл жасап кездігін жұлып алды. Амал не? Ашулы да, адуын қайратты қол қате қимыл жасады.

Ауылда осындай сұмлық болып жатқан түні Ақжан бір түрлі беймазалықпен ұйқысыз таң атырды. Ертеңгі сыйқыр күн күлімсірей қарағанда, Ақжан еркіндіктің ләззатты тынысына шомылып ұзақ тұрды. Ол өмірдің, жарық күннің қадірін енді түсінгендей, тірліктің бақытын да білген. Алайда сол бір жан рахатында тұрған сәтінде суық хабар естіді.

– Сара кеше түнде өз ерінің қолынан мерт болды, – деп жеткізді алып қайтуға келген ағасы.

– Не дейсіз аға, шын сөзіңіз бе? Жоқ, әлде….

– Ақжан-ау, қойшы сол бір сыйқыр алдамшыны, бір басыңа үш жылдық мұңың да жетер.

********************************************************

Әлі сол ауыл, сол жолдар, сол көктем. Сол баяғы қарт теректің түбінде ұйлығысып отырған өмір.

– Әне, Ақжан келе жатыр,– деді әлдекім.

Бұл күндегі Ақжан ерекше өзгеріп кеткен. Қалың қауға сақалды, бетіне әжім іздері тереңдей түскен. Көз шанағынан үміт, достық, сүйіспеншілік күтіп тұратын бір түрлі адам болып қалған. Ол адамгершілік, адалдық дегенді ұмытқан, тек ұмытпайтын тірлігі әр күн сайын ымырт үйірілген кезде Жетім бастау басына барып жуынып қайту мен ел біліп болмайтын ұзақ қиялдармен ұзын күнді, ұйқысыз түнді өткізу.

– О, Ақжан, қал қалай? Өзің немене, бір нәрсе жоғалтқансың ба? – деді Серікбай мысқылдап. Ұйлығысып тұрғандар ду етіп күлді. Ақжан жауап қатқан жоқ, тек жастар жағына үнсіз қарады да ұзай берді. Оның жүрегі “Ең қастерлі махаббатымды іздеп жүрмін” деп сөйлеп тұрғандай болды.

Ол ұзай берді, сәлден кейін арғы жағадан байғұз үні саңқ ете қалды. Бұл ымырт үйірілгендігінің белгісі.

Қажет Андас,

Q-Andas ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 65
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Қалың бет
Әдебиет

Қалың бет

March 4, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz