Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Өрт

admin
2026/03/13
Әдебиет
0
Өрт

“Көкпар төбе” ауылынан шыға берісте жалғыз мазар тұр. Ары өткен,  бері өткендерге ақ жол тілеп аттандырып салатын бір өмірдің естелігі іспетті. Көлік жүргізуші жігіт әңгімешіл болып кездесті, тарихтың қатпарлы тұстарынан сыр шертіп бізді көп жағдайлардан хабардар етіп келеді. Енді ол жалғыз мазар жәйлы әңгімелей бастады.

– Елде кейде өз тарихын қупиялау құбылыстар арқылы көрсеткісі келеді. Ауылымыз тіршілікке ыңгайлы, дей тұрганмен оның жыра-жылгасы мен әрбір тасында өзіндік сыр бар. Аулдастарымыз осы бір жайсаң жерге орын тепкеніне қуанса да, кешкілік-тәңәртең толассыз соғатын желден әбден мезі болатын. Жел тіптен күшейген күн еді. Қыстың бір-ақ тұтам күні көк шоқыдан ары аунап ымырт үйірілген кез. Кешкі тамаққа енді ғана отырғанбыз, шәу етіп үрген йттің үні шыға қалды да, қыңсылап келіп есікке тығылды.

– Қарашы, не болды мынаған, – деп ағама бұйыра сөйледі әкем, – біреу-міреу келді ме?!..

Осындай кезде үйге әкемнің достары келіп әңгімелесіп кайтатын әдеті болушы еді. Солардың бірі болар деген оймен иттің үргеніне көп ой бөлмей жайбарақат отырғанбыз, шығып кеткен ағам асыға кірді де:

– Ө, өрт, жоғарғы ауылға өрт кетіпті. Бәріміз үрпиісе қалдық мына суық сөзге.

– Бәсе, осы желдің бүгінгі әулігуі өте жаман. Бір пәле туар ма деп ойлап едім, – деп шешем кейіп жатқанда, әкем екі-ақ аттап есікке жетіп те болды. Үдірейісе шұбап далаға шықтық сізге өтірік маған шын, дала жан шошынарлық сүркейлі, жел ұшырған қып-қызыл шоқ ауылдың төбесіне жауып тұр екен. Абүйыр болғанда ұшқан ұшқындар біздің жаққа жоламай ауылдың терістік жағына кетіп жатыр. “Сақтықта қорлық жоқ” дегендей, өз әлімізше өрттен сақтану шарасын істеген болдық.

Шешеме жәрдемдесіп жүріп қарбаластықта байқамаппын, әкем әлде қашан өрт шыққан үйге кетіп қалыпты. Есік алдында үрейі ұшып екі қарындасым тұр. «Үйге кіріп отырыңдар» деген шешемнің сөзін тыңдар емес. Осы кезде кіші әкемнің әйелі жетті үйге. Олардың үйі өрт шыққан үйден жоғары отыратын, біздің жағдайымызды білмек болып тез жеткен екен.

– Жүрегім күйіп кетті ғой , – деп отыра кетті де, болған жағдайды қысқаша байяндады:

– Баяғы Нұрила  Бекқожаның үйіне келіп шәй ішіп кеткен екен. Суыққа тоңып жүрген байқұс қайтсін, мал қораға кіріп біраз жылынып алайын деген болар,  шылым тарта отырып көзі ілініп кетіпті. Өрт алдымен мал қораға, одан кейін үйге ілініпті. Елдің бәрі өрт өшірудің қамында. Әй қайтер екен,мал қораның маңына баруға болмайды. Абайлаңдар!– деп өзі білетін жайларды қысқаша айтты да екі қарындасымды үйлеріне ерте жөнелді. Оларды жеткізіп салуға шешем мені артынан жүгіртті.

Қолғанатка жарағандығыма қуансам да, іштей зәрем ұшып келеді. Ауыл үсті дегенің қып-қызыл шоқ, су тасып арлы-бері жүгіріскен адамдар, әрбір үйдің, әрбір қораның төбесінде бірден адам, ұшқын ұшып келіп түседі де, олар оны мысық көрген тышқанша сабалап өшіреді. Үйге қайта оралғанда шешем есік алдында тұр екен.

– Апарып салдың ба? -деп келте сұрады.

– Иә.Өрт лаулап жанып жатыр, адамдар қаптап жүр.

Көңілімізде Нұрила бізді де өртеп кетпесін дейтін күдік-күмән бар. Шешеме жәрдемдесып жүргенім болмаса ойым дүй-далада.

– Алдымыздан Нұрила шыға келсе қайтер

едік, әкемнің жоқтығы мынау?-деп сөйлеп кеткенімді білмей қалдым.

– Не сөйлеп келесің, – деген шешемнің сұрағы шыға қалған соң жиыла қалдым да, ойымды қайта жалғастырдым…-Әсем қайтті екен, үйлері өртенгенде жылаған шығар, тоңып жүр ме екен, қалың киім апарып берсем шешем жіберер ме…ой сауап болыпты, кеше әкесі әперген етікке сонша мақтанып еді…біздің де үйге өрт ілінсе қайтер едік деген ойдың соңына түсе беріп селік етіп жиыла қалдым.

Қойшы әйтеуір, шырма шату ойлардың жетегінде жүріп бір неше рет оңбай жығылдым. Бір сәтте абыр-сабыр басылып ұйқым келе бастады. Мұны сезген шешем :

– Үйге барып ұйықтай-ғой, – деді.

Үйге келіп алып та қиялға ерік бердім. Қай уақытта ұйықтап қалғанымды білмеймін, ояна келсем үйде ешкім жоқ, пештен ағаш отынның шартылдап жанған үні шығады. Орнымнан атып тұрып сыртқа қарадым, бәрі дін аман екен , жел сап басылыпты. Кеше түнгі сүркейлі қызыққа күлімсірей қарап тұрған секілді күн арқан бойы көтеріліпті, киімдерімді асығыс киіне сала көшеге тарттым.

Өртенген бір үй мен екі қораның  қасында бір топ адам түндегі өрт туралы әңгімелесіп тұр екен:

– Үйдің төбесін түсіріп жіберіп өшірмегенде тағы да бірнеше отбасыны ойрандар еді бұл өрт, -деп қою қасты Қасым шал сөйлеп тұрғанда бардым.

– Өрт деген тілсіз жау емес пе?, -деді тағы бірі күрсініп.

– Рас.

Өрт болған жер құрыс-қопасы шығып қара қоңырланып жатыр.Өрттің жалыны сарытапқа айналдырған тамдар жымырайып сүркейлі көрінеді. Өртеніп болғансоң да көп құйылған су қоламтаны лайсаңға айландырған екен де суықтың әсерінен қатып шоқалақ-шоқалақ төбешік қалыптастырыпты. Ертеңінде мектепке барғанда, барлық баланың аузынан өрт туралы әңгімені естисің. Өрт тудырушы расында Нұрила екен. Нұрила осы ауылдың маңдайға басар бір қызы болып өсіп еді. Өжет өскен, ерке, өнерлі өрт қыз аулдастардың әншісі де, бишісі де аталып, думанды жұмыс бастарында, өнер бәсекелерінде жүлделі орындармен көзге түсетін. Үлкендер оған “бәрекелді” жаудыратын да, жастар бірі-бірімізден қызғанып қызарақтасушы едік. Алматыға да біздің ауылдың алғашқы түлегі болып оқуға аттанып еді. Кейін бір курста оқитын Әкпар деген жігітпен тұрмыстанды. Әкпар әзілқой, тартымды жігіт еді. Олар каникұл сайын ауылға келіп бізді думанға бөлеп қайтатын. Әке-шешесінен ерте айырылған Нұрила үшін осы ауыл оның әкесі де, шешесі де еді. Өмір кейде ауыздықсыз ат секілді-ғой, тұнығыңның бір-ақ күнде ылайланатыны бар. Көп жандарды күйзелткен, талай отауды ойрандаған, талай шаңырақты шайқалтқан 86-жылғы төңкеріс Нұрила болашағына да үлкен азап ала келді. Әкпар қолға алынып, жалған жаламен құмды далада қайтыс болды. Нұрила оқудан шығарылып ауылға қайтарылды, бұл жерде де оны тыныш тіршілік күтіп тұрған жоқ.Келекенің, қорлаудың, кемсітудің нысанына айналып қайғы шеге жүріп, ақыры сары уайым ойсоқты қызбалыққа ұшыратты. Қоңыр күздің жанға жәйлі бір күнінде көрші үйдің итімен тамаққа таласқаны оның жынды болғанын әйгіледі. О, байқұс содан кейін не көрмеді?….

Шіркін, бір кездері Нұрйла салған әндермен көңіл қапырығын шығаратын жандар одан аулақтай берді. Тірлік те тәлкек етуін доғармады. Осы бір өмірдің бейбақ сорлысы міне осылай үлкен өрт тудырып, мөлшерсіз зиян салып отыр. Кейде өмірдің әділетсіздігіне налисың. Нұриланың  осындай күйге түсетін не жөні бар, оның өңінің түзу, ойының өрелі болғандығы кіналы ма? Жоқ, Әкпардың тілге шешен, іскерлігі үшін бе?.

Адамдар да қызық, бір кездегі Нұриланы ұмытқаны секілді, оның өрт тудырған кінәсін де тез ұмытты. Өмір ежелгі әуенімен

тірі пенделерін оңды-солды әлдилеуін тоқтатқан жоқ.

Міне содан бері 19 жыл өтті. Нұрила да қайтыс болғалы он алты жыл болды. Ел болып жерлеп басына сайғақ қадап атын жаздық. Алайда, оның қупиялау өмірі сол көуүлі қалпында қала берді.

Е, тіршілік-ай! Адам жақсы болғандығы үшін тірі жүрмейді. Жаман болғандығы үшін өлмейді екен-ғой!- деп жүргізуші жігіт әңгімесін доғарды.

Жалғыз мазар көз ұшында қарауытып қалып барады. Мүмкін бізді жоқтайтын жан болса егер, шаң басқан архиптерден табылармыз, – деп тұрғандай болды маған.

Қажет Андас,

Q-Andas ақпараттық агенттігі

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 20
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Қалың бет
Әдебиет

Қалың бет

March 4, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz