Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

admin
2026/03/19
Әдебиет
0
Сүрінсеңде құлама

Былайша айтқанда, қазақтар үшін не ішемін, не жеймін деп ойланатын кез өтті. Егер ел іргесі тыныш болса, қаракөздеріміздің қарны аш қалмайды. Ал мемлекет беделі асатын болса, ұлт айбыны өседі. Сондықтан әрбір қазақ азаматы елдің елдігін асырудың сара жолын іздеумен бірге, айналамызда болып жатқан  құбылыстарға мән беріп, жауабын тауып, дер кезінде оңға түзеп отырғаны жөн. Қоғамның дерті емделмейді екен, онда ағайындардың азабы да азаймайды. Біз өмір сүріп отырған дәуірде “алқаштар” деген шоғыр қалыптасып келеді. Шаштары ұйпаланып, беттері ісінген. Керек болса удай мас болып көшенің кез келген бұрышына түней салатын, араққа ақылын жеңдірген жандарды мына заманда кім  есіркейді. Адамгершік ақшамен өлшеніп бара жатқан ғасырда оларды кім ілікке алады. Мен ол жайында есептесейін деген ойдан аулақпын. Десе де, сол жандардың бірінің пенделік зар-мұңын сізбен бірге отырып тыңдағанды жөн көрдім.

…– Кім жетіскеннен ішеді дейсің, бәріміз жайлы өмір сүргіміз келеді. Жылы отбасы болып, бала-шағаның тәтті қылығына тербеліп, көңілді күн кешуді бәрімізде арман еттік. Десе де, “Жұт жеті ағайынды” демекші, құлықсыз дүние қырына алса киын екен – деп әңгімесін бастады қонағым.

– Дүние есігін ашқанда алдымда екі ағам мен бір әпкем болды. Кейін артымнан төрт қарындасым және бір інім ерді. Отбасымыз тым жұтаң еді. Кілең мал бағумен айналысатынбыз. Қиыр жайлау, алыс отарда өткен күндерім күнібүгінге дейін есімде.

Әкем жасынан араққа құштар болыпты, шешем қатал тұрмыстың илеуінде өскен адам еді. Әкемді жамандайын деген ойым жоқ. Бірақ, жасырып не таппақпын. Мас болып келіп шешемді таяққа жығып, шашын жұла жаздағаны есімде қалмапты, мүмкін сан жетпесте шығар. Содан болар әкемізден жүрегіміз шайлыққаны сонша, ішкен асымыздың жайланып бойға тараған күні де аз. Балалары ат жалын тартып мінген соң, асығы тіпті де алшысынан түсті. Артымда ісім қалды деп алаңдайтын не тұр?!

Ес біле бастағанда мал-басымыздың едәуір артқанын білемін. Мыңғырған малы бар жал басындағы қазаққа айналдық. Ха, ха, ха…Қазаққа айналдық!!! Ол кездегі “Мәдениетімізді” сұрамай-ақ қойыңыз. Бас-басымызға жорға мініп құйғытып жүрдік. Амал не, тәңір бізден тыныштығын да қызғанды. Түн болса қам-қайғысыз ұйқыға бататын, күндіз көгалда керіліп-созылып жатып, аса бір рахатпен күн шуақтайтын “Бақытты” да қимады.

Әкемнің айбарынан далаға түнеген, жерлік қашқын болған күндерімді саусақпен санап беремін деп айта алмаймын. Рас оның кесірінен көршілерімізбен шығыса алмайтынбыз. Әлде бір істің удесінен шыға алмағандығы үшін шешемнің мұрнынан қызылжоса қан дірдектеп жатқанын талай-талай көргенмін. Қайсы бірін айтайын, осындай  отбасында туылғанымды ұмытқан емеспін.

Өмір дегенде қызық. Кейде сенің ойлағаныңа бағынбайтыны бар. Біздің арманымыз қанша мағыналы болса, тағдыр мағынасыз тірлікке итермелеуін доғара қоймады. Екі ағам мектепті толық бітірместен оқудан шегінді. Әпкем жоғары оқу орнынан шақыру қағазын алса да бара алмады. Мен нағашыларымның себімен ауылдан он шақырым шалғайдағы аудан орталығына барып, мектеп интернатқа түстім, жатақхана өмірі мен жалғыздық содан басталды. Төртінші сыныпта оқып жүрген кезім. Қарашаның жұмаға қараған түні туысқандарым өміріндегі ең өкінішті хабарды естідім.

Сол күні уайымсыз сыныпқа бардым. Екі-үш бала әлденені үрейлене әңгімелеп отыр екен. Маған тұстау келетін бірі қасыма келді де “Әкең, шешеңді атып тастапты енді қайтесің” – деді тосыннан. Жүрегім зырқ ете түскені. Бірақ запы тұрмысқа көндігіп кеткендіктен сенбедім. Сенбеген соң жыламадым да, артыма бұрылып сыныптан шыға бердім.

Ала бортып үйге жетіп келсем, еһ! міне ғажап, сәкісі жетіп салынып бітпеген екі бөлмелі  үйдің еденіне жұққан қып-қызыл қанды жуып-шайып, өксіп жылап әпкем жүр. Тастай суық ішкі бөлмеде үркердей болып көз жастарын сығымдап іні-қарындастарым отыр. Тас босағаны құшақтап, егіле жылағаным есімнен кетпейді.

– Ендігәрі келсінші, балтамен шауып тастаймын, оңбай кеткір!!!

Әпкемнің әкеме кектеніп жүргені бесенеден белгілі еді, сәлден соң өксігін әзерге тежеді.

– Әкем қайда? – деп сұрадым мен.

– Алып кетті, – деді. Киізді жуа жүріп.

– Қайда.

– Түрмеге.

– Түрмеге?    Шешемші?

– Алып кетті.

– Қайда?

– Емханаға.

– Айтшы маған, не болды бұл үйге? – дедім айқайлап, ызамен өкси жылап.

– Құдай атты, – деді әпкем бетерге солқылдап, – кеше кеш әкем үйге шылқа мас оралды. Мен сыртта сиыр сауып жүрген едім, шешемді үйге шақырып алған әкем әлденені іздетіпті. Бір кезде әкем керегеде ілулі тұрған “Жирма”ны алыпты да, не құдай атқанын кім білсін? Алыпты да атыпты. Оңбай кеткір әкем, атыпты…

Құлақ тұндыра шыққан мылтық үнінен шошына үйге кірсем, төр алдында бүктеліп шешем жатыр, терезе алдында ала мылтықты құшақтап әкем отыр. Шешемді әлде кімдер машинасына салып емханаға әкетті, көп өтпей екі милиция келіп, болған жайды бізден сұрап, жазып алды да, әкемді алып оларда кетті.

– Шешем тірі ме?

– Білмеймін.

Ол кезде менің ес тоқтатып үлгірмеген кезім. Бұл іске ақылым жетіп кеткені жоқ. Осы бір аласапыранда қолымыздағы малдың көбі із-түзсіз жоғалды. Емхананың және басқаның бодауына берілді. Қолда бар мүлкіміз таусылып болды. Кейін әкем алты жылға бас бостандығынан айырылды. Шешемнің қарынын сыза тиген оқ оң санының желкесінен кіріп одан қабаттай балтырға кіріп, тобық үстіндегі қыр жіліншіктен шығып, одан ары чемоданға кіріп киімдерді аралап тоқтапты. Жарты жылға таяу жатып көзі тірі оралды. Сол бойы әкемізді алты жыл көрмедік. Қатал да, тапшы тұрмыс кеңірдегімізден қысты да алды. Тәңірден рақым тіледікте жүрдік. Туыс-туғандар көмектескен болды. Ол біздің жансебіл тіршілігімізге септігі бола қойған жоқ. Сана деңгейіне байланысты ма? Екі ағам көңілдерін арақпен жұбатып, үйге келіп еңіреп жылап, тіпті әредік үй мүліктерін шағып құрсақтарын босатып жүрді. Осы кездегі шешемнің тартқан азабан айтуға аузым бармайды. Тірі жетім, тірі жесір болдық та қалдық. Талайлардың сайқы-мазағын, тірі жетімдіктің азабын басымнан өткіздім. Кей кездері әкем болсағой деп армандаушы едім. Бұл үмітім де орындалып, араға алты жыл салып, әкем ортамызға келді. Бірақ жүйкесі тозып, жарымжан болып келген еді.

Міне, осындай соққылардың салдарынан көңіл-күйімде еркім жетіп төзе алмас псхикалық ерекшеліктер пайда болды. Бір бұрылған жағымнан қайта алмай қалу көбейе бастады. Тіпті ендігәрі өмірім жайында бәрі құрып бара жатса да ден қоюды көңілім қаламайды. Ерегіскен жандармен мейлі оның кім екеніне қарамастан, қандай тауқымет бодау болсын құрбан ете отырып егесу, елжірескен жандармен езілгенше елжіресу менің шынайы болмысыма айнала бастады. Осы мінезімнен талай бұралаңдарға жолықтым. Алайда, оларды ешқашан өкінішім ретінде еске алып көрмедім. Анда-санда өзімді жіңішкелікпен ойлануға зорлап көрдім. Бірақ өзгертуге тырыспадым. Сол мінездің ықпалында қалыптасқан қатал мінездерді осы күні көрсем де  көрмеске бекіп көзімді жұмып аламын.

Осы уақытта ағаларымның кейбір қылықтары көңіліме өшпестей сызат қалдырды. Қыз алып қашты, оның да сәті болмады. Ақыры адам өліміне себепті туған жерінен опа таппай жан сауғалап кетті. Содан бері ауылға оралған жоқ. Түрлі рухани соққылардың салдарынан басым қатып жүргенде, жан дауа іздеп рюмканы аузыма тостым. Бір сәт оның рахатын тапқандай болдым. Арақтың азабын көріп өссем де, өмір маған да арақты жолдас етті. Бір философ – “Адам өзгеріп, екінші бейнеге ену үшін анадан туғандай барыс керек. Ат деген белгі, белгі өзгермей заттың барлық барысы өзгеруі мүмкін емес. Әлемде жақсы адам жоқ, жақсы адам боламын десең арандалуға, алдануға, зияндалуға дайындала бер. Тарихтар бойы данышпан, ғұламалар миғұла болып, ала аяқтар адал болып көрініп келген. Сондықтан барлық адам жақсы әке, жақсы шеше, сыйлы жар, адал дос болумен бірге жақсы арақкеште бола алады”, – деген екен. Десе де, маған таңдана қарама? Мұндай жасампаздығы бар қазақ тек мен ғана емеспін. Іздесеталайын таба аласың.

О, арақ, айлалы арақ, айбынды арақ,

Ішкенде кетеді ғой қайғың тарап.

Абырой, атақ алып бермесең де,

Көңілді көтеруге жүрсің жарап, –

деп әңгімесін доғарды досым.

Әй, арақ, арақ, сенің жолыңда қаншама адам басын бәйгеге тікті екен? Бірақ оларға тыным-тыныштық бермей, өкінішке ұрындырып келесің -ау! Иә, біз айналамызда өмір сүріп жатқан құбылыстарға дағдылы көзбен қараудан қашан шаршасақ, тірлігімізде сол күннен бастап басқаша болатыны анық.

Қажет Андас,

Q-Andas ақпараттық агенттігі

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 17
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Қалың бет
Әдебиет

Қалың бет

March 4, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz