Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Ата мұра – саптаяқ

Ұлтарақ батырдың саптаяғы Редакциядан: Қазақтың дәстүрлі қолөнері – ұлттың рухани жады, тұрмыс-тіршілігінің тірі куәсі. Уақыт озған сайын күнделікті өмірден алыстап бара жатқанымен, ағаштан жасалған тұрмыстық бұйымдар, соның ішінде саптаяқ, шара, тегене секілді ыдыстар халқымыздың табиғатпен етене өмір сүргенін, затты тұтынумен ғана емес, оған мән-мағына жүктей білгенін айғақтайды. Qandas.kz сайтында ұлттық мұраны жаңғырту, ұмыт бола бастаған дәстүрлі кәсіптер мен қолөнер үлгілерін кейінгі ұрпаққа таныстыру – басты бағыттардың бірі. Осы орайда оқырман назарына ұсынылып отырған «Ата мұра – саптаяқ» атты танымдық материалда қазақтың ағаш ыдыс жасау өнері, оның технологиясы мен қолдану әдебі кеңінен баяндалады. Бұл жазба – өткен мен бүгінді жалғаған, тұрмыстық мәдениеттің терең тамырынан сыр шертетін тағылымды дүние. Ұлттық қолөнерді қастерлеу – ата аманатына адалдықтың бір көрінісі.

admin
2026/08/30
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
0
Ата мұра – саптаяқ

Қазақ халқы әлмисақтан бері өнерлі жұрттың бірі. Қазақтың қолөнері сан алуан, соның ішінде ыдыс-аяқ жасау өнері ерекше орын алады. Қазақ халқы ерте дәуірлерден бастап тұрмыстық тұтыну жабдықтарын өз қолымен жасап келген. Ағаштан жасалған тегене, шара, саптаяқ, ожау секілді бұйымдар бүгінде сирек ұшырасқанымен, халқымыздың игілікті жасампаздығының айшықты белгісі ретінде ел жадында сақталып келеді.

Қазақ қолөнер шеберлері ыдыс-аяқты негізінен қайың, қара ағаш, алма, өрік секілді қатты әрі сапалы ағаштардың ұйылы мен тамырынан, құндыздығынан жасаған. Ыдыс-аяқ жасауға таңдалған ағашты лайықты мөлшерде кесіп, жобалап алған соң мүсіндеп шабады. Шабу белгілі бір мөлшерге жеткенде тоқтатылып, жарылып кетпеуі үшін күн мен жел тимейтін, қалыпты температурада кептіру қажет. Ал кептіруге қолайлы жағдай болмаған жағдайда, мүсіндеп шауып алынған бұйымды сиырдың жас қиына көміп кептірген.

Тұрмыстық тұтыну бұйымдарының бірі – саптаяқ. Қазақтың тамақ ішетін ағаш ыдыстары шара, саптаяқ, қос саптаяқ және шөшек болып төрт түрге бөлінеді. Бір килодан жоғары, үш килодан төмен тағам сиятын ыдыс шара деп аталады. Ал саптаяқтың сыйымдылығы жарты килодан жоғары, бір килодан төмен болады. Тостаған (шөшек) екі жүз грамнан жоғары, бес жүз грамнан төмен сұйықтық сыйдырады.

Тостаған, саптаяқ, шаралар аталық шот (қуыс шот), ыңғыру сияқты құрал-жабдықтармен жасалады. Бұл ыдыстарды жасау барысында жылдамдық талап етіледі. Сондықтан қалың жерін екі сантиметр, жұқа жерін бір сантиметр шамасында жұқартып алу шарт. Осылай істелсе, бұйым тез кебеді әрі жарылмайды. Саптаяқ жасауға негізінен ағаштың ұйылы, түп құндыздығы пайдаланылады.

Саптаяқ жұқартылып болғаннан кейін өңдеу жұмысы үздіксіз жүргізілуі тиіс. Әр өңдеу барысында майлап отыру қажет. Жалпы үш рет өңделіп, үш рет майланады. Майлау үшін міндетті түрде әліп майы қолданылады.

Саптаяқты пайдалану тәртібі де ерекше. Әліп майымен майланған саптаяққа ыстық тамақ құймау, ыстық сумен жумау шарт. Мұндай ыдысқа тек суық тағам құйып, суық сумен жуу керек. Осы талаптар сақталған жағдайда саптаяқ өзінің бастапқы түсі мен сапасын ұзақ уақыт бойы жоғалтпайды.

Қазақ халқы үшін тұрмыстық бұйым тек күнделікті қажет зат қана емес, тарихи жад пен рухани мәнге ие қасиетті мұра саналған. Соның айқын бір дәлелі – енкі ғасыр бйоы сақталып, бүгінге жеткен Ұлтарақ батырдың саптаяғы туралы деректер.

Ұлтарақ батыр жорыққа аттанарда немесе ел ішіндегі маңызды жиындарда өзіне ғана тән ағаш саптаяқты пайдаланғаны айтылады. Бұл саптаяқ қарапайым тұрмыстық ыдыс бола тұра, батырдың өмір салты мен дүниетанымын айшықтайтын нышан ретінде қабылданған. Батырлар үшін саптаяқ – тек ас ішетін құрал емес, тәртіп пен тазалықтың, сабыр мен ұстамдылықтың белгісі болған.

Ұлтарақ батырдың саптаяғы ағаштың ұйысқан түп бөлігінен жасалған деп айтылады. Мұндай ағаштан жасалған ыдыс ұзаққа шыдамды, жарылмайтын әрі ыстық-суыққа төзімді келеді. Бұл – көшпелі өмір салтына толық бейімделген шеберліктің көрінісі. Батырдың саптаяқты жеке алып жүруі – дала заңындағы жеке затқа деген жауапкершілікті, әр бұйымды қадір тұтқан мәдениетті аңғартады.

Халық жадында Ұлтарақ батырдың саптаяғы ерлікпен, ел қорғаумен, адалдықпен астасқан қасиетті бұйым ретінде сақталған. Сондықтан да саптаяқ қазақ үшін жай ғана ыдыс емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани сабақтастықтың символы болып табылады. Қасиетті жәдігер бүгінде Андас отбасында сақтаулы тұр.

 

Ауесхан МАЖАЙ,

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 65
Қонақ шақыру ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Қонақ шақыру ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Балалар ойыны
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Балалар ойыны

August 31, 2026
Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Омарақын Жансарбайұлы соққан үзеңгі

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Алты өрмелі, таспа жүген
Ауесхан Мажайдың жәдігерлері

Алты өрмелі, таспа жүген

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz