Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

БАЗАРБАЙ БИ КЕСЕНЕCІ

admin
2025/05/30
Қасиетті жерлер
0

Орналасқан жері: Сарқан ауданы, Амангелді ауылдық округі, Басқан өзенінің бойындағы Сарыбел деп аталатын жерге орналасқан.
Зерттелуі. Журналист-жазушы Жомарт Игіман, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының доценті Есенай ІҢКӘРБАЕВ, өлкетанушы-журналист Қажет Андас зерттеп жүр.
Сипаттамасы: Садырдың Мәмбетейінен тараған Ақтауұлы Базарбай би 1840 жылы дүниеге келіп, 1888 жылы тірлік сапары шектелген елеулі тұлға. Тірлігінде әділдігімен танылған, қара қылды қақ жаратын би атанып, болыс болған екен.
Жетісу облысы, Сарқан ауданы Амангелді ауылдық округінің аумағындағы  Ақтауұлы Базарбай  би кесенесіне алыстан зиярат етіп келетіндер көп. Олай болатын жөні бар. Заманында Базарбай би түйіні қиын дауларды старшындарға, онбасыларға тапсырмай, төрелікті өзі шығыпты. Және шешімдерінен ши шықпағанын көнекөздер кейінгілерге жеткізген. Алыстан ат арылтып келгендер бидің  адалдығын, әділдігін айналасына әйгілеген.
– Менің әжем Жібек Қайнарбайқызы 14 жасында Мәмбетей ауылына келін болып түсіпті, –Сонда Базарбай бидің зираты бар еді, ескерткіш күмбез көркемдігімен көз тартып тұратын. Тәсібек болыс ауылға келгенде ауылдың келіндері көзіне көрінуге батпай, киіз үйдің жабығынан сығалайтын. Зор денелі, өткір көзді, сұсты адам еді, – дейді осы өңірдегі жақсылар мен жайсаңдар жөніндегі ел аузындағы  әңгімелерге қанық зерделі ағамыз Жанат Мұхаметқалиұлы.
Аңыз-әңгіме: Садыр руына қарасты Мәмбетейге жататын Базарбай жігіт болып, ат жалын тартып мінгеннен, ерте ел билігіне араласып, өмірінің соңына дейін би болып төрелік айтқан, бай болып маңайындағыларға қол ұшын беріп, ел басқарған тарлан тұлға.
Осы Базарбай би мен Қаракерейдің аты тарихта қалған белгілі биі Бекбосын Домбайұлы көзі тірісінде жақсы қарым-қатынаста болғанын бірқатар деректер растайды. Қысқа ғана ғұмыр кешкенімен Бекбосын Домбайұлы өз заманында атақты Алшынбай, азулы Құнанбай сынды сұлтандармен дәм-тұздас болған. Оның белгілі ақын Дулат Бабатайұлымен, қу дауысты Құттыбай бимен, ұлы Абаймен де кездесіп, әңгіме-дүкен кұрғаны туралы аз-кем мәліметтер ұшырасады.
Филология ғылымының докторы Нысанбек Төреқұлдың 2006 жылы «Қазақстан» баспа үйінен жарық көрген «Даланың дара ділмарлары» атты жинағында мынанадай мәлімет бар: «Садыр – Найман елінде Базарбай деген мықты кісі болыпты. Жыл сайын оның ұлы Тәсібек ағайыны Қаракерейден жылқы барымталап, олжалаған малын туыстарына пышақ үстінен үлестіріп жібереді екен. Осыдан әбден запы болған ел адамдары Бекбосын шешенге келіп: «Төлегетайдың екі баласы бір-бірімен шабысып жатыр деген атаққа қалармыз. Базарбайға тоқтау айтпасаңыз болмас», – дейді.
Бекбосын Базарбай ауылына аттанып, ат басын қонақ үйге емес, байдың өз үйіне тірейді.
– Уа, сөйлес! Кім бар? – деген дауысты естіген Базарбай:
– Мынауың кім? Барып білші, – деп күтуші жігітін жұмсайды.
– Кімсің? – деген күтуші жігітке Бекбосын аты-жөнін айтпай:
– Қаракереймін, – деп жауапты қысқа қайырады.
Бұған шамданған Базарбай:
– Каракерей болса, менің бабам Садырды көріп пе? – деп, күтушісін қайыра жұмсайды.
– Көрдім, – деп саңқ ете қалады Бекбосын. – Шұбар аты астында, шолақ найзасы қолында, Алатау мен Тарбағатай арасында күңіреніп жүр екен, жарықтық. Жұмаққа барайын десем, Құдайдан қорқамын, тозаққа барайын десем, сайтаннан қорқамын. Балам Базарбайға айта бар, ағам Қаракерейдің жылқысын өзіне қайтарсын, – деп үш қайтара сәлем айтты.
– Апыр-ай, менен бір ағаттық кетіпті. Өзіңді көрмесем де, сөзіңді естуім бар еді, Беке! – деп, Базарбайдың өзі үйден атып шығып, Бекбосынды қолтықтап түсіріп алыпты.
Осыдан кейін барып Қаракерей мен Садыр арасындағы барымта сап тыйылған екен».
Даланың жазылмаған заңдарын жетік меңгерген Базарбай бидің өзінің замандас ағасы Күшік-Тобықты болысының старшыны, шынжыр балақ, шұбар төс Құнанбай Өскенбайұлымен сыйлы қарым-қатынаста болғаны жөнінде артында қалған ұрпақтары әртүрлі әпсана айтады.
Бұрынғы Семей облысына қарасты Шыңғыстауда мекендеген аға сұлтан Құнанбай мен Базарбай ауылының арасы онша ұзақ та жер емес. Қосағына жараған жау атын алып, төтелеп суыт жүрген жолаушы бұл екі араны төрт-бес күнде еркін еңсеретіні анық.
1846 жылы Лепсі уезіндегі Шұбарағаш – Ойжайлауға Омбыдан патша ағзам жіберген генерал Вишневскийдің Ұлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында арнайы жүргізген экспедициясының жұмысына хорунжий Құнанбай Өскенбайұлы да қатысып, жоғары деңгейде өткен келіссөздерде өзінің белсенді қайраткерлігімен ерекше көзге түседі.

Q-Andas ақпарат.

Қаралым 74
Қаратал алқабындағы өзендер
Қасиетті жерлер

Қаратал алқабындағы өзендер

August 31, 2026
Қора шатқалы
Қасиетті жерлер

Қора шатқалы

August 31, 2026
Дауылбай тауы
Қасиетті жерлер

Дауылбай тауы

August 31, 2026
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

August 30, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

August 30, 2026
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

August 30, 2026
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz