Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Бекетбай ақын

... Жіңішке Көгершін сазы қуалай қаз-қатар тіккен ұй. Жан-жақтан келіп жатқан қалың адам. Тартылған табақ шытырлаған ат. Орта бір жерде ас йесі Айтанның Екінбек деген өлген баласының оюлаған ақ отауы тұр. Кұн шіліңгір ыстық. Отаудың айналасына күреп ұйген құмалақтай жиналған кісі, бірін-бірі басып тұр. Тұырлық киіз керегенің кесер басына шейін тұріп тасталған. отаудың іші тысы Садыр, Матайдың «мен» деген жуандары- «жақсылары»; бұқа мойын, құймалы қарын ақсақалдар. Жамылған туырлықтай жейделерінің жеңімен омырауын ыстықтан желдетіп, желпініседі. Қолдан иленген ешкі тері қыржық қонышты байпағы бар.

admin
2025/10/02
Әдебиет
0
Бекетбай ақын

Домбыра ұстаған кәрібөз ақынның дағдылы дауысы. Әлгі ақ ұйден аспанға тырмысқандай талып шығады. Ақын бұл майлық орамалдай, қаракеш шытымен басын таңып тастаған. Домбыраны бауырлай ұстап, арсыйған арық қатпа қара шұбар шал аңыратып отыр:

 

Алты ауз қылып қазақты,

Басында орыс ел алды.

Елді орысқа қаратып,

Төре мен сұлтан шен алды.

Түтінге төрт тенгедей,

Шаңырақ ақша жем алды.

«Терісіндей өгіздің»

Деп қана сұрап жер алды.

Сол жеріне кент салды,

Қазақтан салдат алман деп,

Қат мөр қылып ақ патша,

О баста ваде бере алды,

Түйенің мұрнын кешірмей,

Мұсылманнан кек алды.

Мектепке сөгірет қойсын деп,

Дінімізге қол салды,

Үй жер деді, үй алды,

Үй артынан тұйе алды.

Ат бер деді ат алды,

Қап бер деді, қап алды.

Елтірі, арқан, ақкйіз,

Атке жім, байпақ, текемет.

Салдатқа керек деп алды.

Аяғында мінекей аузын салды балаңа,

Енді алмаған не қалды?!…

Деп домбыраны сыңсытып қайырды. Бұл жасы жетпіске келген ескі жұйрік, дағдылы даңғыл Матайдың соқыр ақыны Бекетбай еді. Бекетбай кәрі құлақты, ескі сөзді көп білетін, сұңғыла соқыр. Ол кешегі Абылайды айтады. Жетісудағы қалмақты  көшіртеді. Кенесарының Жетісуға келіп, қазақтың орыс пенен қытайдың қайсысына білмей, екі жаққа жарылғанын жыр қылады, орысқа төре тұқымы сұлтандар мұрындық болып, елді қаратқанын тап басып айтады. Орыстың ел билеу жөнінің, алман алу ретінің көпке тұсініксіз зорлыққа сұйенгендігін жалпы бұқараның ішінен бған наразы екенін айтады. Қилы-қилы заман болып, қарағай басын шортан шалып, елдің ежелгі ескі сабасы сяаздап құтыңдаған қу шұнақ заманға кез болып тұрғандығын жырлайды.

Әрине Бекетбай ол кұндегі жұртшылықтың тілді жақтысы, кешегі замандағы кер кеткен ескі жұртшылықтың торғайы.  Ол күндегі «сары орыстың – бары осы» деген пікірдің адамы.  Қазақтың азғанын, тозғанын ұлықтан кормейді, «орыстың»  ауылға акелген әрекеті деп ұғады. Сондықтан мұндайларға, ел ішіндегі желді ауызды, кәрі құлақты ақындарға сол уақыттағы шыққан ұлтшылдық бағыттағы баспасөздің де әсері көп болуы анық. Бірақ Бекетбай бәрін былықтырып, қазақтың,  «қара сарыны» мен соғады. Дінді,  мұсылманшылдықты ауызға алдымен алады. Бекетбай тыныштыққа, жуандардың атасын, Жабайдың Дәулетін мақтап тоқты-торым алып жұретін тілемсек ақын, бірақ ескі сөзді жақсы біледі, мұндайлар мынадай жұртқа келген «улы селебеге» айқай қосады. Елдің қамыққан көңілін тербетеді. Ендігі алатын қол қайыр, құдайы, нәзірін мына кұнде бұл осылай алғысы келеді. Жұртшылық мұңы мұндай соқырды еріксіз айдап қозғаттырады. Елдің ойын тербетеді, санасын шайқайды, айағын әкеліп, өзінің  «құдайына» соғады. Кәпірді зорландырып, мұсылманды қорландырып, намыстандырады. Ұлт атынан, дін атынан аңырата сөйлеп, екі жаққа дұшпандық туғызады. Өз елін өзгеге өшестіреді. Қанын қайтып, қарсы қамыңды қыл дейді.  «Жігіт»,  «жұмысшы» дегенді  «салдат» дейді. Өз жерінен кеткенді «өлім» дейді. Өстіп елдің ұрейін алып елді жауықтырады. Мұндайлар сол кұндегі көтерілістің байғыздай қақсаған оятушысы. Қозғалыстың қоздыртпа құтырушысы, аңыратпа агетаторы еді.

Ақын аңыратпа «Агетаторы» отыр. Жиын құлаққа ұрған танадай төмен қарап, салбырап, құлақ қоюлы, айналаға ақын дауыс қожа. А.. десе, топ жарып, алып жөнелген көк бөріні сұріп барып-барып тастаған бәйге атының шабысындай жөнкілген өлең? мұндай зарды шұмақтан барып-барып шұбатып тастайды да қайта оралады. Елмен қоштасқандай ән байауындағы соңғы қоңыр қайырыс соны жердің суындай сылдырап төгіліп кетіп тоқтайды. Отырғандар «ұһ» дейді, «Алла» дейді ақынның арынды «ұһ» дегені тағыда талып көтеріледі де тағы жырлайды.

 

Ортаны шайқап орыстың,

Орысқа жағып болыпсың.

Елдің құтын тауысты-ау,

Баса шөгіп беліңе,

Баса ұрынып жеріңе,

Сыйиғызды быр қауызға-ау.

Қонысыңды қоршалап,

Қазақты талай боршалап,

Жылына бір түгендеп,

Қол-аяқты кісендеп,

Жалғыз-ақ қап ер бауыздап.

Бауыздағандай мақтамен,

Мақтап жұріп мәз қылып,

Малыңды тегіс алып боп,

Басыңа салды ауызды-ау.

 

Дейды ақын.

Жұрт көңілі тұңғыйыққа толқығандай осының бәрі рас-ау дегендей жйын маужырап, салбырайды.

Ақын ақ бурыл ес майдан құлдйлап ағып, құлай бітіп қалған

құдықтай көр көзге құйылған. Қара терді қолындағы жұмарлақтаан

қара кір орамалмен кідіріп сұртеді де ары қарай ағындап, тағыда:

Әлемді тегіс алыпты-ау,

Ағылшын, орыс, беренсор,

Не қылғанмен әйтеуір,

Ел басына туған кұн.

Ер басына келген сөз.

Ақыр заман боларда,

Жер жұзін кәпір аларда,

Жүз қатынға бір еркек,

Қалады екен деген сөз.

Осынау сұмдық быр ас боп,

Туған жерден топырақ.

Қалармысың бұйырмай…

 

Асанқайғы бастаған,

Жолшыбай көмір тастаған,

Жиделі-Байсын жері бар.

Шаңырағың мың түйе,

Жылына үш қоздайтын,

Қой  біткен құтты елі бар.

Қулы-нулы көлі бар,

Өзеннің ұзын кеңі бар,

Жалғыз топ қана ішіне,

Айғыр үйір жылқы бар.

Сондай шүйгін шөбі бар,

Көшудің соған жөні бар.

……………………………….дейді.

Бекетбайдың бұл айтқаны дәл сол күндегі елдің  көңілін шырмаяқтаған, қиялын шиелеген ойдың шұмағы  еді. Бекетбай соқыр, соның жаршысы еді. Сол кезде ел не боларын білмей, не жігіт берерін, не соғысып өлерін, не «Жиделі-Байсын» жерін іздеп, ақтабан шұбырынды болып ауарын ажырата алмай, басқа ұрған балықтай  сандалып тұрған кезі еді. Сұңғыла соқыр, кәрі боз ақын соны айтады.

Көркем әдебиет бөлімі.

  Ілияс.

Дереккөз: Қ. Андас, М. Андас. Қазақ журналистикасының жампозы -Алматы: «Баянжүрек» баспасы. 2019. -347 б. -219-223 б.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 24
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz