Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

Бетперде

admin
2025/12/10
Әдебиет
0
Бетперде

Бір күні тұмау тиіп жұмысқа түшкіріп, пысқырып келдім. Менің жағдайымды көріп жаны ашыды ма, жоқ, тұмау өзімеде жұғып кетпесін деген сақтық па  керекті затын сатып алуға кеткен досым мағанда бір бетперде сатып ала келіпті.

Оны қолыма алып күлдім.

Бұл қылығым оған аса ұнамады. Сосын оның мəнісін түсіндіруге көштім.

…Осыдан тұра 30 жыл бұрын жоғары оқу орнына шақырту алып, алып-ұшып Үрімжге жол тарттым. Университетке жетіп, құжаттарымды өткізіп, жатақханаға орналасуға беттедім. Мен белгілі себептермен бір жеті кешігіп келгендіктен басқалар өздері таңдаған жатақханаға орналысып алыпты.

– Жатақханада бос орын қалған жоқ. Тек екі адамдық бөлмедегі бір орынның бос тұрғанына үш жыл болды. Көршің өкпе ауруымен ауыратындықтан басқалар онымен бірге тұрғысы келмейді. Дəрігерлер өкпе ауруының бұл түрі жоқпалы болмағандықтан оқуын жалғастырып жатыр. Бұл соңғы оқу жылы. Егер қорықпасаң сонда тұр, – деп кеңес берді жатақхана басқарушы.

Басында ойланып қалдым. Сосын басқарушыға екі сағатқа қиыла сұранып, қаланың орталығындағы телекомға тарттым. Ол кезде бүгінгідей сотқа деген жоқ. Жарты сағат кезекте тұрып, əкемнің жұмысына телефон шалдым.

Телефон тұтқасы  сəл тұрып көтерілді. Арғы жағынан əкемнің мақпал қоңыр үні естілді. Ауылдан алғаш ұзап шыққан сапарым болғандықтан көзіме жас үйіріліп, үнім шықпай қалды. Сосын жайлап сабама түсіп, мəн-жайды əкеме баяндадым.

–  «Қырық жыл қырғын болса да ажалды адам өледі» деген бар. Тақалып тұрған ажал алтын үйге қамап қойсада əкетеді. Өлімненде қиын нəрсе бар. Ол – өзіңе деген сенім мен өзгеге деген аяушылықтан ажырап қалу. Қалғанын өзің шеш, – деп телефон тұтқасын жаймен қойды.

Сол күннен бастап ол екеуміз бір бөлмеде тұра бастадық. Басында аздап тартынып жүрсем де, сездірмеуге тырысатынмын. Бұны ол да сезетін. Уақыт өте келе алаңдаудан арылып, жақын араласып кеттік. Студенттік өмір басымыздан өтті ғой. Кейде бір кесе асты бөліп ішіп жүрдік. Ол суретші еді, күй шертіп, əн салғанда көп адам қызығатын. Бірақ жақындауға батына алмайтыны белгілі болып қалатын.  Ал бөлменің іші менің кітап, қағазыммен аузы мұрнына шығып жататын.

Бір жыл жұбымыз жазылған жоқ. Бірге киноға барамыз, демалыс күндері қалға жақын ауылдарға қыдырамыз. Сөйтіп жүріп, ір қызға бірдей ғашық болып, көзімізбен соғысып жүрген кезіміз де болды. Бірақ ортақ қызығушылығымыз көп еді. Демалыс күндері ол бояқ-сояғын, мен кітап-қаламымды көтеріп тауға барып, біріміз сурет салып, екіншіміз өлең жазып қайтатынбыз. Ол менің үйіме, мен оның үйіне қонаққа да бардық.

Осындай қызық, қиындықпен бір жыл уақыт жылжып өте шықты. Ол оқуын бітіріп, дипломын алып, ауылына қайтатын күні мені құшақтап тұрып қоштасты. Көзінен жас шығып кетті. Ол маған деген ризашылығы еді. Кейін басыма қиын іс түсіп, тағдырым талқыға салынғанда сол досым мен оның достары жан ұшырып жүріп, арашалап алды.

Бір қызығы ол екеуміз де əлі тіріміз. Бізге үрке қарап, алыстан айналып кететін талайлар бұл күнде қатарымызда жоқ. Жер жамандамасын.

Əкемнің сол кезде айтқан:”Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі”, – деген сөзі күні бүгінге дейін маған сенім беріп келеді. Əр сапарға аттанған сайын сол сөзді есіме аламын.

Бетперде бізді микроптан қорғайтын шығар. Бірақ адамгершіліктен алыстатып жібереді.

 

Қажет АНДАС

«Q-andas» ақпараттық агенттігі.

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 29
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz