Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Қажет дерек

Петрград хаты: әскери қызметке алар ма?

admin
2026/08/30
Қажет дерек
0
Петрград хаты: әскери қызметке алар ма?

Басы: Қазақты әскерлікке алу тұрасында заң жобасы жасалып, қазаққа қатысы бар мекемелер кеңесіне салынды деген хабар, тыныш жатқан жұрттың көңіліне үркініш түсіріп, құлақтарын елеңдеткен себепті, анығына жету күзден бері зор мақсаттың бірі болып жүрді. Сөйтіп жүргенде Г.Думаның ашылатын мезгілі таянды. Қазақтан әскер алу туралы заң жобасы жасалған болса, ол жоба Думаның осы қадамы, қазіргі қылыштың дүзіндей қылшылдап тұрған заманда, бейбітшілік айтып қамтама қылсақ, түбінде өкініші естен кетпес деген оймен, Дума ашылуына қарсы қазақтан Петроградқа адам бармай болмас деп тұрғанда, мұсылман депутаттары тарапынан кеңесерлік кісілер келуі керек деген хабар белгілі-белгілі адамдарға тиді. Баруды қажет қылып тұрған бұрынғының үстіне бұл және қамшы болып, Петроградқа кісі жіберу жолындағы жұмыс қолға алынды. Аз уақытта алысқа хабар тиіп жетеді. Одан бұрын бару қажеттігін айтып, газетке жазған сөздерімізге ешкім илтипат етпеді. Елдің бір жағын жау шауып, иа, өрт алып бара жатса ерегес екі партиялық жұмысынан жұрттың көбінің қолы босай қоймады? Олай, былай айтылған партия әңгімесінен басқа сөз құлақтарына кіре қоя ма? Солай болған соң алыстағы көпке сеніп, қарап отырмай, жақындағы азға жармасу қалды. Айтқанымызды құп алып, жақындағы елдің ақсақал, азаматтары болып, жомарттық айтып, жол шығынына, өз қалталарынан қаржы шығарып, «Қазақтың» 168-ші нөмiрінде аталған адамдарды Петроградқа жіберуге ұйғарды.

Петроградқа барған соң депутаттар арқылы іс анықталды, ашылды. Қазақтан әскер алу туралы жасалған заң жобасы бар деген газеттердің сөздері бекер болып шықты. Мұсылман депутаттары қазақты әскерліктен бос қалдыру қорлық, қалдырмас керек деп, қазақтан әскер алуды қуптайды деген газеттердің сөздері бекерге шықты. Газеттердің зан жобасы жасалды деп алып қашып жүрген сөздері мынадай болса керек: 1914-шы жылы  шілденің ішінде, соғыс басталардың нақ алдында, бірнеше күн ғана бұрын Министрлер Кеңесіне салуға Аскери Министрі тарапынан жазылған баяндама хат болған. Бірақ ол хатта, қазақтан әскер алынсын демеген, қайта алмасқа керек деген. Алмасқа керек деген пікірді қуптауға, толып жатқан дәлелдер келтірілген. Сол дәлелдердің бірінде – қазақ казарма тұрмысына шыдамайтындығы келтірілген. Ол хат бойынша заң жобасы жасалып, зан болып шыға қалса, Астрахан Губерниясы мен Томск Губерниясындағы қазақтардан адам алынбақшы екен. Өзге облыстардың қазағы, қайтадан тағы бір заң шығарғанша әскерліктен азат бола тұрмақшы екен. Ішкі іс Министрі, әскер алынбай тұрған жұрттардың бәрінен де, саясат жағынан қарағанда, әскер алынбауы тиіс деген. Бұл хат шілденің ішінде, нақ осы соғыстың алдында жазылды деп жоғарыда айтылды. Соғыс алаңына түсіп кеткен соң, ол хат бойынша заң жобасы жасалмай, сол күйінше қалған. Сондықтан ол хат бойынша алынбасын деген жұрт, түгел алынсын деген жұрттардан, әскер алудан күні бүгінге дейін аман тұр. Міне, осы хаты газеттер сөз қылып, зан жобасы деп алып, қашып жүрген көрінеді. Енді анығы білінді: қазақтан әскер алу туралы жасалған, күні бүгінге дейін заң жобасы жоқ. Бірақ енді жасалуы ықтимал. Олай дейтініміз, Г. Думаның 15-ші ақпан кеңесінде октябристер партиясының  депутаты Антоновтын айтқан сөзі анау (170 нөмір «Қазақты» қара). Ол бір. Екінші, әскер-теңіз комиссиясында, әскер алынбайтын жұрттардан әскер алу туралы жасалған иә көзделген заң жобасы барма деп, жақын арада сұраған депутаттарға Соғыс Министрi айтқан: ондай жасалған заң жобасы жоқ және жасаймыз деген ой да жоқ деп. Оған қарсы «Оң» жақтағы және ұлтшылдар партиясының депутаттары заң жобасын жасау керектігін , әскер алынбай тұрған жұрттардан әскер алу керектігін сөйлеген. Олар, алу керек деп қоймаған соң, Соғыс Министрі айтқан: заң жобасын жасап, Думаға кіргізу бізге қиын емес. Жасаймыз да кіргіземіз, бірақ нағыз осы соғыс кезінде оны, заң болып шыққанмен іске асырып, пайдаға жарата қоямыз дей алмаймын. Өйткені, әскер алынбай тұрған жұрттардан алғандағы алатынымыз 30 мың шамалы ғана әскер. Ол 30 мың әскер соғыс кезінде әуреленіп, алуға тұрғандай берекелі көп әскер емес, деген. Сөйтіп, бұл мәселе сол жерде, осы күйде тоқталған. Соғыс Министрінің бұл айтқан сөздеріне қарағанда, ол зан жобасын жасап, Думаға кіргізуі ықтимал. Ол кірген заң жобасын Дума депутаттары керексініп тұрған соң, заң болып шығуы да мүмкін. Жалғыз-ақ дұдамал жері: Осы соғыс кезінде алар-алмасы. Соғыс Министрінің сөзіне қарап топшыласақ, соғыс кезінде алмайды деп айтуға болады. Өйткені әскер алынбай тұрған жұрттың ең қармаулысы – біздің қазақ. Алуға заң шығарғанда, қазақтан әскерге алатыны – солдат жасындағы жастар. Анығы 21 жастағылар. Олар 20 иә 21 мыңнан аспайды. 20-21 мың әскер бұл күндегі есепті молықтырып тастайтындай көп әскер емес. Қазіргі көпке үйренген көзге, бұл тіпті аз әскер. Ал енді, оны алу жағының жұмысына келсек, Соғыс Министрінің, біткен еңбекке тұрмайды деп айтқаны дұрыс болып шығады. Қазақтың метрикасы болмаған себепті, жасын білу жолында толып жатқан шатақ жұмыс бар. Бір ауыз орысша сөз білмейтін қазақты соғыс ғылымына үйрету жолындағы жұмыс, ол оңай емес. Сөйтіп, қазақтан алынған әскердің берекесі аз, бейнеті көп болып шығатыны рас. Соғыс кезінде берекесіз жұмыспен, Соғыс Министрінің әуреленуге уақыты жоқ деген сөзін, құр әншейін айтқан сөз деп жоруға болмайды. Осылай ойға салып, қарағанда жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытып, былай деуге болады: Қазақтан әскер алу туралы заң жобасы жасалады. Ол жоба заң болып, Гос. Думаның саралауынан өтер, бірақ заң шығуы, әскер алып, пайдаға жаралуы соғыс бітуіне қалса керек.

Қалай болғанда да заң жобасы жасалып, заң болып шығуы ықтимал болған соң, қазақтың енді істейтін ісі не?Ол жайын келесі мақалада айтпақпыз.

«Қазақ» газеті, №171,  1-бет,  20 ақпан, 1916 жыл, дүйсенбі.

Тұп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас.

Жалғасы бар…

 

ПЕТРОГРАДСКОЕ ПИСЬМО: Будет ли призыв?

 

У казахского народа было большое желание знать правду в вопросах призыва казахов на воинскую службу, о законопроектах по данному вопросу, об его обсуждении в учреждениях и организациях имеющих отношение к казахам, вопросу который вызывает тревогу и будоражит народ.

Так и наступило время начала заседания Гос.Думы. Если подготовлен проект закона о призыве на службу, не окажется ли такой шаг Думы неверным, не будем ли мы, потом кусать локти, что не позаботились о судьбе народа, с такими тревожными мыслями к началу работы Думы, еще до отъезда представителей от казахского народа в Петроград, пришло известие о том, что из числа депутатов-мусульман должны прибыть представители к казахам, для согласования, и совета по нашему вопросу. Это известие подстегнуло известных людей, считавших необходимым направить представителей в Петроград, и работы в этом направлении возобновились с большим рвением. За короткое время, сообщение может преодолеть большие расстояния. Нас никто не поддержал, когда мы со страниц газет говорили о необходимости призыва казахов на службу. Когда, с одной стороны, наступает враг и бушуют пожары, большинство людей в органах заняты грызней двух непримиримых партии, и слышать ничего не хотят кроме их взаимных обвинений. В таком случае, осталось только «не ждать милостей от далёкого большинства, а примкнуть к близкому меньшинству». Выслушав нас и приняв наши доводы, близкие нам аксакалы (старейшины), и уважаемые люди, проявили благосклонность, взяв на себя все расходы по отправке представителей в Петроград, о которых мы упоминали в №168 газеты «Казах».

В Петрограде, с помощью депутатов, всё прояснилось. Газетные сообщения, о том что разработан законопроект о призыве казахов на воинскую службу – всего лишь пустые слова. Также сообщения, что недопущение казахов к воинской службе – это унижение казахского народа, и нужно брать их на службу, что некоторые депутаты поддерживают призыв казахов на службу – неверны.

Шумиха в газетах о призыве казахов на службу, по-видимому основывается на следующем: В июле месяце 1914 года, накануне войны, от Военного Министерства в Совет Министров поступила докладная записка. Но, в этой записке говорилось не о необходимости призыва казахов, а наоборот о не привлечении казахов к воинской службе, и приводилась масса различных доводов. Одним из доводов было то, что казахи не выдержат казарменных условий. В случае разработки законопроекта и принятия закона, были намерения призывать казахов Астраханской и Томской губерний. А казахи  других  областей  будут освобождены от воинской службы, до принятия нового закона. Министр Внутренних Дел говорил: С политической точки зрения к воинской службе не должны призываться все те народы, которые и ранее не привлекались. Выше было сказано, что эта докладная записка была написана перед самым началом войны. Начались военные действия, законопроект не подготовлен, и дело застопорилось. А эту докладную записку газеты раздули, преподнесли её как законопроект. Теперь же стало ясно: законопроекта о призыве казахов на воинскую службу не было, нет его и поныне. Возможно, вскоре разработают, потому, что депутат от партии октябристов – Антонов высказал своё мнение (см.газету «Казах» №170) на совете Гос.Думы 15 февраля. Это во первых. Во вторых, недавно в Военно-Морской Комиссии, на вопрос депутатов, – «Разрабатывался ли законопроект, были ли хотя бы намерения призыва народов на воинскую службу, которые до сих пор были освобождены от него?», Военный Министр сказал: такого законопроекта нет, мы и не думали принимать такой закон. Против этого выступили сторонники «правых», – депутаты националистической партии, с мнением о необходимости призыва на службу те народы, которые до сих пор не призывались. На это Военный Министр сказал: подготовить проект закона и внести его на рассмотрение в Гос.Думу, для нас нетрудно. Допустим, подготовим законопроект, внесем в Гос.Думу, будет принят закон, но я не могу сказать, что в это военное время от этого дела будет большая польза. Потому, что из ранее не призывавшихся народов, мы сможем собрать около тридцати тысяч человек. И, это тридцатитысячное войско, не такая уж большая сила.

Итак, этот вопрос так и остался нерешенным. Из слов Военного Министра следует, что возможно законопроект будет разработан и внесен в Гос.Думу. И депутаты Думы могут добиться принятия такого закона. Далее, еще один спорный момент: Будет ли производиться призыв в военное время? Из слов Военного Министра можно заключить: призыва на службу в военное время не будет. Из всех непризывных народов, самый неподготовленный к войне, – казахский народ. В случае принятия закона о призыве казахов на воинскую службу, должен быть определен возраст призываемых. Конкретно – это молодежь 21-го года. Таких наберется 20-21 тысяча. И это не такая уж большая Армия. В настоящее время, когда наши глаза привыкли и видят многочисленные военные формирования, 20 тысяч бойцов, это совсем даже мало. А теперь касаемо самой работы призыва, то ,что объем работ и затрат, которые необходимо произвести,не оправдаются – в этом  Военный Министр прав.

В связи с тем, что у казахов нет метрики, предстоит большая работа по определению возрастов. Обучить казахов, незнающих русского языка, военному искусству – дело непростое. Итак с войсками сформированными из казахов хлопот будет много, а пользы будет мало. Слова, Военного Министра, что в военное время, проводить такую большую бесполезную работу нет смысла и времени, – не простые звуки и с этим можно согласиться. Подытожив всё вышесказанное, можно сказать что: Проект закона о призыве казахов на воинскую службу будет разработан. Этот законопроект будет внесен на рассмотрение в Гос.Думу, будет принят закон о призыве, но сам призыв будет проводится в послевоенное время. Как бы там ни было, когда велика вероятность принятия закона о призыве, что делать казахам? Об этом мы поговорим в следующей статье.

Газета «Казах» №171, стр.1, 20 февраля, 1916 год, понедельник.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 28
Талдықорғандағы көне кинотеатрлар
Қажет дерек

Талдықорғандағы көне кинотеатрлар

October 5, 2026
Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?
Қажет дерек

Қала кинотеатрлары қалай өзгерді?

September 24, 2026
45 тағдыр
Қажет дерек

45 тағдыр

September 8, 2026
We Still Study the National Liberation Uprisings
Қажет дерек

We Still Study the National Liberation Uprisings

September 5, 2026
Қажет дерек:  БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ
Қажет дерек

Қажет дерек: БІР КӨШЕ, БІР ТАРИХ

September 6, 2026
Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?
Қажет дерек

Бүйен-Ақсу көтерілісінің жетекшілері кім?

August 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz