Басы: Петроградқа барған мұсылмандардың және мұсылман- депутаттардың фракцияда құрылған кеңесінде, қазаққа керекті мәселелер тұрасында да сөз болды. Қазақ мәселелерінің ішіндегі ең маңыздысы – әскерлік пен жер мәселесі екендігі айтылды. Қазір соғысқа қатысы бар мәселелерден басқалардың бәрін жауып қойып отырған соң, жер жайын сөз қылғанмен, ешкім оған құлақ асып тыңдамайтын болған соң, жер мәселесі ауызға алынбайтын болған. Әскерлік мәселесі соғыс кезінде қозғалса қозғалса, қолайлы болып табылмайтындығы айтылды. Соғыстан соң әскерге алса да түбінде қазақ жаяу солдаттыққа жоқтығы, казарма тұрмысына шыдамайтындығы айтылды. Қазақ “атты казак” болудан басқаға жарамайтындығы айтылды. Қазақ және басқа мұсылмандарға ортақ басқа бірдей мәселеден: Мұсылман депутаттарының Думаның сыртқы блогында қосылу-қосылмау керектігі кеңеске салынды. «Блокка» қосылу-қосылмау турасында кеңестегілердің пікірі екіге бөлінді. Екіге бөлінуінің себебі: «Блокты» керек қылғандар, өздері іздеп барып қосылмаса, шақырып басқалардың қосылуын керек қылып отырған блок жоқ. Кімде кім блокқа қосыламын десе, блоктың бағдарламасына мойын ұсынып, содан соң басқа жаққа бұрылмайтын болып қосылмақ. Блоктың бағдарламасында 13 тарауы бар, онда бұратаналар үшін бір нәрсе істейміз деген сөз жоқ. Сондықтан бұратаналар қосылып, бұратаналарға керекті мәселені қозғаса, блок қай көзбен қарары белгісіз. Блоктың бұратаналар жайын ашып айтып, бағдарламасына кіргізуге тілдері жетпей отырған жоқ. Басқа мәнісі бар. Ол мәнісі мынау: Блоктың, бір басында Россия қол астындағы жұрттың бәрі бірдей құқық жүзінде тең болсын дейтін бағдарламасы бар Кадет партиясы, екінші басында орыс-орыс, бұратана-бұратана деп екеуіне екі түрлі қарайтын яғни, басқалардың төбесі орыспен тең болуын жақтырмайтын орыс ұлтшылдарының партиясы. Бұл екеуі Программаларының жүзінде, бір-біріне алыс партиялар. Екеуін қазір бір блогқа келтіріп отырған Еуропа соғысы. Бұл соғыс не істетпей, не көрсетпей отыр. Болмас дегенді болғызып, көрмеймін дегенді көргізіп отырған жоқ па? Кадет пен ұлтшылдар партияларының бірігіп, іс қылып отырғандары сол болмас деген істің бірі. Соғыс намыс қоздырды. Партия бағдарлмалары басқа болғанымен намыстары бір. Намыстан туған бәрінің мақсаты – немісті жеңу. Немісті жеңу үшін соғыс жұмысын жұрт болып жүргізу. Жұмыстың басында сенімді Үкімет болу. Осы күнгі Үкімет соғыс жұмысын ұқсатып істей алмайтындығына көздері жеткен кезде, істі түзету үшін сенімді үкімет қолына беру керек деп жасалған блок. Блоктың асыл мақсаты осы. Бағдарламадағы істердің бәрі де соғысқа пайдасы тиер ме деген істер. Басқа жұмыстарды қатыстырудан блокшылар қашады. Әсіресе, бұратаналар мәселесі қатыса бастаса, ұлтшылдардан шу шығуы мүмкін. Түсінікті тілмен айтқанда бұл блок – айып пен жаза екеуінiн басын түйістіріп отырған шеңбер сияқты. Онан ары иемін десе, сынып кетуі ықтимал. Блок мақсаты біткен жоқ. Сенімді Үкіметке әлі жеткен жоқ. Соған жеткенше Блок сынып, бөлініп-бөлініп кетпесін деп блокшылар блогын қорғап отыр.
Блок жайы солай болған соң, фракция кеңесінде былай етуге қол қойысты. Мұсылмандарға керекті бірнеше мәселелерді оларға: Сол мәселелерді алып барып блокшылармен сөйлесуге, ондай мәселелерді бағдарламаларына кіргізуге болады десе, кірерге, әйтпесе, кірмеген күйде тұра беруге, ол мұсылманға керекті деген мәселелер мыналар: 1) Бұратаналық жағынан қойылған бөгендерді жоғалту. 2) Депутаттық құқығынан айырылған жұрттардың құқыктарын қайыру. 3) Бір діннен екінші дінге көшу рұхсаты қай деңгейде болса бірдей болуы. 4) Мәселе реттерін түзету. 5) Мүфтиліктердің мекемесін түзету. 6) Мұсылман мектептерінде оқыту ана тілінде болуы.
Бұларды қабыл етпесе, мына мәселелерді қабыл етсе де керек:
1)Әр жұрт өз мейрамында саудасын жауып, басқаның мейрамында жумысын істей беру.
2) Мұсылмандардың рухани мекемелерін жөндеу.
3) Мұсылмандар жолындағы бөгеттерді жоғалту.
Бұның қайсысында болса, есеміз кетіп барады. Қабылдаса қабылдар, әйтпесе, қалар, деген оймен ғана блокшыларға айтып көрмекші. Әйтпесе, срғыс кезінде соғысқа пайдасы тиерлік істер болмаса, басқаға мойын бұрмаймыз деп отырғанда, мұндай кілең ғана мұсылмандарға керекті мәселелерді программаларына кіргізер деуге үміт аз. Қазаққа керекті мәселелердің кеңесі мұсылман фракциясында осымен бітті. Қазақтың жер тұрасындағы мәселесін де соңғы үш мәселенің төртіншісі етіп кіргізсе қалай болар деушілер болып еді, ол мәселені бұл күнде қозғаудың қолайсыздығы баян етілді. Жер мәселесі манағылардай: болса болар, болмаса қалар дейтін мәселе емес. Екі жақтың арасында ұтыстағы мәселе. Қанын төгіп, қайрат қылып мұжықпен қатар отырып жүгініске түсіп, қазақ сөзін тыңдатып, ұтам дейтін шақ бұл емес.
СІБІР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ МӘЖІЛІСІНЕ
Қазаққа керек мәселелердің қалғаны земество мен депутаттық құқығын қайыру. Бұл екеуін мұсылман фракциясы арқылы қозғамай, басқалар арқылы қозғау қолайлы табылады. Қазаққа депутаттық құқынын қайыру мәселесін тіпті Дума жақтан қозғау емес, Гос. Совет жағынан қозғау қолайлы деген мағлұматпен Совет жағынан қозғауға жол қаралды. Гос. Советтің екі толық мүшесі қозғамақшы болып, уәдесін берді.
Земство мәселесін Сібір депутаттары арқылы қозғау қолайлы болды. Оның қолайлығы мынау: Блок бағдарламасының 5-ші тарауында Россияның шеткі алаптарындағы жерлерге земство берілсін деген сөз бар. Біздің жеріміз де Россияның шеткі алабында, бізде де земство жоқ. Солай болған соң біз де блок бағдарламасының 5-ші тармағына дөп келеміз. Біз сияқты шеткi алаптағы жерлерде земство ашылу мәселесі қозғалып, газеттер жүзінде ауызға алынады. Мысалы, Кавказ, Сібір алаптары. Қазақ облыстарында земство ашылады деген ауызға алынбайды. Оның себебі, әуелі Думада депутатымыздың жоқтығы. Екінші земствоның керектігін біздің қазақтың біліп жетпейтіндігі. Бізге земство беру керек деп айтып отырған депутатымыз жоқ болса, земствоны керексініп іздеп отырған халық тағы болмаса, земство береміз деп, айтар ма? Тіпті, ортадан ойып, земоствоға кіргізбей қойған Астрахан қазақтары да мұның дұрыс емес деп айтқан жоқ. Алды керек қылмаған, аз демеген, қумаған соң былайғысы да солай демекші. Бірақ земствоны керек қылмай отырған жұртқа земствоның керегі не деп ешкім айта алмайды. Земствоны мұжықтарда керек қылып отырған жоқ. Керегі бар деп блок өзі бағдарламасына кіргізіп отыр. Әсіресе осы соғыс кезінде земствоның пайдасы көп тиген соң, халыққа беру керек десіп тұр. Сөйтіп тұрғанда бізге де земство бер деп сұрауымызға нағыз қолайлы шақ. Сондықтан Сібір депутаттарының табында болғанда, қазаққа да земство керектігі айтылады. Қазақпен қатар отырған мұжықтардың, земство ісіне келгенде бірінен бірінің артық-кемі жоқ екендігі сөйленеді. Сонан соң Сібір депутаттары, Сібір облыстарында земство мәселесін шешуге кірісуі керек.
«Қазақ» газеті, 1-бет, №174, 23 март.
Тұп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас
Жалғасы бар….
ПЕТРОГРАДСКОЕ ПИСЬМО: Мусульманской фракции
На созванном совете фракции мусульманских депутатов обсуждались и вопросы касаемые казахского народа. Среди казахских вопросов самыми значимыми являются – вопрос воинской службы и вопрос земли.
Об этом было сказано там же. Сейчас, когда рассматриваются только вопросы имеющие отношение к войне, хоть и поднимался вопрос земли, на него не обращали особого внимания и он был закрыт.
Говорилось и о нецелесообразности призыва казахов на воинскую службу в военное время и о том, что в случае их призыва в послевоенное время, в будущем, – казахи не могут служить в пеших войсках, что они не вынесут казарменных условий, что казахи могут служить только как «конные казаки».
Также был внесен на совет вопрос, общий для казахов и других мусульман: вопрос о присоединении казахов к внешнему блоку депутатов – мусульман.
На совете мнение разделились надвое: присоединять – не присоединять.
Причина разделения мнений: когда нужен будет блок, пусть сами идут и присоединяются, а так, чтобы приглашать в блок – нет, блок не нуждается в пресоединении к ним других. Если кто и захочет присоединисться к блоку, то должен будет строго придерживаться программы блока.
В программе блока 13 пунктов, там не говорится о создании особых условий или других льгот для новых членов. Поэтому, если присоединятся новые члены и будут расматриваться вопросы, решение которых нужно им, т.е. «новичкам», еще неизвестно как на это посмотрит сам блок.
Дело не в том, что блок не может открыто обсуждать положение новых членов, внести их вопросы в свою программу, а в том, что в блоке есть кадетская партия со своей программой в которой говорится, что все народы России должны быть равноправными, – это с одной стороны, а с другой стороны есть националистская партия, которая говорит: русский народ – это русский народ, а другие народы – это другие народы, и смотрят на них по – разному, они против уравнивания прав других народов с правами русского народа – это партия русских националистов. Эти две партии и по своим программам – далеки друг от друга. Их объединила в один блок Европейская война. Чего – только не неделала это война. Случается то, что не должно было случиться, мы видим то, что не должно было быть увиденным. Вот и эти две партии объединившись в один блок делают работу. И это случилось и этого не случилось бы в другое время. Война затронула честь Отечества. Хотя программы этих партий разные, но честь и Отечество у них общее.
Отсюда и общая цель – победа над врагом. Во главе Отечества должно стоять надежное правительство. Сегодняшнее правительство слабое, не может решать вопросы военного времени, убедившись в этом, и для выправления положения с помощью другого надежного правительства был и создан этот блок. Это и есть заветная цель блока. Программы в основном составлены из задач касаемых войны, решение которых приблизит победу.
Блогисты избегают других вопросов.
Особенно, если ставится вопрос о правах малых или других народов, начинается шум-гам националистов.
Говоря понятным языком – этот блок, как круг заключивший в себя две головы,- виновных и невиновных и столкнувший их лбами.
Если продолжать гнуть палку, она может сломаться. Задачи блока еще не решены. Еще нет надежного правительства. Чтбы дождаться его, не сломать, не разделиться на части – блогисты защищают свой блок.
Так обстоят дела в блоке, поэтому на совете фракции было подписано такое соглашение: важные для мусульман вопросы, они могут предложить в блок, для внесения в Программу, а блогисты должны принять решение о внесении – невнесении этих вопросов в Программу блока. Важные, для мусульман задачи таковы:
- Убрать все препятствия и ограничения для нерусских народов.
- Народам, лишившихся прав на депутатство- восстановить права.
- Разрешения на переход от одной религии в другую должен быть одинаков на всех уровнях
- Соблюдать, привести в порядок, очередность рассмотрения вопросов.
- Восстановитьорганизацию муфтиатства.
- Обучение в мусульманских школах проводить народных языках народов.
В случае непринятия этих вопросов, предлагается к рассмотрению следующие:
- Каждому народу предоставить право на отдых в свои праздники, а в праздничные дни других народов продолжать работать.
- Произвести ремонт и привести в порядок мусульманские духовные учреждения.
- Снять ограничения и препятсвия на пути распространения мусульманства.
Какого – бы вопроса, из перечисленных, не коснулись мы несем потери. Эти наши вопросы, если будут приняты – хорошо, не будут приняты – так хоть ознакомятся, рассмотрят. С такими мыслями мы направляем их в блок. В это военное время, когда рассматриваются вопросы только военного характера, надежды на то, что вопросы, решения которых нужны только мусульманам, будут внесены в программу-мало. Совет по казахским вопросом во фракции мусульман на этом закончен. «Казахский вопрос о земле надо бы включить отдельным пунктом, в предлагаемый список», говорили некоторые, но подумав, решили, что в данный момент поднимать его нет смысла.
Вопрос о земле это не тот вопрос, о котором можно особо не беспокоиться: вроде того – примут – не примут, рассмотрят – нет. Этот вопрос – спорный вопрос, решаемый в противостояний. И сейчас не время сидя рядом с «мужиком» вести споры до крови, до пота, заставить слушать слово казаха, доказывать и победить, то есть добиться своего. Сейчас не время.
СОВЕЩАНИЮ ДЕПУТАТОВ СИБИРИ
У казахов остались еще два вопроса, которые необходимо решать – это вопрос «земства» и вопрос восстановления прав на депутатство.
Думаем, что эти вопросы лучше прорабатывать не через фракцию мусульман, а посредством других. Вопрос восстановления прав казахов на депутатство нужно поднимать даже не в самой Думе, а в Гос. Совете. Мы сочли этот вариант приемлемым и ведутся некоторые подготовительные работы. Два полноценных члена Гос. Совета обещали нам поднять наш вопрос.
Вопрос «земства» лучше решать с помощью депутатов Сибири. Так, один из пунктов программы блока гласит: отдаленным обширным территориям России предоставить земство. Наша земля тоже окраина России. Но у нас нет земства. Однако, мы подпадаем под этот пункт программы. На страницах газет будут освещены вопросы предоставления земства окраинным территориям России, например – Кавказ, Сибирь, а о предоставлении земства казахским областям не говорится ничего. И главной причиной тому, отсутствие своего депутата в Думе.
Во – вторых – сами казахи недопонимают о важности получения земства. Когда нет депутата постоянно твердящего о предоставлении нам земства, когда народ не просит земства, как будто оно ему и не нужно, кто – же придет к нам и скажет:
Вот вам земство, мы даем вам ее. Даже астраханские казахи, промолчали, когда их не включили в состав земства.
Если предшествующие молчали, не добивались, последующие поступят также. Однако, народу который не не просит земства, никто и не скажет зачем вам земство. «Мужики» тоже не просят земства оно им и не нужно.
Это блок говорит, что нужно предоставлять земство и включает вопрос в свою Программу. Особенно в это военное время, когда земство принесло много пользы, поговаривают о необходимости предоставления земства народам. Вот самое время, когда нужно просить земство и для нас казахов. Поэтому, когда мы будем на съезде депутатов Сибири, будет сказано и о предоставлении «земства» казахам. Когда вопрос земства коснется и «Мужиков», живущих бок о бок с казахами, не будут искать различий между нами.
После этого, депутаты Сибири должны перейти к решению вопроса предоставления земства сибирским областям.
Газета «Казах» №174, стр 1, 23 марта 1916 года.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











