1.Жетісуға бөтен округтерден, яки бөтен облыстардан сондағы уақиғаларға қатысы жоқ әскерлер жіберілетін болсын.
- Мұнда күшті және eкi жақтың біріне тартпайтын үкімет жасалсын;
- Облыстардағы орыс халқының астықтары көптің пайдасына алынсын реквизиция қылынсын;
- Мұсылмандарда олардағыдай астық жоқ, бірен-саран астығы бар мұсылмандардан әлдеқашан ол астықтар алынып қойылған. Бұл астықта халыққа жетпейтін болған себепті оның үстіне Ақмола және Семей облыстарынан астық сатып әкелуге қам қылынсын, содан соң ол астықтар жылдамырақ ашаршылық басталған жерлерге жеткізілсін.
- Кездеме және халыққа бірнеше зәру басқа заттар бүкіл облыста жоқ болған cебептi таланған қырғыз – қазақтар болсын, қара шекпенділер болсын қазынаның беретін жәрдем ақшасына тауып ала алмайды. Сол үшін қазынаның бермекші болған он бip мың сом ақшасына әлгідей зәру заттар, басқа жерлерден сатып алынып, халыққа ақша орнына сол нәрселер үлестірілсін;
- Былтырғы уақиғалардың салдарынан зиян шеккен жұрттарға қазынаның беретін жәрдемін үлестіретін азық – түлік комитеттері ылғи орыстардан жасалған. Олар өздерінің тәртіпсіздіктері себепті, тиісті жәрдемді халыққа лайықтап үлестіре алмайды. Соның үшін қырғыз – қазақ халқына тиетін сыбағасы солардың өз ұйымдарына тапсырылсын, яки орыс, қазақ аралас ұйымдар жасалсын, жәрдемді тиісті орнына табыс қылу керек. Сол жәрдем жеткізуші ұйымдар міндетіне артылу керек.
- Қазақ – қырғыз жерлерін арендаға беру осы күннен – ақ, тоқтатылсын. Ал енді бұрын арендаға беріліп қойған жерлердің аренда ақшасы ашыққан қазақ – қырғыздардың өздеріне берілсін.
Қазақ – қырғыз және мұсылман облыстық комитеттерінің төрағасы
І. ЖАЙНАҚОВ.
“Бірлік туы ” газеті, № 11, 1917 жыл.
Түп нұсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас
ТЕЛЕГРАММА Ы.ЖАЙНАКОВА В «КОМИССИЮ ПО
ВОПРОСАМ ТУРКЕСТАНА» ПРИБЫВШЕЙ ИЗ
ПЕТРОГРАДА В ТАШКЕНТ.
Необходимо:
1.Направлять в Семиречье военные отряды не имеющие никакого отношения к тамошним беспорядкам;
2.Создать в Семиречье две ветви власти , чтобы ни одна из них не была довлеющей, была равносильной, равнозначной.
- Пшеница и другой урожай находящийся в амбарах русского народа изъять в пользу общества, т.е. в пользу государства. Произвести реквизицию.
- У мусульман нет такого количества урожая, немного, что было – давно изъято. Хлеба не хватает, поэтому принять меры по закупке и доставке хлеба из Акмолинска и Семиполатинска, и незамедлительно доставить его в районы бедствия, голодающим:
- Необходимые вещи, в которых нуждаются киргиз-казахи, русские и другие народы, подвергшиеся разграблению и разорению должны быть закуплены на те 11000 рублей выделенных из казны, хоть за пределами области, привезены и распределены среди народа .
- Выделены средства для оказания помощи пострадавшим от прошлогодних беспорядков. Комитеты по распределению продовольствия и другой помощи для пострадавших состоят сплошь из русских людей. Они в силу своей нечестности не будут справедливо вести распределительную работу. Поэтому доля киргиз-казахов должна быть передана казахским обществам (комитетам) или же нужно создать русско – казахский смешанный орган, помощь надо оказывать именно нуждающимся. Работа по распределению должна быть возложена на этот орган.
- С сегодняшнего для прекратить сдавать в аренду киргиз-казахские земли. А деньги вырученные от сданных ранее в аренду земель, отдать самими голодающим киргиз-казахам.
Председатель киргиз-казахского и мусульманского областного комитетов Жайнаков
Газета «Бирлик туы» №11, 1917 год.
Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык – Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.
Жалғасы бар…











