Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жобалар

Туған жер толғаулары

admin
2025/12/19
Арнайы жобалар
0
Туған жер толғаулары

1961 жылы Жетісудың төрінде, Алакөлдің жағасында өмір есігін ашқан Қанатай Иманғалиев өнерге ғашық, жүрегі таза, рухы биік азамат. Балалық күнінен-ақ ол әлемді бояумен сөйлетті. Табиғаттың сұлулығы оның жан дүниесін өнер жолына жетеледі.

Артынан Алматыға оқуға келді. Ал 1986 жылдың суық желтоқсанында оның жастық шағының тағдырлы сәті келіп жетті.

Қанатай Әбиахметұлы қазақ жастарының намысы үшін алаңға шыққан желтоқсаншылардың бірі болды. Бұл – оның өміріндегі ең үлкен сын, ең үлкен ерлік болатын.

Сол күндер оның жүрегіне тәуелсіздікке деген шексіз махаббат пен азаматтық ұстанымның мәңгілік мөрін басып кетті. Уақыт өте ол туған өлкесіне оралып, сурет және сызу пәнінің ұстазы болды. 30 жыл бойы жүздеген балаға өнердің қыр-сырын үйретіп, өмірдің әсемдігін сезіндірді.

Зейнетке шыққаннан кейін де өнерден қол үзген жоқ. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» қарттарға шабыт сыйлап, әр күнін жақсылыққа арнап келеді.

Қанатай Әбиахметұлы –         өнерін халқына арнаған ұстаз, намысты желтоқсаншы, Жүрегін адамға, өмірін өнерге бағыштаған азамат. Өнерге деген адалдық – оның мәңгі жолы.

Ал ұрпаққа сіңірген еңбегі – оның мәңгі мұрасы.

 

Туған жерге адалдық

 

Қазақ поэзиясының бүгінгі өрісінде өлке тағдыры, табиғаттың тылсымы мен туған жерге сүйіспеншілік тақырыптары ерекше мәнге ие. Сол бағытта жазылған Иманғалиев Қанатай Абяхметұлының шығармалары – Жетісу аймағының рухани келбетін көркем бейнеде танытатын туындылардың бірі.

Автор поэзиясы – жер мен адамның рухани байланысын айшықтайтын көркем айғақ. Оның «Жетісу тауы», «Алакөл», «Талдықорған», «Өзен» секілді өлеңдерінде табиғат пен адамның жан дүниесі тұтас күйінде көрінеді. Мәселен, «Жетісу тауы – биік шың, көкке қол созған ұлы ным» деген жолдарда туған өлкенің көркі ғана емес, рухтың асқақтығы мен өмірге сенім идеясы қатар өрілген.   «Алакөл» өлеңінде табиғат бейнесі символдық деңгейге көтеріліп, көл толқыны мен адам жанының үндестігі беріледі: «Көл беті айна, таза әуен, көрінісің де ғажайып әлем». Бұл жолдарда автор сезім мен кеңістік гармониясын нәзік ырғақпен өрбітеді.
Жинақтағы «Елім менің», «Қазақстаным» өлеңдері поэзияның азаматтық үнін айқын көрсетеді. Ақын елдік рухты пафоссыз, қарапайым лирикалық тілмен бейнелейді. Мұнда патриотизм сыртқы ұран емес, жүректен шыққан ризашылық пен мақтаныш сезімі ретінде беріледі.
Өнер мен еңбек тақырыбындағы «Болатбек шебер бауырыма», «Шеберлік», «Құрақ көрпе» сияқты туындыларда қазақтың қолөнер мәдениеті мен дәстүр сабақтастығы көрініс табады. Бұл өлеңдер тек эстетикалық емес, этнографиялық мәнге де ие.
Адамгершілік, отбасы мен ұстаздық тақырыбындағы «Ана», «Әке», «Ұстаз күні», «Бала», «Қыз бала» секілді өлеңдер жинақтың тәрбиелік өзегін құрайды. Мұнда автор қазақтың отбасылық этикасы, ұят пен мейірім философиясын поэзия тілімен жеткізеді.

Мысалы: «Анасыз өмір – қу тақыр, мейірімсіз күндей қара түн» – деген жолдарда ана бейнесі өмір мен жылылықтың символы ретінде көрініс тапқан.
Табиғат пен мезгіл тақырыптарына арналған «Көктем келді», «Жаз», «Қыс», «Кеш», «Түн», «Жаңбыр» өлеңдерінде жыл мезгілдері мен адам көңіл-күйі арасындағы параллель нәзік байқалады.

Ақын табиғат құбылыстарын сыртқы сурет ретінде емес, ішкі сезім динамикасы ретінде береді: «Жаңбырдың тамшысы тырсылдап, тереземді бір ұрғылап» – деген жолдарда табиғат үнін адам жүрегінің тынысымен ұштастырады.

Қанатай Иманғалиевтің өлең тілі қарапайым, бірақ бейнелі. Автор көбіне төрт тармақты шумақтармен жазып, қазақтың дәстүрлі 7-8 буынды өлең өлшемін сақтай отырып, заманауи ырғақ енгізеді.
Бұл – аймақтық поэзия мен қазіргі еркін лириканың тоғысуының айқын мысалы.

Жинақ жалпы мазмұны жағынан тек көркемдік құндылық емес, өлкетану мен рухани тәрбиенің дереккөзі ретінде де бағалы. Мұнда Жетісу өңірінің табиғаты, мәдениеті, тілі мен тұрмыс бейнесі поэзия тілімен хатқа түскен.

Сондықтан бұл еңбек – қазақ аймақтық поэзиясының заманауи кезеңдегі маңызды үлгісі, әрі туған жерге адалдық пен ұлт рухын дәріптеудің көркем куәсі.

Қажет АНДАС, өлкетанушы, журналист,

«Жетісу өлкетанушылар орталығы» ҚБ директоры,

Q-Andas ақпараттық агенттігінің бас редакторы.

 


Сөзбен сүрет салған

 

Тұлпарда да тұлпар бар, қазан аты бір бөлек, жігіттеде жігіт бар, азаматы бір бөлек” дегендей, өнердің бір түрін игеру ол шеберлік, ал жігітке жетпіс өнер де аз деп өмірінің баршасын сол салаға арнағандар некен саяқ. Сурет салу, сызу сызу, қол еңбегі -солармен қатар алып жүру бұл күндері көптеген ұстаздың мамандығына айналды. Баланың осы өнердің қыр-сырына қанықтыру, оған жол сілтеп, дұрыс бағдар беру тек өз мамандығына адал, жан жүрегімен сол өнерді өміріне арқау етіп жүрген ұстаздың ғана қолынан келетін іс.

Менің әріптесім Қанатай Абяхметұлы Иманғалиев, Жетісу өңірі, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы Мұхамбетбай Мынбайұлы атындағы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің ұстазы. Өз ісінің майталманы, талант шәкірттері аудандық, облыстық, Республикалық байқауларда бақтарын сынап, жүлделі атанып жүр. Қанатай тек білікті маман ғана емес, ол — өнер шығармашылығын іздестіре жүріп, өзі де талай мәрте жеңімпаз атанып жүрген ұстаз. Оның үздік өнер туындылары бабалар аманаты жобасының бес томында жарық көрді. Ол тек қылқалам шебері емес, оның бойында поэзияға құштарлық, сұлу сезім, шынайы лирикаға бай бір ақын ұстаз. Әр шығармасында терең ой, әсерлі сезім, өмірге, елге деген сүйіспеншілік сарыны аса бай. Бұл поэзияның әуезділігімен, ауқымдылығымен, сыршылдығымен тәнті етеді.

Өлеңдері Жетісудың аса дарынды ақындары Ілияс пен ақын Сара Ақсудың суындай арындап, Алакөлдің толқынындай тасың, Лепсінің суындай толқып, ерекше түрленіп тұрады. Өнердің бар саласын қамтып жүрген, қазақ өнерін алға сүйреген, шәкірттеріне үлгі болып, шығармашылықтың ең күрделі соқпағына баулыған дарын иесі. Қанатай өз білгенін, шеберлігін, үнемі Республика көлеміндегі әріптестерімен бөлісіп, бірнеше Республикалық симпозиумдерге қатысып, шеберлік сыныптарын өткізіп жүрген білікті маман.

Жаныңда жүр жақсы адам деген сөз тіркесі осы Қанатай Абяхметұлына әбден лайық теңеу. Лирикаға жаны құмар, қылқалам шебері, графиканың майталманы, ағаштан түйін түйетін шебер, ол тек шәкірттерінің ғана емес, барлық әріптестерінің алдында үлгі, эталон боп жүрген ұстаз. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған оның жыр шумақтары, сіздерді өмірдің сан алуан қылпына жаңаша көзбен қарап, ерекше жігерге бөлеуі әсерлендіретініне сенем. Қанатай әріптесім, өнердің асқар тауына аяң басып келе жатқан қадамың қарқынды, қаламың жүйрік, ойларың тереңдей берсін, жерлесім!

Серіқхан Қожаханұлы Мадиғалиев,
Еуразия дизайнерлер Одағының мүшесі,
Ұлттық Дизайн Академиясының академигі,
Қазақстан Дизайнерлер Одағының мүшесі.

5 1 vote
Рейтинг статьи
Қаралым 77
Ұлттық киім – ұлт құндылығы
Көрме

Ұлттық киім – ұлт құндылығы

March 19, 2026
35 кітаптың таныстырылымы
Көрме

35 кітаптың таныстырылымы

February 27, 2026
Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?
Көрме

Андас Омарақын кітаптары несімен құнды?

February 27, 2026
13 жылдық белес
Грант

13 жылдық белес

February 18, 2026
Ректор гранты
Грант

Ректор гранты

February 13, 2026
Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ
Арнайы жобалар

Жолым ұзақ , Жететін жерім жырақ

January 27, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz