Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
kz Қазақ qz Qazaq tj توتە جازۋ ru Русский en English
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қасиетті жерлер

ЖҰМБАҚ КӨЛ

admin
2025/02/01
Қасиетті жерлер
0

Орналасқан жері: Алакөл ауданы, Сапақ ауылының маңында.
Зерттелуі: өлкетанушы-журналист Қажет Андас зерттеп жүр.
Сипаттамасы: Ауыл іргесіндегі жотаға орналасқан, ұзындығы – 50, ені 30 метрден аспайтын, тереңдігі 7-8 метрге таяу көлдің құпиясы көп. Жергілікті тұрғындар «Өлі көл», «Қанды көл» деп неше түрлі атайды. Көлге шомылған талай адам ажал құшқанын тіксініп еске алады. Осында тұратын 82 жастағы Владимир Каламисов аталарының аузынан талай азаматты көл суы жұтып қойғанын естіп өсіпті. Ол кезде көл «Мыткина» деп аталады екен. Оның аталары бұл жерге 1882 жылы ішкі Ресейден жер аударылып келіп, қоныстанған. Өзі 15 ауылдасының көлге батып, қайтыс болғанына куә болыпты.
Аңыз-әңгіме: Ауылдағы көнекөз қариялармен көл жайлы әңгімелессең осындай қайғылы оқиғалардың талайын естисің.
– 1967 жылы бір ауылдасымыз әскерге кететін күні достарымен бірге көл бойына қыдырып барып, суға түседі. Өзі де денелі, су жағалап өскен жігіт еді. Өкінішке орай, көл түбіне тартып әкетеді. Ауыл адамдары жиналып, екі күн іздеп, денесін таппадық. Сосын көлдің жанына үлкен арық қазып, көл суын екі күн ағызғанда да су деңгейі түспеді. Сосын су соратын машине әкеліп, суға жүзетін мамандар шақырылды. Суға жүзетіндер көлге түсіп шыққанда мұрын, құлағынан қан кетіп, есінен танып қалды. Олар көл суының беті жылы болғанымен, тереңдеген сайын қысымы жоғарылап, мұздай суықтайтынын, көл түбінен бұрқылдап шығып жатқан үш бұлақ көзі барын айтып еді. Ақыры су жұтып кеткен жігіттің өлі денесі табылды. Бір қызығы, көл жұтып кеткен мүрделер су бетіне қалқып шықпайды. Су түбінде тікесінен-тік тұрып қалады, – деп әңгімеледі өзі куә болған оқиға жайлы Сапақ ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұратқан Әлкенов ақсақал.
Көлде екі түрлі таңғажайып құбылыс бар. Бірі көлге құятын судың қайдан келетінін, қалай ағып шығатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Көл суы не көбеймейді, не азаймайды. Енді бірі батқан адамдарды көл суы бетіне шығарып тастамайды. Ауыл азаматтарының айтуынша, кезінде атаман Анненков осы жолмен Қытайға асып бара жатқанда істен шыққан қару-жарақтарын көлге ылақтырып кеткен. Кеңес одағы тұсында жұмбағы көп көлді тексеруге бір топ географ келіп, оның сырын аша алмапты. Алақандай көл құпиясын ішіне бүгіп, әлі сол қалпында тұр.
Қанша қорқынышты болса да көлге шомылатындар көп. Бір қызығы, көл барлық адамды тартып кете бермейді. Осыған орай, ауыл тұрғындарынан естігенімізді елімізге белгілі химия, физика, география саласының ғалымдарына айтып, хабарласып көріп едік. Олардан:
– Тау басындағы мұздықтың еруінен пайда болған көл суы жер қыртысын аралап, бұлақ көзі арқылы көлге құйып, сол бұлақ көздері арқылы жер астына сіңіп жатқан болуы мүмкін. Ал көл түбіндегі жартас қыртысында немесе топырақта белгілі бір химиялық элементтің мөлшері көп және магнитті қабат болуы ықтимал. Көл түбіне тартып кететін адамдардың денесінде сол элементтің құрамы мол. Әдетте адам суға батқанда қуық безі жарылып, салмағын жоғалтады да, су бетіне қалқып шығады. Бұл көлге батқан адамда ондай белгі болмайтыны анық. Оны зерттеу керек – деген жауап алдық.
Біз жұмбақ көлдің жағдайын жұртқа жеткізуді мақсат еттік. Ал көл суының, топырақтың, жартас қабатының құрамын анықтап, көл суының ағзаға зиянды жағын, сырқатқа шипалық қасиетін нақтылау химия, физика саласы ғалымдарының еншісіндегі дүние. Бұл жерден Менделеевтің кестесінде жоқ элементтің табылуы да ғажап емес.
Сілтеме: «Жетісу» газеті. №120. 2022. 8 б.

5 2 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 127
Қаратал алқабындағы өзендер
Қасиетті жерлер

Қаратал алқабындағы өзендер

August 31, 2026
Қора шатқалы
Қасиетті жерлер

Қора шатқалы

August 31, 2026
Дауылбай тауы
Қасиетті жерлер

Дауылбай тауы

August 31, 2026
Мүнидың зираты
Қасиетті жерлер

Мүнидың зираты

August 30, 2026
Мұзарт асуы
Қасиетті жерлер

Мұзарт асуы

August 30, 2026
Сөк сұлтан Абылайханұлы
Қасиетті жерлер

Сөк сұлтан Абылайханұлы

August 30, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

ӨЛКЕ ШЕЖІРЕСІН СӨЙЛЕТКЕН ҚАЛАМГЕР

November 9, 2026

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

«Бекзат өмір»: өнерге арналған еңбек

November 7, 2026

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

Өлке тарихы ұрпаққа аманат

October 23, 2026

ЖАҢА ҚАҒИДА?  «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

ЖАҢА ҚАҒИДА? «Әлеуметтік кәсіпкерлерге жаңа талаптар түсіндірілді»

October 13, 2026

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

Жұмыспен қамту тәртібінде не өзгерді?

October 12, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2026. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • kzҚазақ
    • kz Қазақ
    • qz Qazaq
    • tj توتە جازۋ
    • ru Русский
    • en English
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қажет дерек
    • Қажет кітап
    • Қасиетті жерлер
    • Қажет ақпарат
    • Халық жады
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Андас Омарақын ізімен
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тұлғатану
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz