Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

Жаркент уезінде

admin
2026/02/23
Қуғын-сүргін
0
Жаркент уезінде

Басы:

Тамыздың 20-сында Тоқпақтан подполковник Гейценнің отряды Ыстықкөлге келді. Орынбордың казак-орысы Нарынға шықты. Алматыдан Қарақолға тура жолмен тау асып, Пешковтың көп әскері келді. Ферғана жақтан Фрунзенің қолы құйылды.

Осы әскердің тепкісіне шыдай алмай қазақ-қырғыз Қытай шегіне үрікті. Қырғыздың бір бөлігі Ыстықкөлдің түстік жағындағы сыртты бойлап, Қашқарға қашты. Енді бірі Кеңсу, Сантас асуымен Қарқараны қырқа басып өтіп, Құлжа ауданына жетті.

Қашқарға қарай көшкен ел орыстың тепкісін онша көрген жоқ. Олар артына жасақ салып, үркіп отырды. Таулардың қиын асуларынан орыс аса алмады. Бірақ елдің малы жолда көп шашылып қалды. Оны айдап алуға аттанып келген қырғыздар мен орыс әскері атысып қалып отырды.

Текестің басынан аса Құлжаға тартқан қазақ-қырғызды әр жерде (Преображенск поселкесінде, Кеңсуда, Қарқарада, Нарынқолда) тоқсан тосқауылға жолығып жаман шығындалды. Нарынқолға үркіп барған Албан үстіне қырғыз көшіп келді. Одан ары Қытай шегіне өткізбеді. Малға шөп таусылды. Ел «орыс келіп қалады» деп қоянша қорықты. «Ат бер, көлік бер», тай-тұяқ, жамбы… тағы талай нәрселер сұрап қытай, қалмақтың ұлықтары елдің есін шығарды. «тарту-таралғы берсең өткіземіз» деп алдап көп нәрсе алды. Ел әбден шашылды.

Бұл уақытта Түркістан генерал-губернаторы Құлжа, Шәуешектегі орыс консулдарына, қытай ұлықтарына «үріккен елді өткізбе» деп хабар қылған еді. Әшейін сөзге жұбауратып алдап малын, тартуын ала берді.

Албанды қуған Бергтің әскері бері жағынан жетті. Ел тайлы-таяғымен атқа мініп, алдынан шығып соғыспақ болды. Бұлардың ішінде тұтқыннан қашқан бір түрік офицері де бар еді. Осы қазақтар қара көрсетіп атысып, асуда орыс әскерін бір күн тоқтатты. Бір күннен соң орыс әскері зеңбіректің астына алып қуды..

Ел үркіп, қалмақтың, ай-шайына қарамай, шекарадан өтіп кетті. Елдің малы, үйі, мүлкі шашылып, далада қалды. Жаяу жалпы шекарадан ары өтті. Қытай шерігі иіріп қойып білгенін істеді.

Орыс әскері тау жағалап отырған қырғызға және соқтығып, қөп адамды қырып, мал-мүлкін тағы талап алды. Қытай, қалмақтардың шерігі орыс жеріне айдаймын деп қорқытып, ат-атанды, алтын, ақ күмісті қолы біліп алып жатыр.

Сөйтіп қазақ-қырғыз бет-бетімен шекарадан өтіп, қытай жеріне сіңіп кетісті. Нарынқол, Сүмбе шекарасынан өткен ел өте күйзелді. Не Қытайға, не Орысқа сия алмай таудың бір қыспағында қалды. Мал жұтады, ел ашықты. Қалмақтың басты кісілерінің қолтығына ел кіре бастады. Әркім өз ауылын сыйдырмақ болып адамын да, малын да қалмақ жуандарына тартуға тартты.

Музарттың сағасынан өтіп шыққан қырғыздарға қалмақ мылтық атып, «орыс келіп қалды» деп қорқытып, үркітіп жіберді. 10 мың үйге жуық елдің бар малын талап алды. Осы қорыққан ел Музарттың ақырған суына түсіп кетіп, бірталайы суға кетті (150-дей адам деседі). Кәрі-құртаң, кемпір-шал, ауру, жаралы, жас бала,  осы қалмақтың шошытқанына тар асуда тайғақ қияда қырылып қалды.

Сүмбе, Пішпек арасынан өткен қазақтар да малдан әбден айырылып жаяу-жалпы Қытайдағы қазақ жеріне жетті. Онда ел баласын, қызын сатып бет-бетімен жан бағуға телім-телім болып, тозып кетті. Басын күйіттеген қазақтар Қытайдың Үрімші деген қаласына дейін жетті.

Қытай, қалмақ жазаны қамшымен өтейді. Көрінген қазақты күрсілдетіп сабап жатқаны. Бірі ұрмайды, бәрі ұрады. Ақырын ұрмайды, жалаңаштап сойып салады. Кейбіреулер қамшы үстінде өліп те кетті. Кейбіреуі шіріген жара болып, жатып жазылды.

Қытай шерігі елді қыстай шекараға қамады. Бірақ ел бойы үйір болып алған соң күнде ұрланып көшіп, ары өтіп таусылды. Шеріктің қолында 400-дей үй қалды.

Желтоқсан ішінде Құлжадан Қытайдың Шамуза деген ұлығы 300 шерігімен келіп, шекараға жақын Мойынша деген жерден үй тіктіріп жатты. Қалмақ-қазақтың, қырғыздың арасындағы жауапты қолға алып, қазақтың малын талауға басшы болған 5-6 қалмақты атып жіберді. Шамуза қалмақтың атақты кісілері: Төрге, Төре Бота, Батмолда, Қорға,. Байын Жырғап сияқты басты адамдарын шақырып еді. Бұлар қорыққанынан қашқақтап, бармай қойды. Қайта әлгілер қазақтың адамдарына жалынып, тығыла берді.

Қазақ құзғындары қалмақ құзғындарынан жауап алып, Шамузадан ана қалмақ жуандарының кінәсін сұрап алды. «Қазір жиып бер» деп дығырлатып, таланған малды жинатқалы жатқанда оның мерзімін бір айға ұзарттырды. Бірақ Шамуза кеткен соң қазақ-қырғызға қалмақ алған малдан шақа берген жоқ. Бірақ баяғы әуенге салып, қазақты қанай бастады.

Қытай шерігінің қолында қалған 400 үйге, шерік көрмегенді көрсетті. 50 басы, он басы сайлап, бірін біріне міндетті қылып, қашпасқа қатаң қаһар қылды. Бұл тіпті ақсүйек болып жұтатты, ашықты. Бір жылқы бір пұт үн болды. Бара бара барлық малды берсе де бір дән табылмады. Ел жасымық жеп, ауру араласып, шыбындай қырылды. Жат жерде, бөтен қонысқа үркіп келіп, күндіз ұлардай шұлап, кісі қойды. Бұлардың адамы тамаққа сатылды. Әсіресе қыз балалар саудаға түсті. Оның үстіне шерік, тұрғын қалмақ тағы талап, қыз, қатынның тауірін құрықтап үлесті. Әсіресе, қырғыз Саяқ деген ел өте жүдеді. Сонда да кедей, нашар жағы жаншылды. Сатылды, торғайдай тозды. Елдегі жуандар, қулар онда тағы созып, әйтеуір 5-10-нан мал тұқымын алып қалғандары да болды. Мұндайлар шерік пен қалмақпен шығысты. Оларға тимеді. Малын шөпті жерге бақты.

Киімсіз кедей жолда үсіп өлді. Аш адам аштан өлді. Ұлы селебе болып, адам жұтады.

Үріккен елдің ішінде болған Албан жігіті Жайпақұлы Манап айтады: «Біз Қытай жерінен қайтып келе жатқанда айдаған малдан жолда өлген қой артқан қабы жыртылып, төгілген тарыдай екен. Қойдың қыстаған жерін көрсек, өрісте қорадағыдай жұтап, жатып қалыпты», – дейді.

Бостандық болған соң елді Қытай еріксіз көшірді. Қазақ басында «Николай түстіге» сенбеді. Сондықтан тентіреп, телім-телім болып жүрсе де орыстың уысынан аман болуға талап етті. Бірақ Қытай көшірді. Жаппай үй көрсе «көш» деп ұратын болды. Ел малды астыққа айырбастады. Тұрғын ел үріккен елдің малын өздерінше базар ашып, саудалап алысты. Осы бір ай ел айдауда болды. Көште сән-салтанат жоқ. Құрым киіз, қоржын арқалаған жаяу көш. Ел ашу, ауру, күйсіз көш. Ал енді күн-түн қуып, Қытай шерігі қырып жіберді. Жолда ілесе алмай болдырып тұрып, жатып өліп қалғандар көп болды.

Мұны көрген Манап айтады. Болдырған аш адам келе жатып        тәлтіректеп жығылады екен. Қайтып бас көтермейді. Су сұрайды. Басын көтере алмай тоқпақтап жатып өзеуреп өліп кетеді. Қонған жерге от жағып айнала отырып бой жылытқан соң, қисайып жатып, түгелімен қырылып қалғандар болды».

«Орыс жеріне» келген соң өткен жылғы өш орыстар, тұрғын тентектер бостандықтың босалаң уақытында тағы шауып, талап білгенін істеп жатты.

Осы алакөздіктің аяғы шекараға жақын, үріккен елдерге 18-19-шы жылдарда да үлкен тынышсыз болды.

Қырғызды да қырып-жойып, айдап, Қарақолға апарды. Пішпек уезінен үріккен қырғызды Нарынға, Сыртқа иірді. Көтеріліс болған жер – Шу бойы, Қошқар алабы, Ыстықкөл төңірегі – барлығына да орыс отырғызылуға қам қылынғаны жоғары да айтылды. Қырғыздың өз қоныс-мекені өзіне тимеді. Орыстың ең мықты дұшпаны қырғыз ұлты саналды. 17-жылдың қысында 500 үй Арық тұқымы деген қырғыз руын Шелек тауына қамап тастады.

Орыстардың қазақ-қырғызды топырлатып ата беретінін көпке созылды. Қаладан бір орыс мылтықпен шықса, онымен жолыққаны қайда барасың десе «екі аяқты киік атамын» дейтінді, албан ішіндегі казак-орыс әдейі ауызға алатын сөзі  болды.

16-жылдың көтерілісі кезінде Балқаштағы балықшы орысты сиыры ұрланған. Орыс сол маңда жасақпен тұрған штабс капитан Полторацкийге арыз қылды. Полторацкий сол жердегі қазақтардың адамдарын жинап алып «төле, төлемесеңдер іс насырға шабады» деп ақырды. Ондағы жиналған қазақтар: Садық Қасымбекұлы, Қамабек Ақшораұлы, Көлбай Иманбекұлы, Қасымбек Бақтиярұлы сөйлесіп, қорыққаннан 1300 теңге елден жинап берді. Бұл сиыр кейін Қарқара уезіндегі  Мұқты болысының ұрылары Арап, Оспанбай, Қалқаман дегендерден шықты. Орыс оны қуған жоқ. Қазақ қуып ұрыдан да, орыстан да еш нәрсе өндіре алмады.

Көтеріліс басталғаннан кейін Тоқпақ пен Қошқардың арасындағы тауға 50 үйдей қырғыз тығылып қалған екен. Бұлар ылғи малды ауылдар екен. Қыркүйекте бұған 12 орыс шығады. Бәрі қарулы болады. Қырғыздарға орыстар Дүр Сауранбайұлынан сәлем айтады. Оларды үрікпей, қорықпай өз мекендеріне қайтуға өтінеді. Орыстар  бұл қуаныш үшін «сүйінші» сұраған. Осы ел бұған иланып, «Орта көпір» деген жердегі қосына келеді. Орыстар еркекті түгелдей бір жаққа айдайды да, дөң астында қырып салады. Әйелдерін таңдап, алтауын алып, Қарабұлаққа әкеліп қатын қылады. Қалған жанның бәрін қырып тастайды.

Сол кездегі Жетісудың жан, шаруа, есебінен төменде бірнеше сифрлар келтірейік.

1915 жылда жетісуда жан саны 1223000
Мұның қазақ-қырғызы 883000
Өзге ұлттар 343000
Оның ішінде орыс 200000
Тараншы 86000
Дүнген 20000
Өзбек 12000
Татар 10000
Басқалар 13000

Бұған қарағанда барлық Жетісуда халықтың төрттен үші қазақ-қырғыз болады.

1912 жылдың санағы бойынша:

Жетісу жерінің ауданы Барлығы 353000 шаршы шақырым
Құм-сортаң жерлер 72000 шаршы шақырым
Су-көл 93000 шаршы шақырым
Егіске жарақсыз дала, таулыжер 170000 шаршы шақырым
Егіске жарайтын жерлер 180000 шаршы шақырым 1974880десе
Барлық егістік жердің суғарылып егілетін 485000 десе
1916 жылдың көтерілісі қарсаңында Жетісуда қазақ жеріне салынған 100 орыс қаласы бар еді. Бұған алынған жер 4200000 десе
Жетісудың барлық ауданы тауы, шөлі, құмымен, суымен 33000000 десе. Мұның егістікке жарайтыны 5 %

Казак-орыстың түтінге 61 десе жері, 8 ірі қарасы.

Крстьянның – 9 десе жері, 17 ірі қарасы.

Қазақтың – 1,5 десе жері, 12 бас малы бар еді.

Жетісудың жергілікті халқынан патша өкіметі басып алған жердің ұзын саны 3963000 десе.

Екі орыс қалаларының пайдасына берілген жерлер 232000десе.

Жаңадан салынған орыс қалаларының пайдасына берілген жерлер 1750000 десе.

Казак-орыс және крестьян қолындағы егін егілетін жерлер 1200000 десе.

Осы цифрларға қарағанда Жетісудағы жерлердің егіске қолайлы, сулы жердің кімнің қолында екенін ашық көреміз. Көшпелі елдің есебіндегі жердердің барлығы дерлік егін шықпайтын, шықса суы жетпейтін татыраң, шөлейітті, тау-тас еді.

Казак-орыстардың кей қалаларында үй басына 90-нан 120 десеге шейін меншікті жері бар еді. Мұның әр жылында 28 пайыз-ақ егілетін. Қалғаны жалға берілетін. Жерін қазақ-қырғыз жалшы жыртатын. 17000 казак-орыстың қолында ең жақсы жерден 565000 десе жер және 250000 десе жерге бауыр басқан крестьяндардың кей қалаларында үй басы 20-30 деседей жері болып, бұлардың қүлагы да малай күшімен егін алатын және мұның үстіне крестьян құлақтары қолындағы барлық жерін егіп, жетпеген жерін тағы да казак-орыс, қазақтардан жалдап, жер салатын(қазақ-қырғызда көш-көлік, су жоқтығынан орысқа көрші жердегі 1,5 десе жерін екпей, жалға беретінін көп еді).

Қалаға қара табан малай толды. Қала, деревнаия ұдай тұрған басыбайлы жалшылардың да күндіктеп жұмыс қылушы егін жыртарда, астық аларда алыс жерден топ-топ астық орған қазақ-қырғыз кедейлері керуендей шұбаушы еді. Сондықтан жетісудағы қала, деревняның құлақтары көп жер иесі, күшті бай болып алып еді.

Осының үстіне қазақтың өз ішінде жер мәселесі жақсы емес еді. Ел ішіндегі бай, жуан жудырық, мықты ата, әкімдер отардан қалған қоныстың тәуірін олар бауыр басып алысқан болатын. Бір құлақтық суды өнебойы өзіне ағызып қойған, елдің қыстауына жаппай малын жайып, қара бұқара малының басын бұра алмайтын шопандар көп еді.

ҚР Орталық мемлекеттік архиві. Қор (ф.): Р-1368; тізбе(о.)іс(д.): 16). Қолжазба араб харпінде.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  • 1916 жылғы қазақ-қырғыз көтерілісі асқақтаған жер жүзі жиһангерлерінің соғысы салдарынан туғызған бұратана, отар ұлттардың жалпақ наразы қозғалысымен байланысты туды. Сол 1916 жыл Ангелияның, Ирландияның, Үндістан, Африканың езілген ұлттарында да жиһангерлерге наразылық көтерілістері болды.
  • Қазақ-қырғыз көтерілісінің түпкі ұраны – орыс билеуінен бір жолата құтылып шығу. Бұл талап әуелгі қазақ-қырғыз орысқа бағынғаннан болып келе жатқан тарихы бар талаптар. Ондай қозғалыстардың бұрынғылары – Сырым, Исатай, Бекет, Кенесары көтерілістері. Бұлар соғыс саясатына қарсы көтерілген жұртшылық қозғалыстары 1916 жылғы көтеріліс осылармен сабақтас.
  • 1916 жылдың қозғалысы отбасының ұрыс-таласы емес, жалпақ жұрт қатысқан, қара бұқара көпшілігімен жасаған саяси көтеріліс. Езілген ұлттық езгіге қарсы қылған қимылы, жұртшылық көтерілісі.
  • Көтерілісті тұңғыш туғызған, тыңнан шығарған майданға жігіт алу жарлығы емес. Орыс қазақ-қырғызды жаулап алғаннан шиленісіп келе жатқан нешетүрлі шаруа, саясат, әлеумет, ел билдеу,ұлт араларындағы қайшылықтары болып келеді. Ондай бісуі жеткен бітеу жараны сұғып алған біз «25 маусым жарлығы» болды.
  • Осынау алмағайып кезеңде «Алаш» қайраткерлері халықты аласапыраннан қорғаштап, қайткен күнде де аман сақтап қалуға тырысты. Сондықтан олар халықты патша жарлығын орындауға шақырды. Олар Ресейге төніп тұрған сыртқы қатердің бодан болып отырған халықтарға да қатысы бар деп санады. Сондай-ақ, қарусыз қазақтардың тұрақты орыс армиясына қарсы бас көтеруін болдырмауға талпынды. Тіпті, соғыс Ресей үшін жеңіспен біткенде қазақтардың хал-күйі жеңілдеп, ұлттық автономия құрылатынына үміт артты.
  • Жетісудағы көтерілісті туғызуға бұрыннан шыңдап келе жатқан негізгі үш мәселе бар. Оның біріншісі – жер-су мәселесі. Мұны түйнектеп бір сөзбен «шаруа шатағы» десек дұрыс болар. Қазақ-қырғыз жерден айырылды. Қыстағы кетті. Судан айырылды. Ел кедейленді. Жалпақ жұрт қалаға малайланды. Қолындағы байлығы жоқ болса, ілгеріде күнелтерлік үмітті несібі, қонысы, арық-тоғаны, мекені болмаса, сансыз алым, пара елді діңкелетті. Жалпы бұқара енді оның үстіне 19-45-тің арасын майданға аламын дегенде шамасыз болса да бір қимылдамай қалуға лажысыз еді. Екінші – ұлт мәселесінің нашарлығы. Орыс халқы қазақпен санаспай жаулаумен болды. Орыс ұлты өкңметтің әлпештеуінде болды. Қазақ «өгей» болды. Өкіметтің екі ұлтқа көзқарасы екі түрлі болды. Бірі «әкім», бірі «құл» сықылды болды. Оның үстіне бір-біріне тіршілігі жараспайтын, бірін бірі шаруа жүзінде, тіршілік таласында әлді жеумен, әлсіз желінумен келді. Бірі – қала, бірі – дала. Бірі –отырықшы, бірі – көшпелі. Оның үстіне өкімет «орыстың жауы – қазақ-қырғыз» деп мылтық үлестірсе, тентегін тимаса, «өгей» елді тентек қырып жатса, күндердің күнінде көтерілмеуі мүмкін емес еді. Үшінші – капиталдың салқыны қазақ ауылына араласып, ауылда тіршілік түрінің жіктелуі туа бачстағандығы, Қазақтың байы саудагерлікке, жемқорлыққа айналды. Кедей көбейді. Ақшалы адам әкім болды. Әкімдер ұрлықпен, саудагермен сыбайлас болды. Ауылда күн көрудің тасқаяқтай қағысуы басталды. Кедейде не жер жоқ, не мал жоқ, не қолын да адамшылық құқығы жоқ, тумаға-тұйық талауға түсті. Көрнеу, көмескі ауырлықтың ажырығы қара бұқараға артылды. Оның үстіне майданға жігіт алынатын болғанда қара бұқара, кедей жағы алдымен «солдат» көгеніне боздақтарының көгенделетінін күні бұрын жұрттың іші сезді.
  • Көтерілісті шу дегенде жалпы қара бұқара өзі жасады. Көтеріліс көзсіз көбелектей ретсіз, ұйымсыз, бастаусышыз тасқындап жасалды. Елдің аңғарын аңдаған рубасылар, өзге инабатты ақасақалдар көтеріліп кеткен көпшілік жағына шықты. Өйткені, олар өз «көбінен» айырылуға лажысыз еді. Елдегі төре тұқымы орыс әкімдерінің атқосшысы, тілмаштар, болыстар, жасауылдар, ұлықпен сыбайлас байлар, манаптар көтеріліске қарсы болды. Шама келгенше елді ірітумен, астыртын орысқа хабар берумен, елге орыс шақырумен бірге жауласумен болды. (Кей болыстардың көтеріліске қосылып кеткендері де бар. Бірақ өз руынан кете алмаған лажысыздар да болды.) Көтеріліс қызып алғанда ру басыларының аузына қарап қалмай қазақ-қырғыздың көтерілісін жуандар билеп кетті.
  • Көтерілісті қазақ-қырғызда саяси партия бастаған жоқ. Ол жалпы бұқараның өзінің көзсіз көбелектей тулауымен болды. Өзі көтеріліп кеткен жұртқа молдалардың, қажылардың «дін намысын», «мұсылманшылықты» әкеліп тыққысы келгені де кей жерде қамшы болды. Бірақ ондайлардың ақиқи көтеріліске тауанды еңбегі болған жоқ.
  • 1916 жылғы көтеріліс тамырынан шірігі жетіп шетінеп келе жатқан Патша өкіметінің құлауына тоқпақ болды. Өзінің құлақкесті құлы қара бақанымен қаптап қарсы көтерілгені тұмсығы қайтпаған өкіметке ұрған жұдырық болып тиді. Бұл ақпан төңкерісінің ұшығуына демесін болды.
  • 1916 жылғы көтеріліс қазақ-қырғыздың адамын азайтып, малын шашып кетсе де, орасан саяси қамауда ұстаған өкіметке қарсы елдің бетін ашып кетті. Елдің еті үйренді. Беті ашылды. Ел уытын шығарды. Қара бақан болса да қарсы қайрат болатындығын жүрегіне орнатты. «Қазан төңкерісі болған соң, 21-жылдан кейін Жетісудағы жарлы, жалшы ұйымдасып, қара бұқара кеңес өкіметіне белсенді бірлесіп кетуіне
  • Қазақтардың 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қамтыған жалпыұлттық дағдарыстың бір нышаны болды. Бұқаралығы, қоғамның бар талабын кеңінен қамтуы, мемлекеттік билік институттарын құру жөнінен бұл қозғалысты – ұлт-азаттық төңкерісі деп, патшалық Ресей отарындағы осы тектес төңкерістердің тұңғышы деп санау керек.

 

Соңы. 

Түп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас

 

20-го августа в Иссык-Куль прибыл из Токпака отряд Гейцена. Оренбургские русские казаки выдвинулись в Нарын. Из Алматы  напрямую через горы, в Каракол прибыл многочисленный отряд Пешкова. Состороны Ферганы также влились отряды Фрунзе.

Не в силах противостоять такой силе киргиз-казахи бежали в сторону китайской границы. Часть киргизов по побережью Иссык-Куля бежали в Кашгар.

Другая часть –через Кенсу и перевал Санташ, минуя Каркару прибыла в район Кульджи.

Ушедшие в сторону Кашгара киргиз-казахи не сильно пострадали от русских. Они оставляли за собой заградительные вооруженные отряды. Русские не могли перейти крутые горные перевалы. Немало скота беженцев в пути было растеряно. Между пришедшими за своим скотом киргиз-казахами и русскими происходили перестрелки.

Идущие в Кульджу перевалившие горы Текес, киргиз-казахи местами натыкались на множество засад в поселках.

Преображенский, Кенсу, Каркар, Нарынкол и понесли значительные убытки.

К  албаном бежавшим в Нарынкол, добавились еще и киргизы которые тоже прибыли в Нарынкол. Далее, к границе Китая их не пустили.

Закончилось сено для скота. Люди  боялись прихода русских отрядов. Калмыкские и китайские дельцы обещаниями пропустить к границе и далее в Китай, выманивали у киргиз-казахов скот и много других вешей.

В это время генерал-губернатор Туркестана, отправил сообщение  русским консулам Кульджи, Шауешека, Китайским властям, «не пропускать киргиз-казахских беженцев через границу».

Преследовавший албанов отряд Берга также приблизился к Нарынколу. Люди решили выйти им навстречу и вступить в бой.

Среди них был одни турецкие офицер, бежавший из плена.  Казахи удерживали на перевале русский отряд в течение дня. На следующий день русский отряд пушечными ударами вынудил казахов бежать.

Народ испугался и несмотря на все запреты и заграждения перешел через границу в Китай. Скот, юрты, скарб и другие вещи были оставлены, растеряны в пути.

Основная часть беженцев перешла границу пешком. Китайские власти поступали с ними как хотели.

Русский отряд опять столкнулся с киргизами идущими по предгорьям, киргизы были разгромлены, скот и имущество разграблено.

Китайские и Калмикские приграничные управители под угрозой отправки киргиз-казахов к русским, забирали у них лошадей, золото, серебро, другие ценные вещи.

Так, киргиз-казахи кое – как перейдя границу, начали обустраиваться на китайской земле. Особенно пострадали те, кто перешел границу в районе Нарынкола, Сумбе, они бежавшие от русских, не нашедшие защиту у китайцев, остановились в одной из горных местностей. Скот пал, народ голодал. Люди пошли в услужении к местным калмыкам. Думая о сохранении аулов и избежании гонений, начали отдавать свой скот местным властям Китая –калмыкам, в качестве даров.

Вышедшими из устья реки Музарт киргизов калмыки напугали выстрелами и криками «русские идут, они уже близко» вынудили бежать. Разграбили скот, 10 тысяч домов .

В панике люди бросались в бурные потоки реки и немало человек утонуло, (говорят, 150-человек). Старики, больные раненные, немощные, малые дети, погибли на крутых перевалах, скользких склонах из-за этой  выходки калмыков.

Перешедшие границу между Пишпеком и Сумбе, беженцы, понесли значительные потери в скоте.

Кое-как пешком  еле добрались к месту обоснования казахов в Китае. Там люди отдавая  своих детей в услужение местным, кое-как находили способы существования. Казахи дошли до китайского города Урумчи. Китайцы, калмыки приводят в исполнение наказания – кнутом, плеткой. Увидев казаха, без  разбора подвергали избиению. Избивали содрав рубашку. При этом были и убитые. Некоторые долго оправлялись потом от полученных ран. В декабре месяце из Кульджи приехал некий Шамуза с 300-ми человек, недалеко от границы в местечке Мойынша поставил юрты.

Покровительство над казахами, киргизами взял в свои руки. Расстрелял 5-6 калмыков  руководивших грабежом киргиз-казахского скота. Шамуза пригласил несколько калмыцких уважаемых людей: – Торге, Торе, Бота, Батмолда, Корга, Байын, Жыргап. Но они испугавшись не пришли к нему. Даже стали просить у казахов защиты, начали скрываться.

Казахи предъявили претензии калмыкам. Калмыки держали ответ за свои бесчинства перед Шамузой.

Шамуза потребовал немедленно собрать и вернуть казахам весь  забранный скот, но потом отстрочил возврат на месяц.

Однако, когда Шамуза ушел калмыки не вернули киргиз-казахам даже ягненка, и опять взялись за свое, старое, начали притеснять казахов, что только не творил китайский  вельможа, под чьим присмотром были казахи в 400 дворов.

Он назначил десятников, пятидесятников, сделал их взаимообязанными, принял все меры, чтобы никто не сбежал.

Цена одной лошади был равна цене одного пуда муки. Чем дальше, тем хуже. Наступило время, когда хоть за весь скот не найти и зернышка.

Люди стали есть чечевицу, болели, умирали.

Бежав из родных мест на чужбину, на чужой земле хоронили своих родных. Люди «продавались» только за еду. Особенно девушки. Мало того, местные калмыки при набегах и грабежах пленили женщин и увозили. Особенно сильно пострадал киргизкий народ Саяк. Бедняки и слабые были сильно угнетены. Проданы, истрепаны как воробьи. Более зажиточные сумели сохранить немного скота. Они начали находить общий язык с калмыками. Их не трогали. Отводили им хорошие пастбище.

Люди  гибли от холода и голода. Были на грани вымирания.

Один албанский джигит по именин Жайпакулы Манап, бывший среди беженцев,  говорит: «Когда мы возвращались из Китая степь выглядела так, будто из дырявого мешка высыпалось просо. Таков был падеж скота.

В местах зимовок, были горы трупов и костей животных».

Когда пришла свобода, Китай насильно стал переселять казахов обратно, Казахи вначале не поверили в «отречение царя» поэтому хоть и терпели большие невзгоды и лишения, ни за что не хотели возвращаться и желали жить подальше от русских.

Но Китай силой выселял их. Только увидев, дом казаха, тут же требовали уезжать и применять силу. Народ обменивал свой скот на продовольствие, зерно. Местные жители наперебой стали торговать с казахами. Целый месяц народ был в гонениях. При кочевке сюда не было пышноты, – скромные кошмы переметные сумки, пешие люди. Люди злы, больны тяжелая кочевка. А теперь обратно – бесконечные гонения, избиения, истребление. В пути было очень много смертей.

Видевший все это. Манап говорит: уставший голодный человек, шатаясь падает и не поднимается. Просит воды. Не в силах подняться – умирает. В местах ночевок, согревший вокруг костра изможденные люди прилегший отдохнуть, так и не вставали, умирали толпами»

Когда казахи вернулись на свою «русскую землю» опять подверглись разграблению, бесчинствам, убийствам. Гонения беженцев не прекращались до 18-19 годов.

Киргизов тоже грабили и рубили. Их погнали в Каракол. Беженцев из Пишпекского уезда пригнали в Нарын, Сырт. Очагами восстания были побережье Чу, Каркара, окрестности Иссык-Куля, везде и всюду были поселены русские, об этом мы говорили выше. Киргизкая земля была занята.

Для русских, первейшим врагом стал киргизкий народ. Зимой 17-го года 500 домов киргизов рода Айрык русские « заперли» в Чиликские горы.

Русские расстреливали киргиз-казахов направо и налево.

И это происходило долговременно.

Если из города выходил русский с ружьем, на вопрос встречного. Куда направился? Он  отвечал: «Иду на охоту на двуногих сайгаков».

И это стало поговоркой – насмешкой среди албанских «русских казаков».

Во время восстания, 1916 года у Балхашского русского рыбака была украдена корова. Он заявил об этом недалеко распологавшемуся там с вооруженным отрядом штабс – капитану Полторацкому. Полторацкий собрав тамашних казахов орал: «Платите, если не заплатите дело приведет к плохим последствиям».

Собравшиеся казахи: Садык Касымбекулы, Камалбек Акшораулы, Колбай Иманбекулы, Касымбек Бахтиярулы,  посоветовавшись собрали у людей 1300 рублей и заплатили. Потом корова нашлась у воров Муктынской волости Каркаринского уезда, – Арапа, Оспанбая, Калкамана. Но русские их не преследовали. Казахи нечего не могли  добиться ни от воров, ни от русских.

После начала восстания, в горах между Токпаком и Кошкаром пряталось около 50-ти домов киргизов. Это были аулы скотоводов. В сентябре к ним прибыли 12 русских. Все они были вооружены. Киргизам они передают преветствие от Сайранбайулы. И просят их не бояться, возвращаться в свои земли. Русские даже просят у них «суюнши» (вознаграждение) за радостную весть. Люди им поверили, возвратились в свои земли, в местечко «Средний мост». Русские погнали всех мужчин в сторону и за насыпью расстреляли.

Женщин выбирали кого получше. И  шестерых увезли в Карабулак и сделали их своими женами. Остальные все были убиты.

 

Приведем некоторые цифры в Семиречье.

 

Количество душ в Семиречье в 1915 году 122 300
Киргиз – казахи 883 000
Другие народы 343 000
В том числе:

Русские

Тараншы

Дунгане

Узбеки

Татары

Другие

 

200 000

86 000

20 000

12 000

10 000

13 000

 

Отсюда следует, что в Семиречье три четвертых населения – киргиза –казахи.

 

По статистике 1912 года:

          Площадь земель Семиречья Всего 353 000 кв.км
Пески, солончаки 72 000 кв.км
Реки – озера 93 000 кв.км
Земли непригодные  посевов, горные районы 170 000 кв.км
Земли пригодные для посевов 180 000 кв.км

(1974880 десятин)

Поливные земли

(из пригодных земель)

485 000 десятин
До восстания 1916 года в семиречье на казахской земле построено 100 русских городов: отведенные для них земли 4 200 000 десятин
Все земли Семиречья

(горы, реки, пустыни)

3 3000 000 десятины

Из них – пригодных для посевов -5%

На семью русских казаков приходилось по 61 десятине земли, 8 голов крупного скота.

Крестьянина – 9 десятин земли, 17 голов скота

Казаха – 1,5 десятин земли, 12 голов скота

Отобранные царской властью земли казахов в Семиречье составляют – 3 963 000 десятин. Земли. Выделенные в пользование двум русским городам – 232000 десятин.

Земли отданные новопостроенным русским городам – 1 750 000 десятин.

Пашни находящиеся у русских казаков и крестьян – 1 200 000 десятин.

Из этих цифр видно, в чьих руках находятся пригодные для посевов, хорошие земли Семиречья

На счету кочевого народа – земли непригодные для посевов, каменистые, неполивные, гористые местности.

В некоторых городах русских казаков, каждый дом имел от 90  до 120-ти десятин частной земли.

Из них ежегодно засевались только 28%.

Остальные отдавались в аренду их земли обрабатывали наемные киргиз – казахи. В руках у 17000 русских казаков  было 565 000 десятин самых плодородных земель

В некоторых поселениях крестьян прибравших к рукам 250 000 десятин земли, на один дом приходилось по 20-30 десятин земель, они тоже обрабатывались наемными работниками, мало того кулаки засевали все свои земли, дополнительно брали в аренду у русских-казаков, казахов и засевали (из-за отсутствия необходимых орудий, средств перевозки, воды, казахи отдавали в аренду свои 1,5 десятин земли находящиеся по соседству с русскими). И таких было много.

Перед уборкой и во время уборки урожая города поселки, деревни были заполнены наемными работниками (киргиз- казахами). Такое происходило во время  посевных и уборочных работ.

Киргиз-казахи и другие народы толпами с разных мест прибывали в города наниматься на работу к русским. Потому Семиреченские русские кулаки богатели с каждым годом.

Кроме того, вопрос земли среди самих казахов вызывал споры. Казахские баи, «управители» и другие  имеющие силу люди прибирали к рукам хорошие земли оставшиеся от русских «колонистов». Было и так, что русские кулаки преграждали русло реки и направляли воду только на свои земли.

Центральный государственный архив фонд (ф): Р-1368;

Католог (0) дело (д): 16

Рукопись арабскими буквами.

 

 

ЗАКЛЮЧЕНИЕ

  1. Востание киргиз-казахов 1916 года, связано с недовольством колониальных, инородных народов, которому послужила мировая война.

В том же 1916 году в Англии, Ирландии, Индии, у народов Африки прошли массовые недовольства и восстания против колониальных властей.

  1. Основной целью киргиз-казахского восстания была – навсегда избавиться от русского «покровительства». Эта цель преследовалась, с давних времен, с тех пор как казахи были присоединены к России, и имеет историческую подоплеку.

Такие восстания были и ранее – восстания Сырыма, Исатая, Кенесары. Эти восстания – недовольство, несогласие народа с военной политикой  России в отношении  к казахам. Восстание 1916 года – также явилось выражением недовольства народа с колониальной политикой России.

  1. Восстание 1916 года – не семейные разборки, а политический протест, с вовлечением в него народных масс. Нежелание народа более находится под каблуком России.
  2. Злополучный незаконный приказ о призыве казахов на воинскую службу – не является основной причиной восстания. Есть много причин из-за которых вспыхнуло восстание – это хозяйничанье русского народа, политика, социальное неравенство, давление на казахский народ во всех сферах жизни, защита интересов только русского народа со стороны правительства и властей на местах, национальная неприязнь к казахскому народу. А Указ от 25 июня – это как «ноготь расковырявший заживающую рану».
  3. В эти тяжелые годы, члены партии «Алаш», всеми силами старались спасти народ, потому и призывали народ не противиться и идти на воинскую службу, дабы избежать новых гонений и новых жертв. Они исходили из «опыта» других народов России, которые уже пережили такое, также «партийцы» старались не допустить столкновения безоружных казахов с русской Армией. И надеялись на то, что в случае победы России в войне, легче будет и казахскому народу, возможно и создание автономии.
  4. Есть три основные причины для недовольства казахов и возникновения восстания в Семиречье. Первая причина – вопросы земли. Его одним словом можно назвать – хозяйственным скандалом. Киргиз-казахи лишились земли. Лишились воды. Народ обнищал. Народ пошел в услужение к горожанам. У казаха отобрали все его богатства – землю, воду, скот, надежду на будущее, обложили многочисленными налогами, взятки – все это истрепало народ. А теперь, самых работоспособных – от 19 до 45 лет забирают на воинскую службу, тут народ не выдержал, его подвели к восстанию.

Вторая причина – национальный вопрос. Русский народ не считался с местным народом, вел себя как завоеватель. Русская нация была привилегированной нацией. Была «любимчиком» у правительства. Казахи были «пасынками» или того хуже «никем». Отношение правительства к двум народам (русскому и казахскому) было различное.

По типу «один из них хозяин, другой – слуга». У двух народов были различными – образ жизни, способ ведения хозяйства, один народ присваивал все, второй – отдавал. Один в городах, второй – в степи. Один – оседлый, другой – кочевник.

Плюс ко всему, этому власти раздавали русским ружья, говоря «ваши враги – киргиз-казахи». Все это, рано или поздно должно привести к столкновению.  Третья причина – изменение хозяйственной жизни казахов, изменение способа его ведения, условий. Навязывание отношения к деньгам. Человек имеющий деньги становился акимом. Акимы занимались воровством, темными делами с торгашами.

У бедняка – не было ни земли, ни скота, никаких прав, он подвергался всяческим поборам.

Все тяготы «нововведений» – легли на его плечи. Плюс ко всему, призыв на воинскую службу начался именно с простых, бедных казахов.

  1. Восстание вспыхнуло без подготовки, без явных лидеров, неорганизованно. Старейшины родов, аксакалы стали на сторону восставшего большинства. Власть состояла сплошь из русских. Некоторые казахи были на стороне власти – «дубинкой» в их руках были переводчиками, волостными, приспешниками местных «властителей». Они сеяли разлад среди народа, занимались доносами, вместе с русскими властями враждовали со своим народом. (Но в некоторых местах волостные даже принимали участие в восстании. Но стороне своего народа).
  2. Восстание началось без руководства какой-то политической партии. Это было выражением недовольства широких масс. Были попытки служителей мечети придать восстанию религиозный характер, но они не увенчались успехом.
  3. Восстание 1916 года послужило ударом по и так загнивающему правительству. Далее случилась февральская революция.

10.Восстание, хоть и принесло народу жертвы, разорения,- раскрыло глаза народу, находившемуся  в политической «клетке». Народ многое понял. Дал понять власти, что с ним надо считаться. Народ почувствовал, что можно противостоять жестокой власти. Поверил в свою силу, которая была в его единстве. Начиная с 1921 года начали создаваться национальные комитеты, объединения, советы и этому, восстание 1916 года послужило уроком.

  1. Восстание казахов 1916 года, нужно рассматривать как народно-освободительную борьбу, потому, что оно выражало интересы всего народа, выступило против колониальной политики России, которая не считалась с местным народом. Восстание послужило поводом для создания многих государственных институтов власти.

Центральный государственный архив РК

Фонд (ф): Р-1368; реестр (0): I; дело (д): 56

Рукопись арабскими буквами.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 29
Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)
Қуғын-сүргін

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 15, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 13, 2026
Түркістан жерінің бөлінуі
Қуғын-сүргін

Түркістан жерінің бөлінуі

April 6, 2026
Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы
Қуғын-сүргін

Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы

April 3, 2026
Тәркіленген байлар
Қуғын-сүргін

Тәркіленген байлар

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz