Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Қуғын-сүргін

Жаркент уезінде Ілияс Жансүгіров – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ең алғаш зерттеушілердің бірі.

admin
2026/02/12
Қуғын-сүргін
0
Жаркент уезінде Ілияс Жансүгіров – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ең алғаш зерттеушілердің бірі.

Басы:

Жаркент уезіндегі Албан қонысында Қарқара деген жәрмеңке бар еді. Бұл жәрмеңкеде Батыс Қытай мен Ресей саудасы тоқайласатын еді. Жәрмеңкенің саудаға салынған сомасы кей жылы миллионға жететін. Көтеріліс туралы сол кезде баяндама жазған Набейкин деген Жетісудағы көтерілістің Герман, Түрік агенттерінің Қытай арқылы азғыруымен болды дейтіні бар. Онда ол: Герман, Түрік агенттері, Қашқар, Құлжа маңайында тұрып, Қарақолдан, Жаркенттен апиын кесуге келген қытай жұмысшылары және қарқара жәрмеңкесіне қатысқан қытай саудагерлері, қырғыз-қазақ ішінде, орысқа қарсы көтеріліс жасауға құтыртты дейді. Онысы шылғи жорамал.

Жаркент уезы Қытайға шектес болған соң өкімет өте сақ болған. Казак-орыс, хохол қалаларын қаруландырған. «Маусым жарлығымен» Кравченко дегенді бас қылып, Қарқараға отряд жіберген.

Жаркенттегі алғашқы төңкеріс ұшқыны тамыздың 12-сінде ұшқындады. Бұған дем берген Алматы уездегі Қызыл бөріктердің көтерілісі. Шелек, Меркі және басқа болыстардың қазақтары жиналып, тамыздың 12-сі күні шет Меркідегі Нашевкин деген кристьянның дирменін талап (диірмен қазақ жеріне салынған) өзін өлтіріп, әйелін байлап, дирменді өртеп жібереді. Одан Жалаңаш қаласына соқтықты. Қаладағы казак-орыстар мылтық атып, кіргізбеді. Егіннен ұстап алып, екі казак-орысты өлтіріп, қаланың малын тиеп әкетті және сол күні Шелек басына салынған Новоафон қалашығына қазақ тиіп, қаланың бәрін өртеген. Қала адамдары старостаның қорасына жиналып, кешке дейін айтысқан. Жалаңаштан шыққан прапорщик Берг отряды қаланы арашалаған. Қазақтар тауды бауырлай Кегенге қарай жүріп, жолдағы орыс қыстауларының, замикаларының барлығын өртеген. Бұл жолда Спецовский қалашығын өртеп, қазақ қолы сол бетімен Қарқарадағы Албанға қосылған.

Тамыздың 13-і күні Қарқараға шабуыл жасалды. Жәрмеңкені қамады. Бірақ күні бұрыннан дайындалып тұрған отряд, қазақтың түтінін туман қылды. Бергтің отряды қазақтың артынан Кеңсу өрлеп түсіп, Кравченконың отряды Қарақарадан, бір жағынан Қырғызсайдың казағы – үшеуі тоқайласып, қазаққа ойнақ салды.

Қазақтар мылтыққа шыдай алмай, быт-шыт болып қашып, Кеген, Текес басына кетті. Көптеген мал, үй шаруа иесіз шашылып далада қалды. Оны орыс олжа қылды.

Бұл уақытта қырғыздар Қарақолды алуға қам қылды. Қарақолда орыс күші аздық қылды. Сондықтан Қарқарадағы Кравченкоға жылдам Қарақолға жету керек болды. Тамыздың 14-і күні түннен жәрмеңкені тастап, саудагерлер мен орыс отряды Қарақолға үркіп кетісті.

Жаркент уезінде қазақ соқтыққан қалалар: Спецовский, Таврический, Владиславский, Красноярский, Ново-Афонский, Ново-Киевский, Меданский, Шолақ, Медет, Жалаңаш қалалары. Бұлардан басқа жеке диірмен, заимка, хутор, омарталар да көп болды. Бірақ қаланың үйлері өртеніп, үйі таланса да, адам өлімі аз болды.

Бұл қаланың адамдары жер аудару мекмесінің қарауында болып, сол жылы қыстай қазақ малымен асыралды.

Тамыздың 10-і күні сәскеде Қарқара жәрмеңкесіне Санташ жақтан және Жалаңаш жақтан қазақтың қалың қолы көрінді. Осы екі қол келіп, Қарқараның Батыс жағындағы жазыққа келіп қосылды.

Бергке казак-орысты алып алдын тосуға бұйырылған еді. Ол 30-40 шамалы казак-орысты алып, алдын тосты. Оқтың оңтайына келгенде екі-үш рет оқты жаппай жібергенде қазақтар быт-шыт болып қашып кетті. 4 адам оққа ұшып қалды.

Тамыздың 12-сі күні қазақ Қарқараға соқтығуға Иірсудың бойына және құралды 5000 қаралы кісі болды. Қолындағы қаруы – сойыл, бақан, найза, балта еді. Бұған қарсы 25 казак-орыс пен Берг және прапорщик Моргоның ротасы шықты. Бұлар қазақты қамап алмақ болып екіге бөлінді. Бергтің отрядының алдынан жаяу қазақтар оқ атқан соң, Берг отряды атысып кетті. Қазақтар атыса-атыса тауға қашты.

Берг қорыққан қазақты қуайын десе оған бұйрық болмады. Сөйтсе де түс мезгілінде Берг өз бетімен шауып кетіп, қалың қазақтың сыртқа беттеп үріккен көшіне тиді. Түтінін түтініне қосып шапты. Қазақтар жиналып, біресе тиіп, біресе шегініп, ұйқы-тұйқы болды. Берг қазақ қолының ішінде жүрген ақ жалау көтерген күміс ертоқымды, көк аттыны дәлдеп атты. Сонда бұл атты қолын бұлғап шауып таудан аса жығылды. Бұл өлген болыс екен. Мойнында ІІІ Александрдың алтын медалі бар екен.

Ту ұстаған өлген соң қазақтың жиналғаны быт-шыт болып қашты. Олардың соңына орыстар түсіп, қозы құйрық қылыштап қырды. Аяғында Берг отряды 10000-нан астам сиырды, 40-50 мыңдай қойды, 40 түйелі мүлікті, бірнеше мылтықты Қарқара жәрмеңкесіне айдап келді.

Тамыздың 13-і күні Қарақол жағындағы жолдан бір топ қол көрінді. Алдынан Берг тағы қарсы шықты. Бұлар 30-дай Қарақолдағы апин кесуге келген қытай, дүңген кедейлері екен. Орыс отряды бұлардың алдынан оқ атып, быт-шытын шығарды. Олар Қарқараны өте қашты. Соңынан тағы орыс түсіп, 11-нен басқасын тегіс қырды. 11-ін Қарқараға ұстап келіп, оларды да 14-і күні тәңертең Жаркент жолының үстінде Серікбайлармен бірге атып тастады.

Тамыздың 14-і күні Қарқарадағы барлық отряд саудагерлерімен қоса Қарақолға көшті. Бұларға Санташ асуында қырғыздар және соқтықты. Бірақ қырғыздар бірнешеуі оққа ұшқан соң қайта серпіліп, тауға кіріп кетісті. Бұл соқтығыста қырғыздың 23-і оққа ұшты.

Тамыздың 15-інде осы отряы Жырғалаң суын өтерде және көп қырғыз қамады. Көпір бүлінген еді. Екі жақтан атыс болды. Қырғыздар жедел тиіп жіберсе де, жаппай атылған оқ олардың бетін қайтарып болды. Аяғында көп өлік қалдырып, қызғыздар тауға қашты.

Орыстар бұл қырғыздардан қанмен жазылған бір ту түсіріп алды.

Жаркент уезіндегі көтеріліс албанда болды. Іленің оң жаңында қоныстайтын Суан деген ел Қытай шегіне барып қайта қайтты. Суандар консул арқылы Алматы генералынан ұлықсат алып, әскерге жігіт бермек болып, жеріне көшіп келді.

Бірақ бұларда көп шашылды. Уездегі барлық қалған астықты суан мен қолына түскен албанға орғызды. Қыстай неше түрлі шығыннан ел ығыр болды.

Жаркент уезіндегі тараншылар да алғашқы уақытта «жұмысшы бермейміз!»деген сөздері болған. Бірақ қазақтай көтеріліп кете алмаған. Соған себеп – олардың отырықшылығы болыңқырады. «Бала бермейміз» деген тараншының бірсыпыра ақсақалдарын әкеліп Қарқарадағы түрмеге тықты. Мұның бірнешеуі албан Серікбайлармен бірге Қайқы да атылды.

Жаркент уезіндегі ауған елдің жайы өте нашар болды. Қытай шегіне барған жерде Қытай шерігі өткізбей, бір жағынан орыс қуып, орасан тарлық көрді. Аяғында тарту-таралғысын беріп жүріп, қашып-пысып Қытайға қараған Құлжа ауданындағы Қызай мен Албан қазағының жеріне барды. Осы жерде адамы сатылып, ауылы тоналды.

 

ҚР Орталық мемлекеттік архив: қор (ф.) Р-1368; тізбе (о.):І; іс (д):56.) қолжазба араб харпінде.

Түп нұсқа араб харпінде

Аударған Қажет Андас

 

 

В ЖАРКЕНТСКОМ УЕЗДЕ

Ильяс Жансугуров – первый исследователь народно-освободительного восстания казахов 1916 года

 

Раньше была ярмарка в Жаркентском уезде, в селении Албан и называлась она Каркара т.е. Каркаринская ярмарка. На этой ярмарке шла бойкая торговля между западным Китаем и Россией. Денежный оборот ярмарки в иные годы доходил до миллиона.

Некий Набейкин в своем докладе  о восстании писал, что якобы восстание в Семиричье произошло при подстрекательстве германских и турецких агентов, через Китай. И что германские и турецкие агенты, находясь вблизи Кашгара, Кульджи, вели подстрекательскую пропаганду среди приезжающих из Жаркента, для сбора опиума, китайских рабочих, среди китайских торговцев с Каркаринской ярмарки, среди киргиз-казахов, настраивая их на восстание против русских.

Это только лишь предположение.

Так, как Жаркенский уезд граничил с Китаем, Правительство было очень бдительным. Городки (станицы) «русских казаков», хохляцкие городки были вооружены. « Июньским Указом» в Каркару был направлен отряд во главе с неким Кравченко.

Первые искры Жаркентского восстания полетели 12-20 августа. Толчком этому послужило восстание «красношапочников» Алматинского уезда.

Казахи Чилика, Мерке и других волостей, собравшись, 12-го августа сожгли мельницу крестьянина Нашепкина (мельница построена на казахской земле), связав жену, его самого убили. Далее двинулись в городок Жаланаш, но «русские казаки» находившиеся в городке, начали отстреливаться и не пустили их. В поле поймали двух русских казаков, убили их, угнали весь скот городка, и в тот же день напали на городок Ново-Афон, построенном в верховьях реки Чилик, сожгли весь городок. Городские жители собравшись в сарае старосты, отстреливалиьс до вечера. Вышедший из Жаланаша отряд прапорщика Берга помог горожанам. Казахи по склонам гор, двинулись в сторону Кегена, по пути сожгли все русские зимовья и заимки.

Далее наткнувшись на поселок Спецовский сожгли его, двигаясь далее казахи присоединились к албанам что в Каркаре.

13-го августа напали на Каркару, ярмарку заперли. Но заранее подготовленные отряды дали отпор казахам. Отряд Берга вверх по реке Кенсу преследовал казахов, отряд Кравченко из Каркары и «казаки» объеденив силы погнали казахов.

Казахи не смогли противостоять ружьям, обратились в бегство, вплоть до Кегена, Текеса. Много скота, домов,хозяйств остались бесхозными. Ими воспользовались русские.

В это время киргизы начали осаждать Каракол. В Караколе русские были малочисленны. Поэтому, отряду Кравченко находившимуся в Каркаре, срочно нужно было добраться до Каракола.

Городки-поселки Жаркентского уезда, пострадавшие от бунта казахов: Спецовский, Таврический, Владиславский, Красноярский, Ново-Афонский, Ново-Киевский, Меданский, Шолак, Медет, Жаланаш. Кроме этого-мельница, заимки, хутор, паселка и много другого. В городках, хоть и были разграблены, сожжены дома, постройки, жертв было мало. Жители этих городков находясь под присмотром «переселенцев», в тот год всю зиму кормились казахским скотом.

10-го августа в полдень у Каркаринской ярмарки были замечены большие группы казахов, со стороны Санташа и со стороны Жаланаша. Эти две группы соединились на равнине находящейся в западной стороне Каркары.

Бергу был дан приказ выступить навстречу и преградить путь. Он выступил с 30-40-ка русскими казаками. Когда прозвучали 2-3 залпа из ружей, казахи бросились врассыпную и обратились в бегство. 4- человека погибли.

12-го августа для нападения на Каркару, казахи вновь собрались на берегу Иирсу, было 5000 вооруженных людей. Вооружение состояло из дубинок, шестов, копей, топоров. Против них выступили 25 русских казаков Берга и рота прапорщика Морго. Они намереваясь пленить казаков разделились надвое.

Пешие казахи начали стрелять по отряду Берга, завязалась перестрелка. Казахи отступили в горы. Берг хотел было погнаться за казахами, но такого приказа не было.

Все же в полдень Берг самовольно поскакал вслед уходящим казахам. Казахи собравшись, то наступали, то отступали, их силы были разрознены. Берг увидел среди казахов человека на гнедой лошади с серебрянным седлом, в руках у него был белый флаг.

Берг прицелившись выстрелил в него, тот взмахнул руками, поскакал и упал за горой. Этот убитый оказался волостным управителям.

На шее у него была золотая медаль Алексантра ІІІ.

После гибели знаменосца в рядах казахов возникла паника и они обратились в бегство. Их преследовали русские, рубили их направо и налево. В конечном итоге, Берг пригнал и привез на Каркаринскую ярмарку – более 10 000 коров, 40-50 тысяч баранов, 40 верблюдов с поклажей, несколько ружей.

13-го августа со стороны Каракола показалась группа людей. И снова Берг выступил навстречу. Это оказались китайскими, дунганскими бедняками, в количестве 30 – человек, пришедшие с Каракола для подрезки опиума.

Русские отряды начали стрелять их в упор.

Бедняки побежали мимо Каркары. Русские преследовали их. 11- человек пленили, а всех остальных поубивали. Эти 11-человек были приведены в Каркару. Но 14- августа, утром на Жаркентской дороге их тоже расстреляли вместе с другими пленниками.

14 августа находившийся в Каркаре весь отряд, вместе  с торговцами переехал в Каракол. На Санташском перевале им встретились киргизы, но когда несколько киргизов были убиты ружьями, остальные отступили и укрылись в горах.

В этой стычке были убиты 23 киргиза, 15-го августа, этот же отряд при переправке через реку Жыргалан пленил множество киргизов. Мост был разрушен. Была перестрелка. Киргизы хоть и напали внезапно, залповый огонь из ружей отпугнул их. И они оставив множество трупов, укрылись в горах.

Русские в этой стычке заполучили одно знамя рисованное кровью.

Один из очагов восстаний Жаркентского уезда был у албанов.

Проживающий на правом берегу реки Или, народ называемый Суан, дошел до границ Китая, вернулся назад. Суаны через консула получив от генерала Алматы разрешение, обещав направлять на службу своих юношей,  вернулись на свои земли. Но они и здесь понесли большие потери. В Жаркентском уезде местные власти побаивающиеся албанских и казахских восстаний, обложили податями суанов,  клеймили их скот, с каждого двора взяли по одной  лошади. На уборку оставшегося урожая, привлекали суанов и пленных албанов. Их народ устал от многочисленных расходов и поборов, которые продолжались всю зиму.

Род Тараншы Жаркентского уезда, вначале тоже говорил, что не будут давать «рабочую силу». Но они не смогли как казахи поднять восстание.

Одной из причин была их оседлость.

Множество тараншинских аксакалов была арестовано и посажено в Каркаринскую тюрьму, за призывы не довать своих сыновей на «работы».

Некоторые из них были расстреляны вместе с албанскими пленниками.

Бежавшим из Жаркентского уезда народам пришлось очень тяжело. Дошедших до Китайской границы, не пускали китайские пограничники, а с этой стороны преследуют русские, они подверглись большим притеснениям, гонениями. Наконец поднося подарки –подати, перешли на китайскую сторону, и остановились на землях китайских и албанских казахов, что находятся в Кульджинском районе. Здесь их люди были преданы, а аулы разграблены.

 

Центральный государственный архив РК:

Фонд(ф) Р-1368; каталог (0): І; дело (д) : 56)

Рукопись арабскими буквами.

Материал подготовлен по переводу Кажета Андaса.
Перевод на русский язык
– Сабыржан Калиев.
Источник: информационное агентство “Q-Andas”.

Жалғасы бар…

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 33
Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)
Қуғын-сүргін

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 15, 2026
Жаркент уезіндегі босқындар тізімі
Қуғын-сүргін

Жаркент уезіндегі босқындар тізімі

April 13, 2026
Түркістан жерінің бөлінуі
Қуғын-сүргін

Түркістан жерінің бөлінуі

April 6, 2026
Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы
Қуғын-сүргін

Жетісу халқының тұрмыс тақырыбы

April 3, 2026
Тәркіленген байлар
Қуғын-сүргін

Тәркіленген байлар

March 31, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz