Берлиндегі қонақасы көрінісі
Басы: 1904 – жылы, күз күндерінің бір кеші. Берлин қаласының маңындағы бір сәулетті сарайда салтанатты қонақасы болып жатты. Бұл германияның әйгілі Монополия капиталисты, аты дүниеге мәлім, ірі қару жарақ саудагері круптың “Шыңжаңға екінші рет баратын археологиялық тексерушілері” аттанар алдындағы шығарып салу қонақасы еді. Бұл күні Берлиннің көптеген бай-манаптары мен игі-жақсылары, қоғамдағы атақты қайраткерлері ұсыныс бойынша келіп қонақасына қатысқан.
Крупптың да ерте заман нәрселерін жинастырып сақта жүретіндігі көпшілікке аян. Екі жылдың алдында ол Берлиндегі адам нәсілі музейдің профессоры Груноделге қаржы жақтан көмектескен, бұл проффесор бір тексерушілер керуенін бастап, шиңжаң шекарасынан ұрланып өтіп, турфанға барып мәдени бұйымдарды қазған, сол жолы ол үлкен-үлкен 46 сандық ерте заман кітап-материалдарының көшірме нұсқасын және құнды заттарын алып келген. бұл проффесор еліне қайтып барған соң өзінің ұрлап апарған ерте заман кітап материалдарын үңіле зерттеп, аса құнды бірқанша ғылыми мақалалар жариялаған.
Осы түнгі қонақасында Крупп профессор Груноделді көпшілікке жеңіспен оралған генерал ретінде таныстырды. Қонақасы аяқталғаннан кейін думанды би басталып кетті. қонақ иесі биге бармады. Ол проффесор мен өзінің бірнеше көңілдес достарын абажадай кітапханасына бастап барып ондағы бұрыңғы заман нәрселерін көрсетті.
Крупптың кітапханасында сақталған ежелгі заман нәрселері мен әсемөнер бұйымдарының көптігі проффесор мен мамандарды қайран қалдырады. Мыс құралдардан тартып піл тісі оймаларына дейін, ертедегі грецияның ойма мүсіндеріне жуңгоның фрфор бұйымдарына дейін барлығы тұр, рет-рет бойынша тақтай сөрелерге тізіліпті және әйнек шкафтарға салыныпты.
Кітапхананың төрт қабырғасына Дауынчи, Рафоель, Рембрант, Монет, Реноер қатарлы әсемөнер алыптарының бойнауымен сызылған суреттері ілініпті. Кейбір қайта жасалған бұйымдардың шын жалғандығын айыру қиын. Бірақ осылай болса да әйтеуір көптік етпейтін нәрселерін. Крупп елдің бәрі көріп болған “ерте заман нәрселерін” көруге көпшілікті ұсыныс етпеді. Бірақ бір ұзыша төрт бұрыш сандықты нұсқап тұрып, – мен сіздерді мына сандықтың ішіндегі асылдарды көріге ұсыныс етемін, – деді.
Сандыққа қараған қонақтар ыңырсып қалды. Мынау Крупптың әскери зауытының снярад салатын сандығы ғой! Сандықтың үстіне “қауіпті”, «оңай қопарылыс береді», “қауіпсіздігіне көңіл бөліңіз” деген сияқты жазулар жазылыпты. Қасындағылардың аңтарлап қалған түрін байқаған Крупп: оның ішінегі снаряд емес, турфаннан қазып әкелінген мәдени бұйымдар, Грумдел проффесордың олжасы, – деп жалма-жан түсінік жасады, онан соң сандықтың қақпағын ашып ішінен бір топ ерте заман кітап материалдарының көшірме нұсқасын және қабырға сурет фотоларын алып шығып қонақтарға бірдей ұстатып көрсетіп жатты.
Өзінің алып келген мәдени бұйымдарын көпшіліктің құмарта көріп жатқанын байқап тұрған Грундел ішінен қатты мәдімсіп қалды. Брахми жазуымен жазылған бір классик кітапты қолына алған ол:
– 14 жылдың алдында англиялық кіші лейтинант Паулдың күшардан алып барып дүниені дүр сілкіндірген ерте заман кітабы міне осы брахми жазуымен жазылған кітап болатын. ал мамандар бұл жазуды тухар жазуы деп қараған. Бірақ мен осы жолы турфаннан тауып әкелген жазуды мамандар зерттеп көріп күшардан табылған жазуымен оқылуы жіне жазылуы жақтарынан ұқсамайды деп тапты – деді. Ол сонан соң ұқсамаған жазумен жазылған бірнеше кітапты қолына алып сөзін қайта сабақтады, – міне қараңыздар, мынау соқдан жазуымен жазылған, ал мынау іңжіл жазуымен жазылған кітап. Бұл кітаптар ханцзу ұлтының бірсыпыра классик кітаптарымен бірге көміліпті. Оған қарған ертеде турфанға көптеген ұлттар қоныстанған. Бірақ қайсы ұлт негізгі тұлға болған? Ұлттардың бір-бірімен байланыстары қандай? Кейін келе қандай өзгерістер болған? Бұл мәселелер зерттеуге айрықша татиды. Турфандағы өзгерістерді білгенде ертедегі батыс өңірлер өзгерісінің сырында білуге болады.
– Егер ертедегі батыс өңір жазуының сырын ашып тастай алсақ, ертедегі шығыс тілінің де сырын ашқан болар едік. Бұл істі қудай біздің озық германия ұлтына аманат етіп отыр! Грундел бізге жетерлік материал тауып әкеліп берді, – деді Крупп масайраған лебізбен.
Осы кезде білімдік салауат көрсетіп, ығымсып тұрған орта жастардағы бір адам орнынан тұрып: – мына материалдар аса құнды материалдар. Амал қанша біраз жеткіліксіздік етеді. Ертедегі батыс өңірдің сырын ашу үшін мұнанда көп жазумен жазылған материалдар табу керек еді. Оның үстіне көптеген нақтылы заттар тауып дәлел сипат ету тіпті де қажет, – деді.
Мынау адамның ой пікірінің шынына тереңде жатқанын байқаған қонақтардың жанары еріксіз сол адамға аударылды. Бұл адам затыында бүгінгі қонақасының басты қонақтарының бірі, жуңгоға екінші рет барып тексеру жүргізушілердің жауапты адамы Ылкоп еді.
Ылкоптың археологияны қанық білетіндігін, оның үстіне едәуір көркемөнер білімі барлығынан Грундел хабарлы еді. Өзінің жаңағы сөзінде біраз кішіпейілдік етпегенін, тіпті есеңкіреп те алғанын Грундел енді сезді де ибалы қалыпқа түсе сөйледі, – өрелі пікір, өрелі пікір! Ылкоп Диктор, сіздің сөзіңіз дәл үстінен түсті. Біздің қолымыздағы материал әлі мәрдімсіз, бұдан кейін өзіңіздің қазба деректеріңізге сүйенеміз!
Крупп та өзін мынау сыйлы қонағына немқұрайлы қарап қалғандац сезінді. Бір тал темекіні тамызып алған ол шылымынан сорып қойды да адамға ылғи күлімсіреп тұратындай әсем кздерін жыпылықтатып жіберіп көпшілікке қарап ерекше сырлы бейнеде тіл қатты – мен осы арада сіздерге бір құуанышты хабарды ашып тастамақпын, Ылкоп мырзаның осы рет турфанға бырп тексеру жүргізерде дайындаған 33мың мәріптің қаржысының 10 мың мәркін мәртебелі Германия патшасы көмек етті. Патша ағзам да батыс өңір мәдени бұйымдарына қабаған қызығып отыр әйтседе батыс өңір жуңго тереториясы болғандықтан патша ағзам біздің ол араға барып ұрлық үстеуімізді әшкере қолдай алмайды! Ха ха ха…
Көпшілік қызғаныш аралас құрметті назары – енді Люкке қайта ауды. Шүңіреп көздерін сығырайта қарап, түк білмегенсіп темекісін тартып Крупп тұр. Оның ойы бүгін кешке әуелі Грунделді әдейі көтермелеу арқылы Ылкопты егей түсу болатын. Ал әлгідегі Ылкопты көтермелеген проффесордың аңызын аңдамай болғаны еді. Тек осы екі адам күш шығарып істесе болғаны өзіне түсер пайда мол.
Айтқандай-ақ Грундел де отыра алмады. Ол снаряд жәшігінің ішінен бірнеше фотосурет алып шығып тұрғандардың қолына ұстатып жатып, – Доктор Люк мынақұрлым мол нақтылы заттар керек деді жаңағы сөзінде, мен қабырға суреттердің кейбір фотоға тартылғандарын алып келгенмін. Бұл қабырға суреттер батыс өңір адамдарының күй-жайын өз бойларына қалпын құратпай сақтап келген, мінекей көріңіздер тірі архиветтің өзі! – деді.
Кітапханаға жиналған оқымыстылар үймелеп ядохут қабырға суреттерінің фотоға алынған нүсқаларын бар зейіндерімен көріп жатқан кезде бірнеше кезбен ханым омыраулай кіріп келіп сөйлей жөнелді, таныс басталып қойды, сендер мына жерге тығылып алып немене көріп жатырсыңдар?
– Соншалық өліп-өшетіндей немене бұларың? Бізге де көрсетсеңдерші!..
– Ханымдар, біз де таныса ойнағандарды көріп жатырмыз міне, рас, – деді Грундел музыкалы би көрінісі түсірілген екі парша қабырға суреттің фотоға алынған нұсқасын келбеті сыпайы а салмақты бір князь ханымға ұсынып жатып, – мінекей қараңыз, мынау жуңгоның ерте заманың ядохут биі, – деп түсінік жасады.
Фото суреттегі тал шыбықай бұралған бойжеткеннің жеге аяғының ұшымен тұрып алып, жамылғысын желбірете ұршықша үйірілген көрінісін көрген князь ханымның дауысы еріксіз шығып кетті, – мынаны қараңдаршы, жуңго балеті! Балет биі ерте заманғы жуңгоға да таралған ба? – оны қоршап үймелей қалған басқа ханымдардың жанарларынан да таңданғандық пен шұбаланғандық байқала қалды.
– Бұл балет биі емес, балет биіне ұқсайтын жерлері бар сияқты, – деп түсіндірді Ылкоп, бұл жуңго тарихында ұршықша айналу биі деп аталған батыс өңір билерінің бір түрі.
–қараңдаршы, ұршықша айналу биін билеп жүрген бойжеткеннің киген сымы да ерекше екен, балағы кең де қалтасы тар, бейне бір жұп лаба іспеті екен, дегенмен жарасып тұр. Мұны немене сым деп атайды екен? – деп сұрады фотосуретті көріп тұрған князь ханым.
Ол білімді Ылкоп терең ойланып алды да:
– Немене сым деп аталатындығын мен де естіп көрмеппін. Мұның 1000 жылдың батыс өңірдегі биші әйелдердің киімі екені анық. Сымының балағы лава сияқты екенін өздеріңізде көріп тұрсыздар, ендеше лава сым деп атайық, – деді.
Мұндай лава сымды шиңжаң бірсыпыра жерлердегі тас үңгірлердегі қабырғасуреттерден кездестіруге болатын. кейін келе еуропалықтар осы сымға еліктеп сым тіктіріп шығыстың классик билерін ойнаған кезде пайдаланып жүрді де, қоғамға қай кезде жалпыласып кеткенін аңғармай қалды. Соңғы бір қанша жылдардан бері еліміз жастары бұл сымды осы заман мәдениеті ретінде кең көлемді кие бастады. шынын қуғанда бұл нендей бір жаңалық емес-ті.
– Ханымдардың өздерін би билеуге тақымдап тұрғанын байқаған Крупп Груноделге алып шыққан. Мәдени бұйымдар мен фотосуреттерді жинатып сандыққа салдырды да қонақтарды би ойнауға жіюерді. Мынау құнды мәдени бұйымдардың үсті снаряд жәшіктерге салынғанын Ылкоп сән оғаш әрі әбез сезінді. Мынау ңіс оған адам өлтіруді бет өлтірген құрлы көрмейтін теңіз қарақшысын бұратылған нәзік бикештің гүлді көйлегін кигізіп қойғандай күлкүлі әсер берді.
Кітапханадағы Груноделмен ең соңында шыққан ол ақыры шыдамады, – профессор, сіз алып келген неше ондағы жәшік құнды мәдени бұйымдардың барлығы жаңағы сияқты оқ-дәрі иісі мүңкіп тұрған жәшіктерге салынғанба? – деп сұрады.
– Ия, барлығы осы сияқты жәшіктерге салынған, мұндай болғанда бұл мәдени мұраларғада соғыстық қару жарақ таңбасы басылған деп ойлауға туа келеме, жоқ.
– Ха,ха! Доктор, сіз тым ескішіл көрнесіз, қару жарақ жәшігіне қалайша тек оқ-дәрі иісі ғана шығып тұрады дей аламыз. Кейбіреулер оқ дәріні адамзат мәдениетінің катализаторы деп қарайды екен! Мен алғашында бос жатқан снаряд жәшіктердің мәдени бұйымдар салуға ала салғанмын, мұндай жәшіктер Крупп заводында тау-мая болып үйіліп жатады. елдің бұл жәшіктерге бойтұмар ретінде қарайтындығын кім ойлаған. Мейлі кім кездесіп қалсын оддан тайсап кетеді әурешіліктердің көбі осының өзімен азайтуға болады екен.
Ылкоп ұйқыдан енді оянғандай болады, осыдан кейін жуңгоға барып мәдени бұйымдар ұрлағанда Ылкоп та осы сыбақты әрі ақшасыз әрі сыртын көріп ел қорқатын жәшіктерді пайдаланды. Бірақ, 1944 жылы совет қызыл армиясы берлинге кірген кезде музейханадан көптеген “снаряд” салулы тұрған жәшіктерді көреді де көтеріп алып шығып отқа өртегелі жатқанда жәшіктердің біреуі жерге түсіп кетіп сынады. Соынмен ішіндегі “әсілгі құпиясы” ашылып қалады, осылайша ұрлап апарылған бұл құнды мәдени бұйымдар апатқа ұшырамай аман қалады. Бұл өз алдына әңгіме.
Осы жолға қонақасына қатысқаннан кейін көп өтпей Ылкоп “тексерушілерін” бастап сапар шегеді. 1904 жылы бұл “тексерушілер” турфанға барады, олар бара салып әйгілі бізекілік мың үйді мен ярғол, сымгым қатарлы мың үйлер жаппай тінтеді. Осыдан соң іле шала олар ядухут жіне ярғол байырғы қалау үңгірлеріне барып ол жерлерді астаң кестең қазады. Тоғыз айдан астам уақыт қазу арқылы олар әлде неше жүз жәшік әртүрлі жазулармен жазылған классик кітаптардың көшірме нұсқасын кішкентай мүсіндерді ерте заман ақшаларын және қабырға суреттерін ұрлап әкетеді.
Ылкоп жуңгодан аса мол құнды мәдени мұралар тауып алыпты дегенді естіген Грунодел жазып жатқан археологиялық ғылыми мақаласын тастай салып адамдарын, ат-көліктерін бастап шиңжаңға тағы жетіп келеді. 1905 жылы 12 айда думанды қала қашқарға енді ғана жеткен ол батысқа қайтып бара жатқан Ылкоп докторға жолығып қалды.
Бұл күн батып бара жатқан шақ болатын, Грунодел Ылкоп қонып атқан қала маңындағы бір үлкендеу дөңге келді. Бұл кезде Ылкоп лаушылардың жүйеге және аттарға артқан жәшіктерді түсіруіне жөн сілтеп тұрған. Батар күннің қан қызыл шапағы мынау байсалды да сыпайы Доктордың жүзін нұрландырып тұр. Өзі бір түрлі қуанышты да әсерлі бейнемен әлсін әлі, – байқаңдар, ақырындап қойыңдар! Андағы аттың үстіндегі жәшік қатты қойылса болмайды, барынша абайлаңдар! – деп қадағалап тұр.
Ақ тақтайлардан істелген бірнеше жүз “снаряд” жәшігі аулаға тау-мая болып үйіліп қалды. Кешке қызыл шықпақтың әрлендіруімен мынау жәшіктерде құдды қызыл сырмен сырлап тастағандай көз тартады. Көз алдындағы қызыл жәшіктерге өлердей ішіп жеп қарап Грунодел тұр. Жәшіктер қызғылтым түстен бірте бірте нар қызыл түске, онан алқызыл түске енді, ең соңында іңір қараңғылығына сүңгіп кетті.
Жұмысын тәмәмдаған Ылкоп келіп Груноделмен амандасты, Груноделдің есіл-дерті әлі батар күннің шапағында құбылып барып қараңғылыққа сүңгіп кеткен жәшіктерді: жәшіктер ашылды да ішінен көрінісі көз сүріндірерлік қабырға суреттер, құнды мүсіндер, ерте заман кітап материалдары шықты, енді бір сәтте бұл нәрселердің бәрі ғайып болады да оның орнында үйме-жүйме мәрк, алтын ақша, жақұт-лағыл тұрды… Грунодел осыдан Ылкоппен қол ұстасып қоналқы үйге кіргенде бірақ тіл қатты:
– Доктор, сіз енді шалқыған байға айналатын болдыңыз! Турфан мәдени мұраларының гауһарын сіз бірақ көшіріп келіпсіз! Мынау қызғаншақ серігінің сөзін естіген Ылкоп:
– турфан дегеніңіз қазып тауысуға болмайтын қазына кені ғой, барып қазса профессорды байытатын қазына әлі де шығады, – деді.
Бұл екеуінің айтқандары да теріс емес-ті, еліміздің мәдени бұйымдарын ұрлап талап шаңырақ көтерген Ылкоп берлинге қайтып барған соң миллионер болып шыға келді. Ай, Күшар, Турфан қатарлы жерлерге тіңіскілеп кіріп ол мәдени мұраларды ұрлап әкеткен Груноделде еліне қайтып барған соң ірір байға айналды.
Германия шиңжаңға екірет адам жіберіп мәдени мұраларды ұрлап кетті. олар апарған қабырға суреттерді, мүсіндерді және ерте заман ақшалары сияқтыларды берлин музейіне қойды, ал кітап-материалдардың көшірме нұсқаларын берлин ғылым академиясына апарып, оны зерттеуге арнаулы бір топ адам ұйымдастырып дүрлігісті. Осы кезде Ресей мен Франция да қарманып қалуға асығып-үсігіп адам жіберді. Сонымен мәдени мұраларға таласып бір – бірімен аңдысқан жексұрын ойын тағы басталды.
Қажет АНДАС,
“Q-Andas” ақпараттық агенттігі.
Жалғасы бар…











