Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 17 бөлім

admin
2025/10/29
Елтану
0
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 17 бөлім

Жи Руи Чаудың Жібек жолына екі рет келіп тексеру жүргізуі

Басы:  Жи Руи Чау — шамамен жиырма жас шамасындағы, тепсе темір үзетіндей қайратты әрі аса зейінді, будда номдарының тілін жетік меңгерген жас жігіт еді. Сондықтан Дагу Гуңырой оны ерекше ұнатып, сенім артқан. 1908 жылы Дагудың қаржылай қолдауымен Жи Руи Чау және оның көмекшісі Чяу Упын Шыңжаң өлкесіне келеді.

Олар әуелі Турфаннан тілмаш пен лаушы тауып, сол өңірде аз ғана уақыт аялдайды. Алайда пәлендей құнды мәдени мұра таба алмай, көп ұзамай Лыпнор жаққа қоныс аударады. Лыпнорға келген соң Жи Руи Чау байырғы қала Кыруарнияны тауып берген ұйғыр диқан Юдикті іздеп табады. Ол Юдиктен сол көне қаланы қалай тапқанын егжей-тегжейлі айтып беруін өтінеді.

Юдик жас жапон зерттеушісінің байырғы қала туралы сұрап тұрғанына таңырқай қарап:

– Сен де сол ескі қаланы іздеп жүрсің бе? Бұл маңайдың қариялары ол қаланы «жын-шайтандардың мекені» десетін, жын-шайтаннан қорықпайсың ба? – деп әзілдей сұрайды.

Жи Руи Чау күліп:

– Шайтан дегенді кім көріпті? Шайтан да қала салып, қоныстанады дейсің бе? Ендеше мен сол «шайтанды» өз көзіммен көруге барамын! – дейді емен-жарқын бейнеде.

Юдик те күліп алып:

– Ха-ха! Мен де кезінде сен сияқты едім. Сол кезде біз шайтаннан қорықпайтын бірнеше жігіт мұз және азық-түлік алып, әлгі қала орнына бардық. Шайтан тұрмақ, ештеңе де жоқ екен. Әрқайсымыз бірнеше қытайша кітап пен ескі мыс жармақтар тауып қайттық, – дейді.

Жи Руи Чау қызыға түсіп:

– Сол кітаптарыңыз қайда? – деп сұрайды.

– Міне, осында, – деп Юдик үстел үстіндегі ағаш сандықты ақтарып, сарғайып кеткен ханзу жазуындағы көне кітапты алып көрсетеді.

– Бұл кітапты сол көне қаладан әкелгенмін. Осындай кітаптар осы маңдағы көп отбасында болған. Кейін мен Свен Хединмен бірге сол Кыруарния қаласын қазып жүргенде, ауызымнан байқамай «отбасыларда көне кітаптар бар» деп айтып қойғанмын. Сол сөзге елең еткен Свен Хедин дереу қыстаққа қайтып келіп, осындай жүзден астам кітапты ақшалай сатып алды. Мына кітапты сол кезде таба алмай, кейін тауып алған едім. Құнды мұра екенін білем, бірақ тастауға қимадым, – дейді Юдик.

Жи Руи Чау қуана:

– Онда бұл кітапты маған сатыңыз және сол байырғы Кыруарния қаласына апарып көрсетіңіз. Маған да сондай ескі кітаптар табуға көмектесіңіз, – дейді.

Сөйтіп, ол өздерінің екі дорба ұнын және қойдың бір санын Юдиктің үйіне жіберіп, «балаларыңмен бөліп жеңдер» деп тастап кетеді. Жас жігіттің сыпайылығына риза болған Юдик оларды байырғы Кыруарния қаласына ертіп апарады.

Қала орнына жеткен соң Юдик топырақ төмпешікті нұсқап:
– Міне, осы жер, осы жерден бастап қазыңыздар, – дейді.

Жи Руи Чау көз алдындағы жермен-жексен төмпешікке қарап тұрып, оның ежелгі құлаған дуал екенін аңғарады. Бұл төбешікті, шамасы, соңғы кезде Свен Хедин қазбаған болуы керек, өйткені ол өңірде қазылмаған жер қалмаған еді.

Жи Руи Чаудың жөн сілтеуімен лаушылар қазып, жер астынан шірімеген бір ағаш шкаф табады. Ішінен әлденеше жүздеген хаттар мен көне кітаптар шығады.

Бұл табыс жас зерттеушіні ерекше қуантады. Ол Юдиктің қолын қатты қысып тұрып, бұзықтау қытайшамен:

– Сен өте жақсы! Жақсы! Яңши (жақсы)! – деп шаттана айқайлайды.

Табылған барлық хаттар мен кітаптарды ол дереу жинап әкетеді. Сол кезде Жи Руи Чаудың өзі бұл олжаның тарихи құнын әлі жете бағамдай алмаған еді. Ал шын мәнінде, бұл құжаттар — Жоңго тарихындағы Бес ху және Он алты ұлыс дәуірінде өмір сүрген әмірші Ли Байдың Батыс өңір елдеріне жолдаған әскери хаттарының қолжазба нұсқалары болатын. Онда Ли Байдың Батыс өңірдегі елдерді жаудан қорықпауға, бірлікте болуға үндегені жазылған.

Бұл табылған хаттар Кыруарния қаласында жаңа эраның 328 жылдары әскер тұрғанын, бірақ оның ол уақытта астана болмағанын дәлелдеді. Осылайша бұл деректер ежелгі Батыс өңір тарихын зерттеуде аса құнды мұраға айналды.

Жи Руи Чау бұл жәдігерлерді қолға түсірген соң көп аялдамай, Чаршен ауданы арқылы Күнлүн тауының терістік бетімен батысқа — Хотан мен Қашқар бағытында жүріп, мәдени мұраларды заңсыз қазып, ұрлап әкетуді жалғастырады.

Көп ұзамай Дагу Гуңырой Күшар мен Қашқар аймағында бұрынғы байырғы қалалар болғанын айтып, сол жерлерді толық қазып шығуды Жи Руи Чауға арнайы тапсырады. Ол өз көмекшісі Чяубынмен бірге бұл сапарға зор үмітпен аттанды.

Алайда бірнеше күн зерттеу жүргізгеннен кейін олардың көңілі су сепкендей басылды. Себебі бұған дейінгі бірнеше жыл ішінде Ресей, Германия, Англия және Франциядан келген зерттеушілер бұл өңірді түгелдей қазып кеткен еді. Жердің беті мен астындағы топырақ қабаттары аударылып-төңкеріліп, бұрынғы мәдени қабаттардың бәрі дерлік бұзылған болатын. Осыны көрген Чяубын еңсесін түсіріп:
– Мына жерден енді ештеңе шықпайтын сияқты. Тіпті өлшеу құралдарымды түсіргім келмей тұр, – деді.

Бірақ Жи Руи Чау оған жігер беріп:

– Үмітсіз болмайық, досым! Біздің балықшылардың сөзі бар ғой: «Балық үлкені – аудан қала». Біз Кыруарнияда істі сәтті бітірмедік пе? – деді.

Осылай екеуі қайта шабыттанып, қазба жұмысын жалғастырды. Екі күн бойы үздіксіз еңбек еткенімен, ерекше бір мәдени мұра шыға қоймады. Үшінші күні Жи Руи Чау алыстан төртбұрышты төбешікке көз салып:

– Анау жерден үміт бар сияқты, барып көрейік, – деді.

Чяубын оның нұсқаған жеріне қарап:

– Ол будда дініндегі «судуп татя» – яғни сарира сақталған мұнара болса керек. Бірақ мұндай жерлерді әлдеқашан қазып кеткен шығар. Қашқарда да осындайды көргенбіз ғой, – деді.

Чяубынның бұл күдігі орынды еді. Себебі бұған дейінгі сапарларында олар Қашқар маңындағы «Хануй» қаласын да «тексеріп», ондағы сарира мұнараларын түгелдей қазып, ештеңе таппаған болатын. Ол кезде бұл мұнараларды француз ғалымы Пелио түгін қалдырмай тонап әкеткен.

Дегенмен Жи Руи Чау досының сөзін бөліп:

– Чяубын, сен мың үйлердің будда ғибадатханаларының қабырға суреттерін көрдің ғой. Онда будда әулиесінің дүние салғаннан кейінгі көріністер бейнеленген. Суретте сегіз патша будданың сүйегінен қалған киелі сарираларды бөліп алып, өз елдеріне алып бара жатқан сәт көрсетілген.

Аңыз бойынша, будда өлгеннен кейін оның сүйектері өртке күймей, меруерттей жарқырап қалған екен. Соны көрген сегіз патша сарираға таласып, тіпті соғыс ашуға дейін барады. Ақырында әрқайсысы бір үлестен алып, өз елдеріне апарып, осы сияқты «судуп татя» мұнараларын тұрғызған.

Будда дініне сенетін елдер тек Үндістанмен шектелмеген. Сондықтан Күшар секілді ірі орталықта да сарира сақталуы әбден мүмкін. Ал батыс зерттеушілері будда кітаптарын түсінбейтіндіктен, олардың бұл жайды білуі екіталай, – деді сеніммен.

Чяубын бұл сөзге ой жүгіртіп, қызығушылығы қайта оянады. Екеуі өзеннен өтіп, төртбұрыш пішінді татя мұнарасының қасына келеді. Кірпіштен салынған бұл ежелгі құрылыс үш қабатты екен: төменгі екі қабаты текше пішінді, ал үстіңгі қабаты күмбез формалы. Жел мен жаңбырдың әсерінен бүлінгенімен, адам қазған із байқалмайды. Бұл жағдай олардың үмітін оятып, дереу қазбаға кіріседі.

Бір күннен астам уақыттан кейін мұнара ішінен форфор құмыраға салынған домалақ пішінді сариралар табылады. Құмыраны ашып қарағанда, ішінен бірнеше інжу тәрізді жарқыраған заттар шығады. Бұл – Будда Сакьямунидің немесе басқа қасиетті монақтардың сариралары болуы мүмкін еді.

Сариралармен қатар, мұнара ішінде көне жазбалар мен хаттар да көмілген екен. Онда сарираның қайдан келгені жазылмағанымен, табылған олжаның өзі-ақ екеуіне жеткілікті қуаныш сыйлады.

Осы табыстан кейін Жи Руи Чау мен Чяубын жеті ай бойы Шыңжаңда болып, он айдың соңында бұл «найзағайдай» тез зерттеуін аяқтады. Олар көп болмаса да, аса құнды жәдігерлерді ұрлап алып, кейін теңіз жолы арқылы Кашмир мен Лех арқылы Жапонияға қайтты.

Жи Руи Чау Жапонияға оралғаннан кейін көп ұзамай Дуньхуан маңындағы мың үй үңгірлерінен көне будда кітаптарының табылғаны жөнінде хабар естиді. Жібек жолының тарихи сырларына ерекше қызыққан ол 1910 жылы ағылшын азаматы Хоппос атты көмекшісін ертіп, тағы да жолға шығады.

Бұл жолы ол бұрынғыдай сенімді және тәуекелшіл еді, бірақ үміті ақталмады. Дуньхуанға жеткенде үңгірлер қаңырап бос қалғанын көреді. Бұрынғы жылдары ағылшын зерттеушісі Стейн мен француз ғалымы Пелио бұл жерлерді толық қазып, бағалы қолжазбаларды өз елдеріне алып кеткен болатын.

Алайда жергілікті халық арасында әлі де тоз-тоз болып тараған біраз дуньхуан кітаптарының бар екенін естіп, ол соларды іздей бастайды. Ақша шығарып, адамдардан көне кітаптар сатып алады. Кейін Турфанға барып, тағы да «тексеру» жүргізеді.

Бұл сапарында да ол бірнеше құнды будда номдарын, көне хат-қатынастарды және бірнеше мумияны қолға түсіреді. Ол олжасына қатты қуанып, өз ашқан жаңалығын үлкен жеңіс деп қабылдайды.

Алайда қуанышы ұзаққа созылмады. Сол уақытта Қытайда Синьхай төңкерісі басталып, Минго дәуірінің орнағаны туралы хабар жетті. Бұл жаңалық жібек жолында жүрген барлық шетел «зерттеушілерін» сескендірді.

Жи Руи Чау да бұл өзгерістен қорқып, Қытайдың енді ұйқысынан оянған айбынды елге айналатынын түсінді. Ол мұндай жағдайда ендігәрі мәдени мұраларды еркінше ұрлауға болмайтынын білді.

Сондықтан тез арада қолындағы барлық олжаны жинап, жедел түрде елге қайтуға шешім қабылдайды. Ал оның тапқан мумияларын қайда және қалай орналастырғаны жөнінде нақты дерек сақталмаған.  Минго үкіметі орнаған соң, өзге елдердің де зерттеушілері жібек жолына келуге тәуекел етпей, ұзақ уақыт бойы бұл өңірде археологиялық қазба жүргізе алмады.

Тек кейінірек бұл аймаққа батыс өңір археологиясын зерттеумен аты шыққан Стивен есімді зерттеуші ғана қайта оралып, жаңа кезеңнің қазба жұмыстарына кіріседі.

Қажет АНДАС

“Q-Andas” ақпараттық агенттігі

Жалғасы бар…

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 24
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 21, 2025
Қытайтану негіздері Уу Чи
Елтану

Қытайтану негіздері Уу Чи

November 17, 2025
Қытайтану негіздері – Ли Күи
Елтану

Қытайтану негіздері – Ли Күи

November 4, 2025
Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы
Елтану

Қытайтану негіздері Шаң Ян – заңшылдар мектебінің негізін қалаушы

November 3, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22  бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 22 бөлім

October 31, 2025
Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім
Елтану

Жібек жолындағы мәдени мұралардың ұрлануы 21 бөлім

October 31, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz