Басы: «Уақыт» жазады: «Мәселе айқын: қазір Россияда екінші дәрежелі жасақтарды, солармен бірге, атаға бір, жалпы бір үйлі жанды жалғыз асырап отырған адам да да әскерге алынбайды. Бейбіт уақытта, кісіні әскерлік қызметке алғызбайтын көп аурулар осы күнде белең қылынбайды. Науқас адамдар да Отан қорғау ісіне шақырылады. Жалғыз бұл-ма? Ақ билеттілердің, науқас себебі әскерлікке жарамайтын кісілердің де жасырақтары қайта қаралып, қызметке шақырылайын деп тұр. Әскерді күшейтіп, молайту үшін кісіге қат болған кезде, мемлекет ішінде саны 5-6 миллионға толатын, бір жұрттың аскери қызметін атқармай тұруы көзге түсерлік. Басқа жұрттардың көпшілігін қоздырып, іштерін тарылтуға себеп болуы ықтимал. Соғыс төрелерінің де мынадай зор күштi пайдалануға тілеулері және орынды-ақ, сондықтан, орнынан түскен Cоғыс Министрі Сухомлинов және оның қол астындағы адамдар – қазақ надан, орысша аңғармайды, тоң мойын, орыс бауыздаған малды жемейді, оларда Отан намысы шамалы, деп көлденең тұскен болсада, ақыры ол күшке қол тигізіп пайдалануға ділгерлік сезілген. Сондықтан Соғыс Мекемесінің бұл мәселеге қарауы өзгерген, әсіресе қазақ пен қатынасып жүретін, олардың хал-жайын, шаруаларының жақсы-жаман жағының бәрін білетін, қоныс аудару мекемесі бұл істі қолға алуы, ақыры оның жарлыққа шығу ықтималын арттырады.
Бұл мәселеге, мемлекетке керегі жағынан қарағанда мынадай: Бұл туралы Россия мұсылмандарының қарасы да көпке мағлұм. «Россия мұсылмандары» жиылысында, Россиядағы мұсылман атаулының барлығының құқығы, орыстармен теңелуін сұраған уақытында өз Программасында – орыс қол астындағы мұсылмандардың барлығының да әскери қызметін атқаруын тиісті көріп еді. Мұсылман депутаттары да әр Думаның мәжілістерінде әскери мекеменің жобасы қаралған кезде тіл қағып келіп, мұсылман матбұғаты да жоғарыдағы жиылыстың айғайшысы болды.
Анығына келгенде мұсылмандардың бұл мәселеге қарауы аса негізді еді. «Отан ішіндегі барлық ұлттардын терезесі тең болса, соған қарай біркелкі борышты болуы тиіс».
Мұсылмандардың қарауынша, әскери қызмет, қазақтардың азаматтық борышын өтеулері болғанының үстіне, олардың дүние көрулеріне, діни тазалығы мен оқу-өнерлері артуына, жөн білулеріне себеп болмақ.
Мынаны да ескеру керек. Қазақты әскери қызметке алу – олардың хал-жайымен шаруасына жеңіл тимес. Олар азаматтарынын жан-жакка қызмет атқарғалы кетулеріне көндікпеген, шаруалары оған қарай бейімделмеген, мұндай зор өзгеріс жасалуы олардың тұрмысына қиын тиер. Сол себепті бір жағынан құқық пен теңдік атына, екінші жағынан әскери қызметін атқара бастау, олардың хал-жайы, шаруаларына жаңа бір қолайсыздық болып түспес үшін, жоғарыда айтылған жобаны іске асырумен бірге, олардың шаруаларын түзету амалын қарастыру керек. Мысалы оларды тым болмаса «казак-орыс» ретінде, егін және мал шаруасына қолайлы жер беріп, уайымсыз қылу керек. Олардың құқытарын кеңейтіп, экономикалық істерін көтеріп, заманның ыңғайына қарай түзету үшін, қазына есебінен зор қам қылу керек. Оларды әскери қызметке үркітпей, бәлки ынталы қылу амалы үшін, өздерінен офицерлер шығару керек. «Казак – орысқа» болғандай, өздеріне кейбір кеңшіліктер беру секілді жұмыстар істеу керек.
Сөйтіп бұл мәселеде екі жақ өзінің міндет борышын атқару тиіс.
«Үйді өрт алғанда әйнек шынысының бүтіндігін сақтап тұру жоқ». Сол секілді қазіргідей аса әбігершілік кезінде түрлі кедергі қойып, сіресуге болмас. Бірақ сонымен бірге жұрттың шаруасына орасан өзгерістер жасалғанда оған бірте-бірте түсу, бұл өзгерістердің қолдан келгенше ауыртпалықсыз, жеңіл жасалуы керек.
«Тұрмыш» жазады:
«Қазақ бауырларымыздың хал-жайы, шаруасы жағынан қарағанда әскерлікке олардың өздері үшін де аса керекті. Көшіп жүріп шаруа істеу бұдан былай, әлбетте мүмкін болатын іс емес. Мәдениет дүниесімен араласу, отырықшы болып мәдениетке аяқ салған ұлттармен қатынасу, олардың күнелту реттерін білу керекті бір іс. Қазақтың кең даласының ішінен шықпаған, бұл бауырларымыз әскерлікке алынса, басқа ұлттардың тұрмыстары, дүниеге қарастары және жалпы хал-жайымен танысуы болашақ. Мұның Қазақтың жалпы тіршілігіне әсері зор болады.
Саяси жағынан қарағанда бұл мәселенің керектігі басым. Міне, қазір екінші Отан соғысы. Бүкіл Россия халқы қару көтеріп, соғысып жатыр. Соғыс барысында әрбір ұлтқа кеңшілік берілу күтіледі. Көп кісілер бұл соғысты: «Ұлттардың кеңшіліктері үшін соғысу» деп аңғарады. Барысы қалай болса сол болсын, бірақ әрхалда теңдік алу, шын Россия азаматы болу үшін, Отан үстіне түскен ауыртпалықтарды бірігіп арқалауға борыштымыз. Теңдік алу үшін, әлбетте, солардай Отан жолында қызмет атқарған болуы шарт.
Қазақ бауырларымыздан әскер алынғанда, қала салып отырықшы болу, мешіт, мектеп және медреселер салу, мүфтилік ашу, Думаға сайлану және басқалары, бірсыпыра жеңілдер деп ойлаймыз.
Біз осы күнде қазақ жұртын қиындық ішінде көреміз. Оларда әлеуметтік және ғылыми тіршілік тұрақтамаған секілді, жер-сулары күннен-күнге қолдарынан кетіп барады. Қазақтарды бұл жағдайдан сүйреп шығаратын бір себеп керек. Міне, сол себептің басы ықтимал, әскерге алу мәселесі болар».
«Жұлдыз» жазады:
«1914-ші жылғы 27-ші желтоқсан заңында айтылғанына қарағанда, дала облыстарындағы бұратана халықтар, Түркістан халқы, Кубан және теріскей облыстардағы мұсылмандар әскери қызметіне алынбайды. Бірақ заң шығаратын мекемелердің мәсілихаты, Патшаның бекітуі соңында, оларды әскери қызметке шақыруға болады.
Екінші дәрежелі жасақтарды соғысқа алу мәселесіндей, қазақтарды әскери қызметке алу мәселесі де заң шығару мекемесінде қаралып өтпек. Бірақ бұл екі мәселені қарауда айырма тым зор. Екінші дәрежелі жасақтар мәселесін, заң шығаратын мекеменің адамдары өте жақсы білетін еді. Дума және Совет мүшелерінің әрбірінің дегендей-ақ, басына сол мәселе түскен, яки түспек еді. Сонымен бірге, бұл мәселеге халықтың қалай қарауын және мәселенің жалпы мемлекет пайдасымен қанша байланысы барлығын Дума және Совет мүшелері білетін еді. Қысқасынан қайырғанда, екінші дәрежелі жасақтарды соғысқа алу мәселесі Дума және Совет мүшелеріне әр жағынан мәлім, белгілі еді. Сондықтан ол мәселе жылдам шешілді. Қазақты әскери қызметке алу мәселесіне келгенде, іс онша жеңіл емес. Мәселенің әр жағы заң шығаратын мекеменің адамдарына бастан аяқ мағлұм деп те айтуға болмайды. Міне сондықтан бұл мәселе туралы біраз ойлануға тұра келеді.
Бір ұлттың тіршілігіне қарайтын мұндай керекті мәселені шешу үшін, ол мәселені шыр айналдырып, түрлі жақтан тексеріп өту керек. Мұның үшін де сол ұлттың шаруасын, табиғатын, мінезін және оның тілегін нық білу, аңғару керек. Міне, сондықтан қазақтардың шаруасына, бүтін ойлаған ойына қайтадан әскер алу мәселесі қаралғанда, қазақтардың халін жіті біліп, тисе қарайтын депутаттары қазір болуы керек еді. Бірақ болмай тұр. Бұл мәселені де әскер алу арқылы шешуге болады».
№154, 1915 жыл, бейсенбі, 22 қазан, 3-бет.
Түп нүсқа араб харпінде
Аударған Қажет Андас
МНЕНИЕ НОГАЙСКИХ ГАЗЕТ ПО ВОПРОСУ ПРИЗЫВА КАЗАХОВ НА ВОИНСКУЮ СЛУЖБУ
Газета “Время” пишет:
“Вопрос ясен: сейчас в России, ратники второго разряда, и единственный кормилец в семье не призываюся на воинскую службу. В мирное время – болезни определяющие непригодность к воинской службе, в настоящее время не учитываются. Даже больные люди призываются к службе для защиты Отечества. Только ли это? Даже “белобилетники” и те кто помоложе из числа непригодных к службе больных, вновь проходят обследование и призываются к воинской службе.
В деле усиления Армии и ее пополнения в это тяжелое время, сразу бросается в глаза тот факт, что внутри государства, целый народ численностью 5-6 миллионов человек не несет воинскую службу.
Это может не понравиться большинству других народов и вызвать их недовольство. Военные командиры не против воспользоваться такой мощной силой, поэтому бывший Военный Министр Сухомлинов и его подчиненные, хоть и говорили, что казахи – невежественны, русский язык не знают, неповоротливы, не едят скотину зарезанную русским человеком, для него защита и честь Отечества – дело второстепенное, в конечном итоге все-таки хотят иметь такую силу. Поэтому взгляды Военного Министерства на данный вопрос изминились, особенно мнение Учреждения по переселению, которая всесторонне изучила этот вопрос, знает все плюсы и минусы. Военное Министерство дает этому Учреждению возможность взять дело в свои руки и дать ей широкую огласку.
Если смотреть на это дело с точки зрения государственной необходимости, то мнение мусульман России по этому вопросу открытое и многим известно. На съезде мусульман России, когда все мусульманские народы России просили равенства с русским народом, они в своей Программе ставили и вопрос о том, чтобы все мусульмане могли быть призванными на воинскую службу.
При рассмотрении в Государственой Думе сметы на военные расходы, депутаты от мусульман высказывали свое слово и заседания Гос. Думы не проходили без споров и разногласий.
Мнение мусульман и их точка зрения на этот вопрос очень важны:
“Если все народы в государстве будут равноправны, то соответственно все должны быть равнообязанными”.
По мнению мусульман, воинская служба для казахов будет являться исполнением гражданского долга и послужит причиной того, что у казахов расширится мировоззрение, повысятся – религиозная чистота, образование, искусство, знания.
Но надо учитывать и то, что с призывом на службу – нелегким будет положение быта и хозяйства казахов. Казахи не привыкли к тому, чтобы их мужчины уезжали на службу в разные места, их хозяйственная жизнь к такому положению не приспособлена, проведение таких кардинальных изменений ляжет тяжким бременем для казахов.
Поэтому, должны быть соблюдены права и равенство при решении данного вопроса, надо искать способы улушения их жизни, не допускать других тягот и неудобств в хозяйственной жизни казахов.
К примеру им, как и казакам, русским, нужно выделить земли для посевных работ, дать пастбища для скота, чтобы они без забот вели свое хозяйство.
Раширить их права, поднять экономику, по возможности, за счет казны оказать им посильную помощь.
Не надо пугать их воинской службой, а чтобы они добровольно стремились к воинской службе, нужно подготовить из числа казахов-офицеров. Как и русским,” казакам”, им тоже нужно дать некоторую свободу выбора.
Итак, в этом вопросе обе стороны должны выполнять свои обязательства, -казахский народ и Правительство.
Когда в доме полыхает пожар невозможно сохранить в целости оконные стекла. Так и в этом случае, когда обстановка крайне напряженная, нельзя вставать в позу и ставить разные условия.
Вместе с тем, переустройство уклада жизни целого народа надо проводить как можно безболезненно, постепенно”.
Газета “Турмыш” пишет:
“При таком положении дел в жизни и быте, хозяйстве казахов, им самим необходима воинская служба. Общаться с миром культуры, быть оседлыми и общаться с народами познавшими культуру, также узнать их жизнедеятельность – очень нужное дело. Братьям-казахам, не покидавшим широкую казахскую степь, воинская служба даст возможность познокомиться с жизнью и бытом других народов, их мировоззрением, их укладом жизни, это – окажет большое влияние и принесет пользу казахскому народу.
С политической точки зрения – решение этой проблемы – необходимость.
Сейчас идет вторая Отечественная война. Весь Российский народ взяв в руки оружие воюет. Ожидается, что после окончания войны всем народам (нациям) будет дана свобода (самоопределение). Об этой войне многие говорят: “Это война – война за равноправие наций”. Какой-бы путь не выбрали народы, главное получить равенство нации. Чтобы стать настоящим гражданином России, все мы обязаны объединившись пережить все тяготы и лишения постигшие Родину.
Для получения равенства народов так и должно быть.
После привлечения казахских братьев на воинскую службу, значительно облегчатся задачи: постройки городов, перехода к оседлому образу жизни, строительства мечетей, школ, также открытие медресе, муфтиатов, представительство в Государственной Думе.
Мы, в настоящее время смотрим на казахский народ как на невежественных людей, незнающих наук. С каждым днем они теряют свои земли, воды.
Нужно какое-то решение для выхода казахов из такого положения. Одним из решений может стать решение о привлечении казахов на воинскую службу”.
Газета “Юлдыз” пишет:
“В законе (постановлении) от 27-го декабря 1914 года говорится, что народы степных областей, народы Туркестана, мусульмане Кубани и противорасположенных областей не призываются к воинской службе. Однако, законодательными органами, Царским указом, они могут быть призваны на службу.
Также, как и решение вопроса о ратниках второго разряда, вопрос о призыве казахов на службу, должен быть рассмотрен в законодательных органах. Но между этими двумя проблемами очень большие различия. Вопрос о ратниках второго разряда очень хорошо изучен законодательными органами. Каждый член Государственного Совета и Гос.Думы занимался или знаком с вопросом о ратниках. Вместе с тем Государственный Совета и Дума знают как смотрит народ на этот вопрос, также знают какая от этого польза для государства. Вопрос о призыве на службу ратников второго разряда всесторонне рассмотрен и изучен Гос. Думой и членами Государственного Совета. Поэтому этот вопрос был решен в кратчайшие сроки.
А вопрос о призыве казахов на воинскую службу всесторонне не изучен законодательными органами, и дело обстоит более сложнее. Поэтому этот вопрос требует всестороннего и обстоятельного изучения, так как от этого зависит жизнь казахского народа. Для этого нужно тщательно изучить и понять повседневный быт, природу, характер этого народа.
Так, при повторном рассмотрении казахского вопроса депутатам нужно с пониманием отнестись к их пожеланиям, к их общим переживаниям, проблемам, чаяниям. Так должно было быть. Но этого не происходит. Все же, эти проблемы можно решить в случае призыва казахов на воинскую службу”.
№154 , стр.3, 22 октября 1915 год, вторник.
Қажет Андастың аудармасы бойынша
орысшалаған Сабыржан Қалиев.
“Q-andas” ақпараттық агенттігі.
Жалғасы бар…












[…] Basy: 21 qarashada Petrogradta Ońdardyń jáne anarhist partiyasynyń sъezi ashyldy. Sъezge kelgen adamdar zań palatalarynyń músheleri, oń partiyalardyń ókilderi. Belgili adamdardan – ornynan túsken sot ministri SHeglovitov, Ishki Ister Ministriniń orynbasary – Beletskii, G.Duma múshesi – Markov, professor Lyubashov, tolyp jatqan arhiereiler. Sъezdi qoshamettep, Ishki Is Ministri – Hustov, jol Ministri – Tropov, jedelhat jibergen. Búlardyń kóbi – Úkimet basynda búryn túrǵan, osy kúnde de túrǵan adamdar bolǵan soń, sъez pikiri úkimet sayasatymen sabaqtas bolarlyq qisyny bar. Olai bolsa, bayaǵy qaita jaiylystyń jolyna túskendigimiz sheksiz. […]