Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Әдебиет

12-нің құпиясы (Байеке бидің Абаймен кездесуі)

Байеке Жазыбайұлы (1816-1890), Қараайт Күшікұлы (1825-1908)

admin
2025/09/03
Әдебиет
0
12-нің құпиясы (Байеке бидің Абаймен кездесуі)

Танымы ерен, тағылымды халықтың,

Құпиясын өмірімде сан ұқтым.

Айтылмаған ақиқаттар көп  әлі,

Қатпарында қалып қалған тарихтың.

Соны ашам деп қанша кітап ақтарып,

Жүрек жүдеп, табан тозып талықтым.

 

Ел аралап, ойдың кезіп аспанын,

Бірін таптым, енді бірін таппадым.

Кеп тұрған жоқ құрғақ сөзді сапырып,

Бірін сөгіп, енді бірін мақтағым.

Жетсін дедім қалпын бұзбай бүгінге,

Елді ұйытқан аталы сөз, асқақ үн.

 

Қоғалы бел, қопа қамыс жасырған,

Бұлан күндер өтті талай басыңнан.

Намысыңды талай жықтың амалсыз,

Ерлікпенен жаттың құтын қашырған.

Шаң қаптырды шарасыздық сан мәрте,

Жаралсаң да әлемде жоқ асылдан.

 

Бұл даладан қуып шығып жоңғарды,

Ел болам деп жатқаныңда орманды.

Бір бүйірден келіп тиген Ақ патша,

Тартып алып жатты адал олжаңды.

Етек-жеңін енді түйген жатақ ел,

Алман-салық төлеуменен сорланды.

 

Өз басына қорған болмай өз елі,

Өкінішпен өртеніп жан, өзегі.

Білектілер жұрт арасын ірітіп,

Түрлі айламен елді алдап кезебі.

Азып-тозып Тарбағатай баурына,

Қызай елі жаңа келген кез еді.

 

Жұтаң елге жан таптырмай қыс қақпан,

Жатсадағы төзе білді шықпас жан.

Қысым жасап Аягөздің орысы,

Қытайы мен қалмақтары үш жақтан.

Батырлары ішқұса боп тұншықты,

Талай жауды ерлігімен ықтатқан.

 

Осындай бір қиын кезде күй қашқан,

Шапқын келді бүкіл елді шулатқан.

  • Алман-салық жинау үшін арнайы,

Жәменке өзі келе жатыр тіс қаққан.

Білмейтұғын аяушылық дегенді,

Адам еді жүрегіне мұз қатқан.

 

  • Қошеметпен күтіп алып болысты,

Үй тігілсін, әзірлеңдер сойысты.

Дайындаңдар тай-тұяқ пен жамбыны,

Риза ету үшін ояз орысты, –

Деп шапқыншы жұтаң елді үркітіп,

Жарлық шашып, өз жайына ойысты.

 

Жәменке де адам елі орысшыл,

Болғанымен өрісі мен қоныс бір.

Қарамайтын жағдайына жарлының,

Қарсыласса кетуші еді жағып кір.

Талай елді қан қақсатқан шонжарың,

Енді келіп елге қысым салып тұр.

 

Өмір деген осы екен ғой өтпелі,

Онсыз да өзі орыстарға өкпелі.

Тай-тұяқ пен жамбы деген асыл зат,

Қайдан болсын жатақ елде көшпелі.

Алман-салық төлеуден де бас тартып,

Қол қусырып, қошемет те етпеді.

 

Ал Жәменке бұны қате ұғынып,

Ыза буып, қос білегін түрініп.

Бәйекені шақыртып ап алдына,

Көрсетпек боп өзінше бір ірілік.

Шыңғыстауға шабарманын жолға сап,

Арыз жазды Құнанбайға жүгініп.

 

  • Айдап салып жетім менен жесірді,

Іс қылды деп Ақ патшаға кесірлі.

Елді іріткен бас бұзар ғып көрсетіп,

Жоқтан бар ғып айып тағып не түрлі.

Бәйекенің қылмыс артып мойнына,

Итжеккенге айдатуын өтінді.

 

Аға сұлтан танысқан соң іспенен,

Шешілмесін білді оның күшпенен.

Дау қоздаса ел арасы бүлініп,

Қиын жағдай орын алар күтпеген.

Бұл шаруаны жас Абайға тапсырды,

Үлкен дауға әлі күнге түспеген.

 

Аттандырып ұлы жолға жас ұлын,

Аға сұлтан айтты былай ақылын:

  • Он екі жас қостым сенің қасыңа,

Ақылшың да, жолдасың да, пақырың.

Егерлікті епті ақылмен шешіп қайт,

Күйзелген ел сенің қандас, жақының.

 

Үлкенменен бет жыртысып ұрыспа,

Безбүйрекпен сөз таласып  жұлыспа.

Сөзін тыңда алдыменен жарлының,

Онсыз да жұрт желініп жүр орысқа.

Абайла ұлым, мен білетін Жәменке,

Айтқанынан бір қайтпайды қырысса.

 

Жақсы хабар естіртерсің лайым,

Күнде саған медет тілеп тұрайын.

Талай жүйрік амалсыздан жол берген,

Байекенің қайтара алмай райын.

Аттыға жол, ауыздыға сөз бермей,

Жалғыз сүйреп жүрген адам қызайын.

 

Бақты асырып, тарататын өштікті,

Қазақ үшін қызыл сөзден жоқ күшті.

Ал жас Абай көңілінің түбіне,

Әке ақылын «Аманаты» деп бүкті.

Тобықтының жігіттері осылай,

Жәмеңкенің ауылына кеп түсті.

 

Қолдана алмай қалған тұста күшіңді,

Ақыл ғана оңға бастар ісіңді.

Әкесінің ішке бүккен шешімін,

Әрине, Абай сұрамай-ақ түсінді.

Қонақтарды қошеметтеп бай ауыл,

Он екі қанат ақ боз үйге түсірді.

 

Салтанатпен қаймықтырған қараны,

Байдың ісі байлығымен бағалы.

Ел ішіне желдей есіп сол күні,

Абай кепті деген хабар тарады.

Қонақтарын күте жүріп Жәмеңке,

Байекеге жауып жатты жаланы.

 

Алға сүйреп жүргеннен соң бір елді,

Жөн көрмеді тығырыққа тіреуді.

Байеке де тыныш жатпай жайланып,

Мықтап салу үшін дауға шідерді.

Аға сұлтан баласының мән-жайын,

Білмек үшін жігіттерін жіберді.

 

Ақиқаттың әділдік қой өтеуі,

Ақылдының түгенделер есебі.

Тәнті болмай амалың жоқ бүгінде,

Бабалардың даналығына кешегі.

  • Абай бастап он екі адам келіпті,

Деген хабар Байекеге жетеді.

 

  • Абай өзі жас болғанмен ұқыпты,

Елдік заңын көкейге нық тоқыпты

Он екі адам бөлек-бөлек жайғаспай,

Он екі қанат ақ боз үйге түсіпті.

  • Деп баяндап жігіттері жайменен,

Байекеге жауаптарын беріпті.

 

Оймен болжап жете алмайсың жалғанды,

Бұл жағдайға былайғы жұрт таңғалды.

Араздықтың түбі қырсық шақырар,

Шешу керек ақылменен жаңжалды.

Он екінің нені меңзеп тұрғанын,

Байеке де елден бұрын аңғарды.

 

Оңай, оспақ сыр шашпайтын біреуге,

Расында құпия көп бұл елде.

Соның көбін ұмыттырды амал не,

Қиын күндер келтірмеген күрмеуге.

Дәл он екінші күн болғанда Абайдан,

Шақырту да келіп жетті съезге.

 

Атырып ел көп қиялмен ақ таңды,

Тағы да бір қызық сапар басталды.

Ел басына түскен ауыр күнді ақтап,

Жеңу үшін сол бір қиын шақтарды.

Байеке де оңшең өжет, сөзге бай,

Он екі жігіт ертіп съезге аттанды.

 

Қиын шақта ел ішінен  ес кеткен,

Барлық жұмыс шешілмейді өш-кекпен.

Алымды ақыл жақындатып екі елді,

Бір ауыз сөз жауластырып от сепкен.

Байекенің жігіттерге жол бойы,

Сөзі мынау екен сонда ескерткен:

 

  • Бұл іс ойға салған тұста баршаны,

Кеңге салу жараспайды арқаны.

Халық айтса қалт айтпайды деген бар,

Құнанбайдай нар қасқаның, арқалы,

Ұлдарының  ішіндегі Абайын,

Әділетшіл деп жұрт мақтап айтады.

 

Жақсы болса қайырымды, ісі егіз,

Абай айтқан шешімменен бітеміз.

Ішке бүккен қандай сыры барлығын.

Оның ілтипатынан-ақ білеміз.

Ең алдымен істің бағып мән- жайын,

Абай түскен үйге біз де түсеміз.

 

Құбылатын сан бояуға күнде өңі,

Адамның да ішкі ойы бүрмелі.

Әкесінің атағына мас болып,

Шанағы тар, шалғырт болса білгені.

Бізді дұрыс қарсы алмайды, әрине,

Жәмеңкеге бұрып тұрса бүйрегі.

 

Жүрегінде жұртым деген жалын бар,

Жігіт болса, бізді дұрыс қабылдар.

Жауына да тік тұрып сәлем беретін,

Көшпенді елдің сондай ұлы заңы бар.

Ақбоз үйге кіргенде он екі төсекке,

Сендер барып орналасып алыңдар.

 

Міне, осылай пысықталды келісім,

Білмек болып істің оң мен терісін.

Абай жатқан ақбоз үйге кеп түсті,

Қалың жігіт бұзбай қатар, желісін.

Қарғып тұрып қарсы алды Абай қонақты,

Киюге де үлгірместен кебісін.

 

Өңшең сығай, өжет мінез, көрікті,

Жігіттері тобықтының келіпті.

Бәрі орнынан қарғып-қарғып тұрып кеп,

Байекеге бірден сәлем беріпті.

Осы орайда келген қонақ жігіттер,

Әр төсекке орналаса қойыпты.

 

Беу, не деген дарқан мінез, өрелі,

Абайға да осы еді керегі.

Кеменгерлер ішкі ойын айтпай-ақ,

Дәл осындай ишарамен сезеді.

  • Бұл ишара сен айтатын бітімге,

Байекенің келісемін дегіні.

 

Мұны көріп түсінді  Абай данышпан,

Келген топтың айтпақ ойын алыстан.

Ертеңінде көк төбенің басында,

Екі жақтың сөзін тыңдап алысқан.

Жәмеңкенің жүнін жығып сол жолы,

Елдің сөзін сөйлеп қайтты тарыққан.

 

Берекеге шақырып көп ел ішін,

Бөліп беріп әр рудың қонысын.

Екі бидің бітім алды қолынан,

Жауласуды тоқтататын жер үшін.

Салықты он екі айға бөліп төлейтін,

Сол съезде бекітілді келісім.

 

Дала заңы құпияң көп, сырың да,

Өткен солай сан ақылман бұрында.

Он екі жігіт қосып берген қасына,

Тапсырмасы осы еді Құнанбай ұлына.

Әке сырын түсінді Абай, әрине,

Байеке де сезді ертерек мұны да.

 

Қамын ойлап жарлының да, көптің де,

Ден қоятын жүйелі сөз, текті үнге.

Қара қалды қақ жаратын тәсілмен,

Иліктірген хан қаһарын, бектің де.

Сөзбен емес, ишаратпен жеткізген,

Мұндай мінез басқа елде жоқ мүлде.

 

Бұл бітімге риза боп әр жағы,

Одан ары дау-жанжалға бармады.

Ен далада еркін жүрген қазақтың,

Қиындығын шешім еткен алдағы.

Салықты он екі айға бөліп төлейтін,

Жаңа тәртіп, міне, осылай орнады.

 

Бұл съездің түрілгенмен етегі,

Белгілі еді оңай болмас өтеуі.

Бодан елдің борбайларын тоздырған,

Сорың қашан тарқар екен бес елі.

Абай елге қайтарында әдейлеп,

Байекеге хат қалдырып кетеді.

 

  • Байқап көрсем ақылменен көп жайды,

Мына өлке құтты мекен болмайды.

Ризығын теріп жейтін даладан,

Ел сыйғанмен, төрт түлік мал сыймайды.

Еліңе тән еркін қоныс таппасаң,

Тарқамайды қауымыңнан мұң, қайғы.

 

Жолаушы адам жортып жүріп олжа алар,

Дүние кең жайлы жерді таңдап ал.

Бүгін даудан жеңілгенмен Жәменке,

Басқа құлық сайлары хақ енді олар.

Үйсіндердің елдік құрған ежелгі,

Іле жаққа көшкендерің жөн болар.

 

Тұрар дейсің баста осы күн қанша,

Түрткі көріп ел намысы сынғанша.

Бұл міндетті орындайсың сен ғана,

Қиын ғой бұл бейбіт елің қиналса.

Қанша дәуір өтетінін кім білсін,

Енді өзіңдей тағы біреу туғанша.

 

Абай сөзін қалың қауым құп көрді,

Дана пікір жатақ елге күш берді.

Сол съезден он екі жыл өткенде,

Қызай көшіп, Іле жаққа кеп қонды.

Содан бастап мал мен басы тел өсіп,

Талай қызық, қуанышты өткерді.

 

Бабаларым, сендер басқан жол бұраң,

Болсадағы шындық отын жандырам.

Әр сөзіңнің қатпарына үңіліп,

Көкейіме парасатты қондырам.

Енді, міне, қаламыма жүк салдым,

Елге жетсін деген оймен мол мұраң.

 

Билік, байлық дәметпей-ақ өткенмен,

Ел мұрасын өмірібойы көп терген.

Осы жайды әкем айтқан кезінде,

Болашаққа жеткізем деп серт бергем.

Азамат боп жүргенімнің несі сән,

Аманатты атқара алмай кетсем мен.

 

Қашандағы бақыт – егіз, бақ – қылаң,

Көптен күткен тәуелсіздік атты таң.

Жаңаша оймен өре түсті желісін,

Жеткен тарих жеті қырдың астынан.

Бұл шындықты нақтылайтын міндетті,

Өскелең жас, енді саған тапсырам.

 

Эпилог орнына

 

1890 жылы Байеке қайтыс болып, келесі жылы Үш жүзге, Шахар моңғолдарына, Тұрпан ұйғырларына,  Ыстықкөл қырғыздарға сауын айтып, атақты Қаражон (ҚХР жақта) жайлауында ас береді. 400 ат бәйгеге шауып, 6 күн балуан күресіп, 40-тан астам ұлттық сайыс түрінен бәсеке өткен қазақ тарихындағы үлкен астардың бірі «Бәйекенің асына»  Абайға да шақырту жіберілген.  Үлкендердің айтуынша, Абай асқа келе алмағанымен, Байекеге арнаған жоқтау жазып жібереді.

Оның тек:

Үйсін, найман ішінде белгілі туған беренім,

Сырты күміс, іші алтын құлады гауһар тірегім.

Хабарың бар шариғаттан, кітап жолына зерегім,

Айырылдық сенен, арысқа құлаш ұрған ер едің, – деген шумағы бүгінге жетті.

Түсініктер:

  1. Іле өңірі– Іле өзенінің шығысындағы Іле Алатауы мен Жоңғар алатауының түйіскен тұсындағы ырысты өлке. Ежелгі Үйсін патшалығының мекені. 1881 жылығы «Ресей – Қытай шекара бектісу келісімі» бойынша Қытайға қарап қалады.
  2. Қызай– Үйсін Бәйдібек бидің екінші әйелі Домалақ (Нұрила) енеден туған қызы. Өз аты Күнбике. Шағыр, Тоқтар сынды екі күйеуінен туған Итемген, Меңіс, Бегімбет, Дербіс деген төрт ұлдың ұрпақтары анасының атымен Қызай елі атанады.
  3. Байеке– 1820-1090 жылдары өмір сүрген Қызайдан шыққан би. Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген білгір адам болған. Қаракерей Тана би мен аға сұлтан Құнанбайды жарастыруға,  Құнанбай абақтыға жабылғанда Алшынбаймен бірге оны құтқарып қалуға көп еңбек еткен. 1882 жылы Бұқаш, Сасан болыстармен бірге Қызайларды Тарбағатайдан көшіріп, Іле өңіріне қоныстандыруда үлкен еңбек сіңірді.
  4. 4. Съезд– 1870 жылы болған. Қай жерде өткені нақты емес. Бұл съезге аға сұлтан Құнанбай келмей, Абайды жібереді. 1865 жылы Тарбағатайға қоныстанған қызайлар Қара Айт, Сары Айт батырлардың бастауымен орыс отаршылдарына қарсы тұрып, алман-салық төлеуден бас тартқаны үшін Қара Айт батырды тұтқындап, Семей түрмесіне жапқанда Абай аудармашы болып, көп қолдау танытып, түрмеден босатылуына себепкер болыпты. Кейін Семей жақта бірнеше жыл бақылауда болып, еліне қайтқан. Қара Айт батыр абақтыда жатқанда Бәйекеге хат жазып, Абаймен таныстырған.  Абай мен Байеке осы съезде кездескен.

 

26 ақпан 2020 жыл, Талдықорған.

 

 

 

 

 

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 89
Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі
Әдебиет

Тарихтың түндігі – елімнің бірлігі

March 27, 2026
Өнер өзіңдікі емес, елдікі
Әдебиет

Өнер өзіңдікі емес, елдікі

March 26, 2026
Сүрінсеңде құлама
Әдебиет

Сүрінсеңде құлама

March 19, 2026
Өрт
Әдебиет

Өрт

March 13, 2026
Ымырт
Әдебиет

Ымырт

March 11, 2026
Жандардың ала күшігі
Әдебиет

Жандардың ала күшігі

March 5, 2026
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz