Q-Andas
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
  • Qazaq
  • توتە جازۋ
Q-Andas
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат
No Result
View All Result
Q-Andas
No Result
View All Result
Басты бет Өлкетану Мәдениет

Өнер мен өрліктің отауы

Жағатал ауылдық округінің орталығы Қазақстан ауылында жаңа блокты модульді мәдениет үйі өз есігін айқара ашты. Ауыл тұрғындары мен қадірлі қонақтар қатысқан салтанат ерекше қуанышпен өтті.

admin
2025/12/12
Мәдениет
0
Өнер мен өрліктің отауы

 

Салтанатты жиын басталғанда аудан әкімі Алмас Абдинов барлық ауыл тұрғындарын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа мәдениет үйінің ашылуы ауданның әлеуметтік‑мәдени дамуындағы маңызды қадам екенін атап өтті. Блокты‑модульді үлгіде тұрғызылған заманауи мәдениет үйі қысқа мерзімде салынып, ел игілігіне ұсынылды. Мекеме ауыл жастары мен бүлдіршіндерінің шығармашылық қабілетін дамытуға, тұрғындардың мәдени демалысын сапалы ұйымдастыруға зор мүмкіндік береді. Мұнда концерттер, үйірмелер мен ұлттық дәстүрді дәріптейтін іс‑шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған.

Мәдениет үйінің ашылу рәсімі қазақы дәстүрмен басталды. Ерекше безендірілген алаңға билбордтар, шарлар, кілем‑төсеніштер төселіп, шашу ұстаған әжелер мен лента қиюға дайын қыздар шықты. Фанфар үнінен кейін сөз алған аудан әкімі жаңа нысанды қолға алуда үлес қосқан барлық азаматтарға және мердігер компанияға алғысын жеткізіп, бұл еңбектің Тәуелсіздікті нығайтуға қызмет ететінін айтты.

Аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ерік Жуанышбаев ауыл тұрғындары атынан жылы лебізін арнап, ауылдың өркендеуіне тілектестік білдірді. Еңбек ардагері Амангелді Ахметжанов ақ батасын беріп, жаңа нысанның игілікті істерге толы болуын тіледі. Салтанатты рәсімнің маңызды сәтінде мәдениет үйінің лентасы қиылып, шашу шашылды. Қонақтар ғимарат ішін аралап, көрермен залы мен үйірме бөлмелерімен танысты.

150 орынға арналған көрермен залы бар бір қабатты мәдениет үйі 367,5 шаршы метр аумақты алып жатыр. Жобаның жалпы құны 209 млн 216 мың теңгені құрайды. Құрылысты “Электро‑Лидер” ЖШС мердігер компаниясы жүргізіп, авторлық қадағалауды “G6‑Project” ЖШС, техникалық бақылауды “AAT Engineering ХХІ” жүзеге асырған. Ғимаратты салуға тапсырыс беруші Алакөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі. Көркемдік қондырғылары мен дыбыс техникасы заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Ашылу рәсімінен кейін ауыл өнерпаздары мен аудандық мәдениет үйінің әртістері қатысқан мерекелік концерт өтті. Қазақстан ауылдық мәдениет үйінің директоры Ақылжан Адиков “Мен қазақпын” әнін шырқап, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Музыкалық жетекші Күнім Қалиева “Жастар” әнін орындады. Ауыл әжелер ансамблі “Ауылдың адамдары-ай” әнімен сахнаны әрледі.

Аудандық Зейнеп Қойшыбаева атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары да өнер көрсетті. Күлімхан Кәкімсеитова “Ақ көңіл қазағым-ай” әнін, отбасылық дуэт Жандос пен Ақбота Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурри ұсынды. “Мәдениет” этно тобы халық әндерінен попурри орындады. Кішікбаев Дидар “Алакөлім” әнін шырқаса, аудандық мәдениет үйінің әншісі Назия Исаева “Ауылым” әнімен мереке шырайын аша түсті. Концерт соңында қатысушылар ортақ әнмен финал жасады.

Қазақстан ауылы – берекесі мен бірлігі жарасқан, өнер мен мәдениеттің ордасы болған киелі мекен. Бұл ауылдан әлемге әйгілі жезтаңдай әнші Зейнеп Қойшыбаева, Жетісу облысы филармониясының дәстүрлі әншісі, мәдениет саласының қайраткері Сая Есенгельдинова және басқа да көптеген әнші‑күйшр, ақын мен сөз зергерлері шыққан. Аудан әкімі атап өткендей, жаңа мәдениет үйі ауылдың өсіп‑өркендеуіне, мәдениет пен руханияттың жандануына қызмет етеді.

Жаңа нысанның ашылуы елді мекеннің әлеуметтік‑мәдени өміріндегі айтулы оқиға. Көптен күткен мәдениет үйі ауыл жастары мен бүлдіршіндер үшін шығармашылықтың қайнар көзі болып, тұрғындардың бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік бермек. Ауыл өнерпаздары ұйымдастырған түрлі мәдени шара мен үйірмелер жергілікті жұртшылықтың рухани өмірін байыта түсетініне сенім мол.

Қажет АНДАС,

«Q–andas» ақпараттық агенттігі

Алакөл ауданы

0 0 votes
Рейтинг статьи
Қаралым 26
Жетісу архивінің жүйелі жұмысы
Мәдениет

Жетісу архивінің жүйелі жұмысы

March 5, 2026
Дін діңгек болсын десең…
Мәдениет

Дін діңгек болсын десең…

November 7, 2025
Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық
Мәдениет

Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық

October 29, 2025
«Біз де ғашық Болғанбыз?»
Мәдениет

«Біз де ғашық Болғанбыз?»

August 14, 2025
Қазақ шежіресі туралы
Мәдениет

Қазақ шежіресі туралы

August 19, 2025
Тойы көп үй
Мәдениет

Тойы көп үй

August 13, 2025
Subscribe
Login
Notify of
guest
guest
0 комментариев
Oldest
Newest Most Voted
Inline Feedbacks
View all comments
Мұқаншының Мұхиты

Мұқаншының Мұхиты

April 16, 2026

Біз үшін қастерлі есім

Біз үшін қастерлі есім

April 16, 2026

Шәкірт мақтанышына айналған

Шәкірт мақтанышына айналған

April 16, 2026

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

Жаркент уезі (1926 жылғы мәлімет бойынша)

April 16, 2026

Елдіктің жолы

Елдіктің жолы

April 16, 2026

Ақпараттық агенттігі

Меншік иесі: “Жетісу” өлкетанушылар орталығы” қоғамдық бірлестігі
Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы “Болашақ” шағын ауданы, 12-27

Q-Andas желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2025 жылғы 19 наурызда тіркеліп, № KZ21VPY00115275 куәлігі берілген.

Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

Тел: 8 747 706 1382
email: andas_kazhet@mail.ru

qandas.kz © 2025. Барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.

  • Qazaq
  • توتە جازۋ
  • Басты бет
  • Өлкетану
    • Білім
    • Денсаулық
    • Спорт
    • Елтану
    • Жартас суреттері
    • Қасиетті жерлер
    • Қоршаған орта
    • Шалғай ауыл
    • Әдебиет
    • Қуғын-сүргін
    • Көші-қон
    • Тарих
    • Тұлғатану
    • Туризм
    • Мәдениет
  • Арнайы жобалар
    • Турнир
    • Экспедиция
    • Конкурс
    • Грант
    • Конференция
    • Көрме
  • Мұрағат
    • Андас Омарақын ізімен
    • Ауесхан Мажайдың жәдігерлері
    • Бейнефильм
    • Галерея
    • Хаткерлік
  • Біз туралы
    • Әріптестер
    • Байланыс
    • Сайт әкімшілігі
    • PDF-мұрағат

© 2025 qandas.kz

wpDiscuz