1693 жылы Ғалдан-Серен қазақ даласына қалың қолмен басып кіргенде онымен бірінші рет бетпе-бет кездескен Қызылжар шайқасында қызы Күланда екеуі елді қорғап, жасанып келген жаудың алдын тосып, жүз қаралы жігітпен бірге ерлікпен қайтыс болған. Құдайназар қайтыс болғаннан кйеін Тойын анамызды Құттымбеттің ұлы Елтай әсенгерлікке аламын деп амаза бермейді. Сонымен Тойын шешеміз үш ұлы Жолымбет, Есенгелді, Солтангелдіні (үш жетім деп те аталады) еріп, бір түнде қайын жұрты Сарыүйсін (дулаттар) еліне жол тартады. Қара күздің күні бір жағына суыққа тоңыпа, бір жағынан қарындары ашып, ұлдары қыңқылдар жылай береді. Сонда Тойын анамыз: «Өлмеген құл алтын аяқтан ас ішеді» деп үшеуін жұбатады. Олардың келе жатқан хабарын есітген Тойын анамыздың туычстары ат алып шығып, жолдан күтіп алады. Сонымен Үш жетім Талас, Шу өзендерінің бойында балалық, жастық шағын өткізеді.
Бір жолы матай Қайып би мен дөртуыл Төбет би құн дауымен сары үйсін едліне барады.
Бұл әңгіме былай болады: Сары үйсін еліне жалшы болып жүрген қызайдың бір жігітіне бай асау байталды үйретуді тапсырады. Жаздай қысыр еміп, шу асау байталдың ерніне шұрай салып, мойнына екі тізесін соғатын тоқпақ байлап, арқасына жалпылдаған құрым киіз байлап, үркітіп, шаршатып, мінуге келтіреді. Әлгі байталы мініп ауылға беттеп келе жатқанда ескі жұрттағы қазыққа қонып отырған қарға жап етіп ұшқанда, байтал үркіп, үсітне жаба салған салма ербең етіп, байталдың үстіне қонады. Байтал мөңкіп, әлгі жігіт қалың қорым тастың үстіне жығылып, басы жарылып өледі. Сонымен матайдлар Қайып биге сауын айтып: «Сары үйсіннен азаматымыздың құнын алып берсін», – деп хабаршы жібереді. Матай жағы ердің құны жүз жылқы деген сөзінен танбайды. Ал екі елдің янтымағын ойлаған шапырашты Жарылқап би екі жақтың бір мәмілеге келіп, жазықты жақтың елу жылқымен бітісуін ортаға тартады. Осылай екі күн керісіп, ақыры Сары үйсін жағы даудан жығылып, айтыс бітейін дегенде, ұзын бойлы сары жігіт топтың шетіне жантайып отыра қалады да дау бұзылады. Бүл үш күн бойы сылай қайталанады. Бұны байқап қалған Қайып би төртінші күні әлгі жігітті шақырып, дауға билік айтуын ұсынады.
Сонда ол:
– Ердің құны жүз жылқы болатыны бүгінгінің заңы. Алайда, мұндағы дау төртеу. Оның біріншісі қазық пен қарға. Оған көшкенде қазықты жұлып кетпеген ауыл кінәлі. Екінші, асау байтал, үшінші – малайға бай үйі жарылқап кигізген жабағы ербек, төртіншісі – жанына адам қоспай жабағы байталды үйреттірген бай. Жүз жылқы осы төртеуіне бөлінеді. Қазық пен қарғаға жиырма бес, асау байтал мен ербекке де жирма бестен жылқы бөлінеді. «Иесіз табаққа ит үрмейді» осы жетпіс бес жылқыға кешірім, тек қалған жиырма бес жылқыны ғана бай төлеуге тиісті, – деп кесім жасайды.
Оның шешіміне сүйсінген Қайып би жігіттің кім екенін сұрастыра келіп, өзінің қаны екенін білгенде:
– Тұйғыным тұрғанда тырнаны, қаршығам тұрғанда қарғаны жоқтап қайтейін, – деп дауды тастап, Тойын анамызбен жылап көрісіп, Үйсіндерден Үш жетімді қалап алып, ауылына алып кетпекші болады.
Қазақта: «Нағашы жұрт сыншыл» деген сөз бар ғой. Осы жолы Жарылқап бастаған үйсін елінің билері Жолымбетке бақан ұстатып, Есенкелдіге найза, Солтанкелдіге ер-тоқым сыйлап қайтарады. Айтқандай, Жолымбеттің ұрпағынан кәсіпкерлер, Есенкелдінің ұрпақтарынан қол бастаған батырлар, Солтанкелді ұрпақтарынан сөз ұстаған шешен, билік ұстаған басшы, қалам ұстаған жазушылар көп шықты. Есенкелді 1760 жылы Абылайханның елшілерін бастап Цин империясының императоры Циян Лүннің Рыхыдағы жазғы ордасында қабылдауында болып, хан қонақасында отырып, алдыа алтындалған ыдыспен ас келгенде, жымиып күліп жібереді. Мұны байқап қалған хан нөкерлері «Бізден бір ағаттық кетті ме?!, – деп оның мәнісін сұрайды. Сонда Есенкелді би осы әңгімені айтып беріпті.
Абылайханның қырғыз Әтеке жырықпен соғысында Есенкелді мен Солтанкелдінің жер жағдайын жақсы білетінін ескеріп, шолғыншы қолды басқартқаны да осындай жағдаймен қатысты еді. Солтангелдінің күміс ері кейін қарашаңырақтың иесі, кенжесі Шәкіл ұрпақтарына қалып, ұрпақтан ұрпаққа сақталып келеді. 1960 жылдардағы Қытайдағы мәдени төңкеріс кезінде күресінге лақтырылып тасталған жерінен Әуесхан Мажайқызы тығып, сақтап бүгінге жеткізді.
Бұл ер өзінің тарихын ұзақтығымен емес, ондағы ер қасындағы күмістелген бөлігіндегі ою-өрнегімен де құнды. Қазақтың рю өрнектері ертеден үлкен ғылыми заңдылыққа ие. Әдетте, қазақ ерінің күміспен қапталған қасына түсірілген ою өрнек ерлер ерінің қасы, әйелдер ерінің қасы болып екі түрге жіктеледі. Ол негізінен бір сызықты ою өрнектер тобына жатқызуға болады. Бұндағы өрнектің бірі ай, енді бірі штар форымдас болып келеді. Әйелдер ерінің қасына үш не бес жерден көз орналастырылып, ерлер ерінің қасы бір сызықты немесе қос сызықты желі өрнекмен жиектеледі. Солтанкелді бабадан қалған ердің қасындағы күмістелген бөлігі ер адамның ерінің ою өрнектеріне сәйкес келіп тұр. Бұл ер этнограф ғалымдардың, жас зерттеушілердің ары қарай зерттеуі үшінде табылмайтын жәдігер санатында.
https://kazneb.kz/kk/catalogue/view/1657755
Q-Andas ақпарат











